География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет6/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ауытқымалы жерлердің (18 Бк/кг астам) негізгі ауданы Шу өзенінен солтүстікке қарай бағытталған жерлерде орналасқан. Ол ластанудың кішігірім аумағы, жер бетінде орташа тығыздығы 0,19 Ку/км2, өлшемі 50 х 180 км, таралуы оңтүстіктен шығысқа қарай өзгереді. Оның айналасында өлшемі 10 х 20 –дан 15 х 60 км-ге дейін жететін бірнеше ластану таңдақтары бар, олардың жер беті тығыздығы 0,33 Ки/км2. 30 астам аномальды үлгілерде (25 Бк/кг асып түсетін Cs-137) S – 90-ның радиохимиялық анықтамасы жасалды. Sr-90/ Cs-137 орташа қатынасы 0,61. Барлық үлгілерді Со-60-тың белсенділігі 5 Бк/кг.

Сонымен белдеудің тұрақты сызықтық өлшемдері 300 х 50 –100 км. Негізгі радиациялық параметрлері бойынша Cs-137 және S – 90 шоғырлануымен ластану таңдақтары басқа белдеулерден ерекшеленбейді. Бірақ мұндай шоғырланған сызықтық атмосфералық түсулер полигоннан 800-900 км қашықтықта болған деген көзқарас мүмкін емес. Ластанудың тағы бір көзі ретінде. Шу-Сарысу уран рудалы провинциясының тереңдік құрылысын зерттеу үшін 19.09.1983 жылы 640 м тереңдіктер қуаттылығы 10 кт ТНТ ядролық жарылыс жасалды. Ядролық заряд төменгі пермь дәуірінің аргиллит және алевролит қабатында орын алған. Жер бетінен 400,7 м тереңдікке қарай цемент көпір орналастырылды. Осы арқылы келесі мәлеметтер белгілі болды:

қалыптасқан қуыстың радиусы – 36 м;

пластикалық бұзылу (деформация) зонасының радиусы – 300 м;

опырылу бағанасының биіктігі 200 м;

қуыс көлемі – 19 5000 м3.

Жер бетінің урандық радионуклидтерімен (Ra-226, Rn – 222, Pb –210, Po – 210) және т.б. ластануы бұрғылауларды дұрыс қолданбауынан пайда болады. Сонымен қатар жер асты суларының жер бетіне шығуы және радионуклидтердің көп мөлшері еңістелген жер бедерінің топырақтарында жиналуы Rn – 222 мен оның ыдырау өнімдері атмосфераға шаңдану арқылы ішкі және сыртқы шамадан тыс сәулелендіруіне алып келеді.

Топырақтағы радионуклидті ореолдар масштабы негізінен элементтің судағы мөлшеріне, жер бетіне төгілу уақытына және жер бедеріне, топыраққа байланысты. Олардың биосфераға әсерін анықтау және жергілікті халықтың шамадан тыс сәулеленуін есептеу жер бетіндегі экспозициялық мөлшерінің қуаттылығына және топырақтың жеке радионуклидтерінің белсенділігімен салыстырмалы альфа белсенділігінің мәндеріне байланысты осы өлшемдер бойынша ластанған грунттардың Ra-226 бойынша 10 Бк/кг, немесе құрамы күрделі радионуклидтің салыстырмалы альфа белсенділігінің қосындысы арқылы шекарасы анықталады.

Ауданның ластану деңгейін анықтау ізденіс радиометр арқылы жасалады. Ол белгіленген деңгейлердің экспозициялық мөлшерінің көлемін анықтайды Ra-226 –нің негізгі компонентінің белсенділігі мен мөлшерінің қуаттылығы арасындағы байланысты анықтау үшін өлшемдерінің нәтижелерін салыстыру керек.

Ұйық палеоген горизонтынан төгіліп жатқан судың құрамында мына радиациялық өлшемдер бар:

альфа белсенділігі -12 Бк/дм3;

салыстырмалы бета белсенділігі – 3,3 Бк/дм3;

уран шоғыры – 2,3 мкг/дм3;

Ra-226 белсенділігі – 3,4 Бк/дм3;

Rn – 222 белсенділігі – 9,6 Бк/дм3;

Ra-228 белсенділігі – 0,8 Бк/дм3;

Pb –210 – 0,48 Бк/дм3;

Po – 210 – 0,43 Бк/дм3;

Көп жылдық төгілу нәтижесінде жер бетінде белсенділігі 1400 мк Р/сағ. ластану таңдағы пайда болды, оның аудандық өлшемі;

33 мк Р/сағ. артық -3 га;

100 мк Р/сағ. артық -0,9 га;

150 мк Р/сағ. артық -0,3 га;

200 мк Р/сағ. артық -0,1 га.

О – 10 см, 10-25 см және 25-50 см тереңдіктер интервалында жүргізілген зерттеулер арқылы Ra-222 және Pb –210 салыстырмалы альфа белсенді екені анықтады, сонымен қатар Pb –210 бета -сәулелендіргіш бола отырып, зиянды радиациялық альфа сәулелендіргіш – Pо –210 –ды қалыптастырады, оның ыдырау мерзімі – 138 тәулік.

Топырақты ластайтын радионуклидтердің құрамы мен өзгеруін алынған үлгілер бойынша көруге болады (1-кесте).


1-кесте. Топырақты ластайтын радионуклидтер


Үлгi


Шоғырлануы мк/кг
Белсендiлiгi Бк/кг

U

Th



Th-230

Ra-226

Rb-210

Ra-228

1

8

10

69*103

 8140

9659

2148

101

2

8

16

12,8*103

1648

1981

732

39

3

8

13

13

831

747

463

42



Бұл жерде альфа-белсенділіктің, оны құраушы бөліктерінің арасындағы айырмашылықтар Rn – 222, Po – 218, Po – 214, Po – 210, элементтерінің өнімдері тез ыдырап кетуіне және гамма – спектрлік әдіспен анықтауына байланысты.

Өсімдіктегі радионуклидтердің түсу жолы осы жердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Мысалы, құрақтың құрамында күлдің белсенділігі 1100 мк Р/сағ;


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет