География кафедрасы


альфа – белсенділігі 22600 Бк/кг



жүктеу 0.76 Mb.
бет7/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

альфа – белсенділігі 22600 Бк/кг;

бета – белсенділігі – 6600-9900 Бк/кг;

Ra-226 – 7000-10000

Ra-228 – 80-160

Уран мен торийдің шоғыры – 10 мк/кг және 5 мк/кг.

Құрамында радионуклидтердің шамадан тыс мөлшері өсімдіктердің биологиялық жағдайын өзгертеді. Ал ол өз алдына малға жем болып, мал организміне зиян келтіреді, ең соңында уланған мал өнімдерін пайдаланған адам қатерлі ауруларға ұшырайды.

Сонымен, радионуклидтердің қарқынды түрде шоғырлануы мына биологиялық тізбек арқылы жүреді өсімдік-жануар-адам. Сонымен қатар төгіліп жатқан бұрғылаулардың айналасынада өскен қамысты адамдар құрылыс материал ретінде пайдаланады, бұл қосымша ішкі және сыртқы сәулелендіруді туғызады.

Төгілу үрдісі кезінде топырақтың және өсімдіктердің ластануы жыл сайын артып келеді.

Сондықтан бұрғылаудағы төгілуді тоқтатып, жер бетінің рекультивациясын тез арада жасау керек, себебі радионуклидтердің көлемі өсіп, қоршаған ортаға әсері күшейе түседі.

Қауіптілігі жағынан екінші топқа жататын металдардың ішінде таллий өте улы, тұщы судағы оның мөлшері 0,1 мкг/дм3 –тан аспау керек. Таллийдің суда таралуын анықтау мүмкін емес.

Таллийдің өте көп мөлшері (4,0 мкг/дм3) Тасты аумағындағы үш бұрғылаудан анықталды, 2-ші бор гаризонтында, 1-ші палеоген гаризонтында орналасқан [3]. Сонымен қатар қауіптілігі жағынан 2 топқа жататын басқа улы элементтер ішінде кадмий, селен, стронций ореолдарының көрсеткіші ШРК-дан бірнеше есе көп. Олар Буденов кен орнына тән. Тасты ауданында бор гаризонтының суларында кадмий мен қорысын, стронций таллийдің кешенді ореолдары кездеседі.

Мышьяк, молибден, аллюминий, бор, сурьма, никель және марганец шоғырлары ШРК-дан аспайды.

ІІ тарау. Шу-сарысу ойпаҢының геоэкологиялық аудандастырылуы



2.1. Шу-Сарысу ойпаңы геоморфологиялық жүйесінің геоэкологиялық жағдайы

Адамзат қоғамы даму барысындағы қарқынды өндірістік-шаруашылық әрекетттер табиғи ортаға айтарлықтай ықпал етті. Осы адамзат пен табиғат арасындағы өзара ықпалдасу қазіргі замандық геоэкологиялық жағдайды анықтайды. Геоэкологиялық жағдай табиғи және антропогендік факторлардың өзара әрекеттілік нәтижесінде қалыптасады.

Геоэкология табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайын физикалық-геоэкологиялық провинциялар, аудандар, ландшафттар, т.б. деңгейде зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандастыруға басты негіз жалпы ғылыми физгеографиялық аудандастыру бола алады.

Экологиялық жағдайы зерттеліп отырған аймақтардың табиғат қасиеттерінің бірдей болуы, осы геожүйелерді тұрақтандыру мен табиғатын қорғауға бағытталған шаралар жүйесінің бірдей болуына мүмкіндік тузызады.

Физгеографиялық аудандастырудың мақсаты – барлық табиғи жағдайының ұқсастығы мен айырмашылығы негізінде жер бетін бір-біріне ұқсайтын табиғи аймақтарға бөлу. Геоэкологиялық аудандастырудың алғашқы қезенінде де негізгі мәселе осы.

Физгеографиялық аудандастырудың геоэкологиялық мақсатта қолданылатын ең тиімді көрсеткіші ретінде генетикалық (шығу тегі бойынша) қағида алынады. Бұл қағида территорияның түрлі деңгейдегі елдер, зоналар, провинциялар, округтер, аудандар (ландшафттар) табиғи аймақтық бірліктерге физгеографиялық жіктелуінің себептерін, уақытын, сипатын анықтайды.

Табиғи ортаның өзгеруін ғылыми тұрғыдан болжау үшін кешенді геоэкологиялық аудандау әдісі қолданылады, яғни техногендік әрекеттілік нәтижесінде геоморфологиялық жүйе тұрғысынан экологиялық жағдайын бағалау. Картографиялау арқылы геоморфологиялық жүйе аудандарын белгілеу. Мұндай аудандар техногендік жүктеме сипатымен және қауіпті қазіргі бедер құрушы процестердің қоздырылуы мен техногендік жүктемелерге қарсы қойылатын тұрақтылық көрсеткіштерімен сипатталынады. Табиғи ортаның, оның ішінде бедерге түсетін антропогендік жүктеменің дәрежесін экологиялық кернеулік дейміз. Шу-Сарысу өндірістік аумағын экологиялық бағалаудың зерттеу жұмыстары жүйелі тәсілдерге негізделген, сонымен қатар табиғи және техногендік факторларды кешенді талдауда зерттелу аймағының геоэкологиялық жағдайын анықтайды [11]. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысында табиғи ортаның кернеулік деңгейлеріне байланысты зерттелу аймағы шамалы әрекетті, әрекетті және тым әрекетті экологиялық аудандарына жіктеледі.

Антропогендік жүктемені анықтайтын факторлар бойынша келесі аудандар тармақтарына бөлінеді. Бұл экологиялық аудандар тармақтары келесі геоэкологиялық сипаттармен ерекшеленеді (Сурет 2).



Сурет 2 – Шу-Сарысу аймағының экологиялық-геоморфологиялық жағдайының кернеулігі бойынша аудандау сұлбасы (құрастырған автор)



1. Құмкөл жазық, мұнай өндіру аудан тармағы. Мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, жол құрылысы, мал шаруашылығы. Ұсынылатын іс-шаралар: қалдықсыз және қалдығы аз технология, жасыл құрылысы, радиациялық қауіпсіздік, жер мелиорациясы, экологиялық шаралар, технологияны экологияландыру.

2. Бетпақ дала шөл провинциясы (мал шаруашылығы). Бетпақ дала платосында, Шу, Сарысу өзендерінің төменгі ағысы мен Балқаш көлінің батыс жағалауы аралығында орналасқан. Маусымдық орындардың, яғни көктемгі-күзгі жайылымдар және отарлы мал шаруашылығының дамуы, тұрақты халықтың жоқтығы, ұзақ уақыт бойына «Сарышаған» әскери-сынақ полигоны ретінде қолданылуына байланысты табиғи ортаның шамалы әрекетті деңгейімен ерекшеленеді.

Табиғи ресурстары мен экономикасы:

Көктемгі-күзгі жайылымдар, кейбір жерлерде – отарлы мал шаруашылығы. Тұрақты халықтың жоқтығы. Территориясының бір бөлігінің ұзақ уақыт «Сарышаған» әскери-сынақ полигоны ретінде қолданылуы.



Экологиялық табиғи факторлар:а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – атмосфералық жауын-шашынның мөлшерінің өте аздығы, тығыз тасты-сазды топырақ-грунттардың басымдығы, табиғи шөп жамылғысының сақталуы; б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – климаттың өте құрғақтығы, өсімдіктің сиректігі мен кешенділігі, су ресурстарының жоқтығы, табиғи-антропогендік шөлдену үрдісінің белсенділігі.

Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Ландшафттардың экологиялық бұзылу көріністері шөлдену үрдісімен тығыз байланысты. Соңғы уақытқа дейін Сарышаған әскери-сынақ полигоны ортаны нашарлатушы фактор болды.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:1. Сарыағаш әскери-сынақ полигоны Балқаш көлінің батыс жағалауына шектесетін Бетпақ дала тасты-қиыршық тасты шөлінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр (Сарышаған поселкесі). Полигонның ұзақ қызметінің экологиялық салдары белгісіз.

Қорықтық объектілер:а) қазіргі бары– қорықтық нысандар қазірге жоқ; б) ұсынылатын – Бетпақ дала қорығы. Бетпақ даланың орталық бөлігіндегі таулы шоқылы алқаптарын, тұзды Қарамойын көлі қазан-шұңқырын, Жетіқоңыр құмдарының бір бөлігін, аридті ландшафттардың түрлі эдафиттік түрлерін қамтиды.

3. Мойынқұм (мал шаруашылығы, урбаөнеркәсіпті) кешені. Шу өзені аңғарымен, Мойынқұм құмдарымен Шу ойпаңын және Қырғыз жотасының бөктерлік жазықтарының бір бөлігін қамтиды (абсолюттік биіктігі 130-660 м) Ұялы және қырқалы құмдар басым. Шу өзені аңғарында екі жайылмалық террасалар мен кең жайылма айқын көрінеді. Мойынқұм құмдары осы құмдарға сіңіп жоғалатын Шу, Талас өзендерінің ағынының салдарынан жақсы суланған (Ақжайық, Ақжар, Тұзкөл көлдері). Климаты құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы – -5,1-9,6°С, шілдеде 23,4°С жақын. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 170 тен 300 мм дейін (тау бөктерінде). Шу өзенінің аңғарында қамысты шалғынымен, тоғайларымен шалғынды және шалғынды-сортаңды топырақтар дамыған. Мойынқұм құмдарында сұр жусанды-сексеуілді, теріскенді-еркекті және бұталы кешендері басым.

Кешен аумағында қуатты химия өнеркәсібі дамыған (суперфосфат шығаратын зауыттар) Қаратау –Жамбыл өнеркәсіптік ауданы орналасқан. Шу, Талас өзендері аңғарларында суармалы егістік алқаптары бар. Көктемгі-күзгі және жыл бойы қолданылатын (құмдарда) жайылымдар.



Экологиялық табиғи факторлар:а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – құмдардың жеткілікті сулылығы, олардың өсімдікпен бекітілгендігі, тау бөктеріндегі жазықтарда өзендердің көптігі; б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – табиғи-антропогендік шөлдену үрдістері малды шектен тыс жаю салдарынан өсімдік бұзылуы, құмдақты топырақ-грунтының жел эрозиясына бейімділігі, транзитті Шу, Талас өзендері ағынының мерзімдік күрт өзгеруі.

Экологиялық бұзылу деңгейі – қанағаттанарлық. Тараз өнеркәсіп торабында экологиялық шиеленісу деңгейі жоғары. Шу, Талас өзендерінің өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылық ағын суларымен ластануы, өзен ағынының Қырғызстан территориясынан трансшекаралық ластануы.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

3а. Шу өзені аңғары. Қазақстанда бұл өзен тұстамасының тұйықтау бөлігі орналасқан. Ластаушылардың бір бөлігі – органикалық заттар (1,6 МШК), мұнай өнімдері (1,4 МШК) – Қырғызстаннан трансшекаралық жолмен тасымалданады. Суды пайдалану қарқынының өсуі нәтижесінде өзен бөлшектенген, шаруашылық-тұрмыстық және ауылшаруашылық ағын сулармен ластанған. Суармалы жерлердің қайта сорлануы, шалғынды-жайылымдық өсімдік нашарлауы орын алған. Экологиялық нашарлау деңгейі шиеленіскен. Өзен нитраттар, нитриттермен ластанған.

3ә. Биелікөл көлі. Асса өзенінің төменгі ағысында орналасқан, Тараз қаласының рекреациялық зонасы. 1990-95 жылдарда Талас-Асса каналы арқылы Тараз қаласының өнеркәсіптік апаттық ағын сулары бірнеше рет ағызылған (фосфаттардың шоғырлануы 194 МШК жетті). 1992 ж фторидтер 3,7 МШК, мыс 10 МШК, цинк 2,6 МШК, фенолдар 12 МШК жетті.

Қорықтық объектілер:а) қазіргі бар – Ащысай қаумалы Мойынқұм құмдарының солтүстік бөлігін, Бетпақ даланың оңтүстігін алып жатыр, Шу өзені аңғарымен шектеседі; б) ұсынылатын – Мойынқұм қорығы. Мойынқұмның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ландшафттары: ақ сексеуілді төбелі және төбелі – қырқалы құмдар. Табиғат қорғау қызметінің негізгі нысаны – бөкендерді қорғау және оның басын көбейту. Мойынқұм - осы бағалы кәсіптік жануардың оңтүстік Қазақстандағы негізгі қыстауы болып саналады.

4.Жамбыл тау бөктері – жазық, урбаөнеркәсіптік. Мал шаруашылығы басым, тәлімі жер және суармалы егіншілік ошақтары. Қырғыз жотасының етегінде қоршаған ортаға жанжақты кері әсерін тигізетін Тараз өнеркәсіптік торабы орналасқан.

Экологиялық табиғи факторлары:а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – өз беткейлерінде жауын шашынды жинақтайтын Қырғыз жотасының тосқауылдық ролі; ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – тау беткейлерінің тіктігі, сумен нашар қамтамасыз етілуі, зрозиялық қауіптілігі, сейсмикалық қауіптілігі.

Қазіргі экологиялық жағдайы. Тараз өнеркәсіптік торабында экологиялық орнықсыздануы деңгейі - шиеленіскен, провинцияның басқа бөлігінде –қанағатанарлық. Экологиялық бұзылудың негізгі факторы- Тараз қаласы мен онда орналасқан химия өнеркәсібі, жазықтарда – топырақтың су және жел эрозиясы, жерлердің қарашіріктен арылуы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары - жоқ. Қорықтық нысандар - жоқ.

Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық аудандардың экологиялық жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бұл қоршаған ортаға антропогендік әсер факторларының кеңістікте орын алу түрлілігінің айғағы.

Техногенез қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Оның кері әсерінің белгісі – кең байтақ территорияның табиғатының экологиялық бұзылуы. Келеңсіз экологиялық жағдайлар, табиғаттық экологиялық нашарлауы адам тіршілік жағдайының, денсаулығының нашарлауына, табиғат ресурстарының жұтауына немесе жойылуына, геожүйелердің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі.

Табиғаттың экологиялық бұзылуы ластаушы заттардың сандық құрамымен қатар сапалық құрамына да байланысты. Ол белгілі аймақта қоршаған ортаны ластаушы өндіріс орнының ластау көлемі мен сипатына байланысты.

Экологиялық тұрақтылықтың бұзылуы – адам тіршілігіндегі қажеттілік пен өнеркәсіп технологиясы мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеру нәтижесі. Бұл табиғи – антропогендік (геоморфологиялық) жүйелерде экологиялық дағдарыстар туғызады.

Гео(эко)жүйе құрылымындағы экологиялық дағдарыс жағдайының себептері мен формалары: қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану; шектелген ауданда шаруашылық нысандардың шоғырлану дәрежесінің жоғарылығы және урбанизация; биосфераның зиянды қалдықтармен ластануы; адам өмірі мен демалысына қолайлы территорияның қысқаруына байланысты табиғи-рекреациялық ресурстардың жұтауы.

Геожүйеге антропогендік әсер ету үшін оның техногенезге тұрақтылығын ескеру қажет екендігі анық. Тұрақтылық дегеніміз – материалды жүйенің оны тепе-теңдік жағдайынан шығаруға бағытталған күштерге қарсы тұру қабілеті. Географияда тұрақтылық дегеніміз – ландшафттардың немесе кез-келген табиғи-антропогендік жүйенің қоршаған ортаның өзгеріп тұратын геодинамикалық жағдайында өз құрылымын және тіршілік ету қасиеттерін сақтау қабілеті. Геоэкологиялық тұрақтылық – геожүйенің техногенезге өз қоршаған ортасының экологиялық жағдайын қолайлы етіп сақтай отырып, қарсы тұру қабілеті. Табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығының қатты нашарлау дәрежесіне дейін бұзылуы, әдетте бірнеше антропогендік (техногендік) факторлар әсерінен болады. Осыған байланысты геожүйе тұрақтылығының маңызды қасиеті – табиғаты экологиялық бұзылуға ұшырағаннан соң өзін-өзі реттеу, өздігінен қалпына келу қасиеттері.

Қазіргі геоэкологиялық жағдайы оның елеулі алуан түрлілігімен сипатталады. Геоэкологиялық аудандардың басым бөлігіне қоршаған ортаның экологиялық нашарлауының қанағаттанарлық деңгейі тән.

Геоэкологиялық аудандардың экологиялық жағдайы біркелкі емес. Геоэкологиялық қолайлы жағдай фонында барлық жерде дерлік экологиялық нашарлау деңгейі жоғары немесе керісінше төмен оқшау орналасқан ошақтар кездеседі. Әдетте олар қалалар, территориялық өндірістік кешендер, кен өндіру өндіріс орындарымен байланысты.

Геоэкологиялық деректерді сараптай отырып, Шу-Сарысу ойпаңында геоэкологиялық анклавтарды бөлдік. Олардың әрқайсысы өзі орналасқан геоэкологиялық провинцияның қолайлы экологиялық фонында экологиялық бұзылу деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Сондықтан осы анклав кеңістігінде қоршаған ортаны экологиялық қалпына келтірудің шұғыл шараларын іске асыру қажет. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа адам әсерінің салдарын алдын-ала білудің геоэкологиялық қағидалары мен әдістерін әрі қарай дамыту маңызды.


2.2. Шу-Сарысу ойпаңын геоэкологиялық аудандастыру

Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқса-майтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы территорияны табиғи аудандастырумен айналысқан ғалымдарды түрлі ғылыми тұжырымдар жасауға мәжбүр етті.

Геоэкологиялық аудандастыру негізіне Қазақстанның Б.А.Федорович [12], Н.А.Гвоздецкий мен В.А. Николаев [12] ұсынып, А.В.Чигаркин [13, 14, 15] толықтырған табиғи аудандастыру үлгісі алынды.

Авторлар аймақтар атауларына елеулі өзгерістер, шекараларына, табиғаты мен экономикасы туралы деректерге анықтамалар енгізді. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен табиғатты қорғауға байланысты мәліметтер алғаш рет беріліп отыр. Физикалық географияда бұрыннан қолданылып келе жатқан таксономиялық бірліктер жүйесі қабылданған: физикалық-географиялық елдер, зоналар мен провинциялар. Ең төменгі бірлігі - геоэкологиялық анклавтар.

Геоэкологиялық аудандастыру үлгісінің арнайы мазмұнының негізінде Қазақстанның белгілі табиғи шаруашылық аймақтарындағы экологиялық жағдайдың шиеленісу белгілері жатыр. Экологиялық жағдай алдымен 1994 ж. А.В.Чигаркин жасаған Қазақстанның геоэкологиялық (ландшафттық – экологиялық) картасы негізінде жасалды. [16]. Осы ландшафттық-экологиялық картаны құрастырғанда адамды қоршаған экологиялық қолайлы жағдайды сақтауды қамтамасыз ететін кейбір ингредиенттердің ауадағы, судағы және топырақтағы шектеулі шоғырлану шегі (ПДК) (концентрациясы) ескерілген. Бұл интегралды көрсеткіштер Мүмкіндігінше Шектелген Экологиялық Жүктемені (МШЭЖ) сипаттайды [17] (ПДЭН).

Қазақстанның геоэкологиялық картасының негізіне салынған экологиялық ақпаратты кешенді сараптау нақтылы мәліметтерді геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуі – адам тіршілігінің қалыпты жағдайының өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы не таусылуы, геожүйенің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиетінің төмендеуі не жоғалуы. Келеңсіз экологиялық жағдайдың себебі, әдетте, антропогендік, сирек жағдайда табиғи үрдістер нәтиежінде табиғи кешендердің экологиялық деңгейлерінің нашарлауы болып табылады (2- кесте).

2- кесте. Шу-Сарысу геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейлері




Экологиялық бұзылу деңгейі

Табиғи ортаның экологиялық

Бұзылу критерийлері



Балл

1

Апатты

Табиғат компоненттерінің қөпшілігінің терең, қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырауы

5

2

Қауіпті

Табиғат компоненттерінің көпшілігінің терең, бірақ қалпына келетін өзге-рістерге ұшырауы.

4

3

Шиеленіскен

Табиғаттың кейбір компоненттерінің елеулі, бірақ қалпына келетін келеңсіз өзгерістерге ұшырауы.

3

4

Қанағаттанар-лық

Табиғат компоненттері құқрылымы-ның елеулі, бірақ қалпына келтіруі жеңіл өзгерістерге ұшырауы.

2

5

Қолайлы

Келеңсіз экологиялық өзгерістердің болмауы

1

Экологиялық бұзылуды бағалау көрсеткіштерін таңдау геожүйелерді жіктеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бұзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей ша-ралар жүйесін жасауға жағдай туғызады [18].

Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық аудандастыру үлгісінде 2 физгеографиялық ел бөлінген, олар 6 геоэкологиялық провинциялардан тұрады (3-кесте). Провинция атауларында экологиялык жағдайды анықтайтын негізгі табиғи және антропогендік факторлар, оның ішінде табиғи зоналылық, экономика мен табиғи ресурстарды пайдаланудың басты бағыттары көрсетілген.

3-кесте Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық аудандастырылуы


Физгеографиялық

Геоэкологиялық провинция

ел

зона

таулы аудан

1

2

3

4

А.Сары-арқа (Қа-зақтың ұсақ шоқысы)

шөлейт, шөл



1. Сарысу-Қызылжар шөлейт (мал шаруашылығы, кен өндіру)



2. Қызылтас шөлейт провинциясы (мал шаруашылығы)

3. Бетпақ дала шөл (мал шаруашылығы)

4. Мойынқұм шөл провинциясы (мал шаруашылығы – урбаөнеркәсіпті)



Б.Тянь-Шань таулы




Солтүстік – Тянь-Шань

5. Шу-Іле таулы (мал шаруашылығы).

6. Қаратау таулы (мал шаруашылы-

ғы, кен өндіру).


Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық провинцияларына қысқаша тоқталып кетейік. Провинциялар мен геоэкологиялық анклавтардың табиғи-экологиялық қасиеттеріне сипаттама бергенде [19, 20, 21, 22, 23] ғылыми еңбектерімен қатар А.В.Чигаркиннің [14, 17] мәліметтері қолданылды. Қоршаған орта жағдайы туралы деректер табиғат ресурстары және қоршаған орта министрлігінің 1996-2000 жылғы [24, 25] және басқа да мәліметтерден алынды. Кейбір табиғи-антропогендік нысандары бойынша мұндай деректер жоқ.

А. Сарыарқа елі (Қазақтың ұсақ шоқысы)

Қазақтың ұсақ шоқысы, Қазақ қатпарлы өлкесі, Қазақ таулы қыраты деп те аталады. Каледон (батыс бөлігі) және герцин (шығысы) орогенезінде пайда болған көне таулы ел. Геологиялық құрылымы алуан түрлі. Түрлі уақыттың және литогендік құрылысы да түрлі – шөгінді жыныстардан интрузивтік жыныстарға дейінгі тау жыныстары кездеседі.

Кең территорияға созылып жатқандықтан Сарыарқа-да 4 белдеулік зона бар: орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары.

Шығу тегі көрсеткіштері мен табиғат жағдайы кешендеріне байланысты 4 геоэкологиялық провинцияға бөлінеді, оның әрқайсысы жер бетіне палеозой және палеозойға дейінгі тасты тау жыныстарының шығуымен немесе палеозойлық қатпарлы фундаментінің терең еместігімен сипатталады. Провинцияларда минералды шикізат ресурстары бар, олардың кейбірі өндіріледі. Табиғи ландшафттардың көп бөлігінің техногендік бұзылуы – тау-кен өнеркәсібі қызметінің экологиялық салдары болып табылады.

1. Сарысу – Қызылжар шөлейт провинциясы (мал шаруашылығы –кен өндіру)

Теңіз көлі мен Сарысу өзенінің су айрығында орналасқан. Девон құмтастары, конгломераттары мен карбонның әктасы, доломиттерінен тұратын ұсақ шоқылы жазық. Сарысу-Теңіз тектоникалық көтерілімне сәйкес. Абсолютті биіктігі 450-500 м. Ақтау тауы сияқты (1133 м) оқшау арал-дық тау жұрнақтары кездеседі.

Климаты: құрғақ, қаңтардың орташа температурасы -15-17°С, шілде айынікі 22-23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150-200 мм.

Қармен қоректенетін шағын өзендер жазда кеуіп қалады. Жақсықоң, Жаманқоң, Ащылы өзендері Теңіз көліне құяды, ал Сарысу өзені алабына Атасу, Сарыкеңгір өзендері жатады.

Ландшафттары тасты жусанды - бетегелі және жусанды - селеулі - бетегелі бұталы даласы бар ұсақ шоқылы, қыратты - жонды жазықтар. Ашық-қызғылт топырақтар мен шөлді далалық сортаңды кешендері басым.

Табиғи ресурстары мен экономикасы:

Жезқазған полиметалл кен орны. Оның базасында рудниктер ірі Жезқазған кен байыту комбинаты және мыс балқыту зауыты («Қазақмыс» АҚ) жұмыс істейді. Темір - марганец рудаларына бай кен орындары (Қаражал, Жәйрем).



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісулерді тежейтін - тасты- қиыршық тасты топырақ түрлері, топырақ - өсімдік жамылғысының аз бұзылуы, өзендердегі көктемгі су тасудың биіктігі.

б) экологиялық шиеленісулерді күшейтетін - пайдалы қазба кен орындарын игеру, жер асты суларының тапшылығы, топырағының құнарсыздығы, өсімдіктің сиректігі, жер беті су ресурсының шектеулілігі.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Жезқазған өнеркәсіптік ауданының қоршаған ортаға үлкен әсері, ірі өнеркәсіптік үйінділер мен карьерлер, жер беті сулары мен топырақтың ластануы, экологиялық нашарлау деңгейі жоғары.



Экологиялық шиеленісу көздері:

Жезқазған өнеркәсіптік ауданы мен Қаражал - Жәйрем өнеркәсіп торабы. Кен өндіру өнеркәсібі мен түсті металлургия өндіріс орындары. Жергілікті су арналарындағы су шаруашылық құрылыстары. Малды шектен тыс жаю салдарынан жайылымның нашарлауы. Антропогендік шөлдену.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Жезқазған урбанөнеркәсіптік аймағы. Жезқазған, Сәтпаев қалаларын, Никольский поселкесін, кен өндіру өнеркәсібі (полиметалл рудалары) мен түсті металлургияның (Қазақ мыс компаниясы) қуатты өндіріс орындарын біріктіреді. Экологиялық нашарлау деңгейі жоғары АЛИ5 -6,2 (1996 ж). Атмосфералық ауаның күкіртпен, көміртегі тотықтарымен, шаңмен (4 МШК) ластануы. Топырақтың ауыр металдармен (мыс, қорғасын, кадмий) ластануы. Жер асты рудниктері, бос тау жыныстары үйінділері, грунтты жолдардың ретсіз салынуы. Су ресурстарының тапшылығы, Кеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы (көлемі 319 млн м3). Су қоймасының өнеркәсіптік - тұрмыстық ағын сулармен ластануы.

2) Қаражал - Жәйрем кен өндіру аймағы, Жәйрем КБК АҚ темір, марганец және темір -марганец рудаларын өнеркәсіпте өндіру. Кен орнының қоры 590 млн.т. артық марганец рудалары. Аз фосфорлы темір, марганец, және темір-марганец рудаларын ашық жолмен өндіру, оларды концентраттарға байыту. Экологиялық жағдай деңгейі – жоғары. Карьерлі - үйінділі жерлерге рекультивация қажет.

Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бары - қаумалдар: Бұғылы зоологиялық- Бұғылы тауларын (т.д. 1187 м) қамтиды; Қарағаш зоологиялық – Айғыржол таулы шоқылы массивінде орналасқан; Ақбауыр зоологиялық – Қызылтау таулы шоқылы массивін алып жатыр; Ортау зоологиялық – Ортау таулы шоқылы массиві жүйесінде орналасқан.

б) ұсынылатын – Орталық – Қазақстан қорығы: Ортау, Ақтау, Ақтас, Бұрлытас (т.д. 1000-1100) аласа таулы гранит массивтер шегінде жатқан Сарысу өзенінің жоғарғы ағысын қамтиды. Алуан түрлі таулы-шоқылы эко-жүйелерде тіршілік ететін фауна мен флора кездеседі. Сарыарқаның орталық бөлігіндегі таулы-далалы және таулы-шалғынды кешендерді қорғау.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:


  • сүтқоректілер – қарақұйрық (Gazella subgutturosa Güldenstaedt);

  • құстар - дала қыраны (Aquilla rapax Temminck), алакөз сүнгуір (Aythya nyroca Gűldenstădt), тарғақ (Chettusia gregaria Pallas), ақбас тырна (Anthropoides virgo Linnaeus).

2. Қызылтас шөлейт провинциясы (мал шаруашылығы)

Қазақтың ұсақ шоқысының ең биік орталық аласа таулы шоқылы бөлігін қамтиды. Ірі таулы шоқылы массивтері: Қызылтас (1283 м), Бектауата (1213 м) және т.б. тауларды қамтиды. Ақсоран жақпарлы таулы массивінің биіктігі 1565 м, орташа салыстырмалы биіктігі 700-900 м. Осы жерде Орталық Қазақстан өзендерінің су айрығы орналасқан. Негізгі өзендері: Сарысу, Мойынты, Тоқырау, т.б., Олардың ағыны мерзім бойынша әртүрлі.

Солтүстік – Балқаш синклинорийінде орналасқан. Девон, карбон және пермьнің конгломератты, құмтасты, порфиритті, порфирлі кешендерінен тұрады.

Таулы шоқылы массивтер мен аласа таулар көптеген интрузивті гранитті жыныстардан құрылған.

Климаттық ерекшеліктері аласа таулы жер бедеріне негізделген: қаңтардың орташа температурасы –14-15°С, шілде айынікі 19-21°С. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 150-300 мм.

Далалы және шөл далалы таулы шоқылы қыраттар басым. Негізгі топырақтар – тасты ашық-қызғылт және шөл-далалы қоңыр, топырақтардың сортаңды кешендері. Өсімдігі – жусанды-бетегелі және жусанды және тұзға бейім топтардың кездесуі.



Табиғи ресурстары мен экономикасы:

Провинция территориясында пайдалы қазбалар өндірілетін бірнеше кен орындары бар: Ақтау вольфрам рудасының кен орны. Минералды түрлі шикізаты бар ірі Успенск рудалы зонасы ашылды. Табиғи жем-шөп ланд-шафттарының ірі массивтері кездеседі.



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін-таулы шоқылы жер бедері жағдайындағы температуралық инверсия, жоғары ылғалдылық, жер асты сулары мен мерзімдік жер беті су арналарының болуы.

б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – топырақтардың тасты, қиыршық тасты, кешенді болуы, өсімдіктің шұбарлығы.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Экологиялық шиеленісу көздері: жайылымдық өсімдік дигрессиясы, грунт жолдардың ретсіз салынуы.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

  1. Ақшатау вольфрам руднигі. Радонның шамадан тыс болуы, тау-кен өнеркәсіптік өндірістерінде жерді рекультивациялау қажеттігі.

Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бары – қаумалдар: Қызылтас зоологиялық (т.д. 1283м); Қызыларай зоологиялық (1565 м). Бірлесті зоологиялық; Бектауата тауы (1213 м). Олардың барлығы аралдық таулы шоқылы массивте орналасқан, түрлі шалғынды-дала ландшафттарымен, сирек ормандарымен сипатталады.

б) ұсынылатын – «Сарыарқа» табиғи ұлттық паркі – жоғарыда аталған қаумалдар базасында Қазақтың ұсақ шоқысының ландшафттарын қорғау және фаунасын қалпына келтіру мақсатында құрылады.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:


  • сүтқоректілер - қазақстан арқары (Ovis ammon collium Severtzov);

- құстар - дала қыраны (Aquilla rapax Temminck), сұр тырна (Grus grus Linnaeus), ақбас тырна (Anthropoides virgo Linnaeus), қылқұйрық, бұлдырық (Syrrhaptes paradoxus Pallas).

3. Бетпақ дала шөл провинциясы (мал шаруашылығы)

Бетпақ дала платосында, Шу, Сарысу өзендерінің төменгі ағысы мен Балқаш көлінің батыс жағалауы аралығында орналасқан ( 200-400 м). Ең биік нүктесі – Болаттау шоқысы – 767 м. Ландшафттардың түрлілігімен ерекшеленетін кең территорияны алып жатыр. Батыс бөлігін кайнозойдың сазы мен құмдақтарынан тұратын қабатты жазықтар мен плато, орталық бөлігін – бордың сазынан тұратын жонды - төбелі жазықтар алып жатыр. Шығысында граниттерден құрылған палеозойдың ұсақ шоқылы жазықтары басым. Құмдар: Жетіқоңыр, Мойынқұм кездеседі. Ландшафттары: батысында сазды шөлдер және шығысында тасты-қиыршық тасты шөлдер.

Климаты: қатаң континентті, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –12-15°С, шілде айынікі 20-22°С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-150 мм. Жер беті су арналары жоқ. Сұр-қоңыр топырақтар басым. Өсімдігі сұр жусанды-бұйырғынды және жусанды – баялыш сияқты өсімдіктер өседі.



Табиғи ресурстары мен экономикасы:

Көктемгі-күзгі жайылымдар, кейбір жерлерде – отарлы мал шаруашылығы. Тұрақты халықтың жоқтығы. Территориясының бір бөлігінің ұзақ уақыт «Сарышаған» әскери-сынақ полигоны ретінде қолданылуы.



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – атмосфералық жауын-шашынның мөлшерінің өте аздығы, тығыз тасты-сазды топырақ-грунттардың басымдығы, табиғи шөп жамылғысының сақталуы.

б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – климаттың өте құрғақтығы, өсімдіктің сиректігі мен кешенділігі, су ресурстарының жоқтығы, табиғи-антропогендік шөлдену үрдісінің белсенділігі.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Экологиялық шиеленісу деңгейі – қолайлы. Ландшафттардың экологиялық бұзылу көріністері шөлдену үрдісімен тығыз байланысты. Соңғы уақытқа дейін Сарышаған әскери-сынақ полигоны ортаны нашарлатушы фактор болды.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Сарыағаш әскери-сынақ полигоны Балқаш көлінің батыс жағалауына шектесетін Бетпақ дала тасты-қиыршық тасты шөлінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр (Сарышаған поселкесі). Полигонның ұзақ қызметінің экологиялық салдары белгісіз.



Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бары– қорықтық нысандар қазірге жоқ.

б) ұсынылатын – Бетпақ дала қорығы. Бетпақ даланың орталық бөлігіндегі таулы шоқылы алқаптарын, тұзды Қарамойын көлі қазан-шұңқырын, Жетіқоңыр құмдарының бір бөлігін, аридті ландшафттардың түрлі эдафиттік түрлерін қамтиды.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:


  • сүтқоректілер - қарақұйрық, қазақстан арқары, шұбар күзен;

  • құстар – жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, ителгі, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі.

  • өсімдіктер - түйесіңір, Траутфеттер шөбі

4. Мойынқұм шөл провинциясы (мал шаруашылығы – урбаөнеркәсіпті)

Шу өзені аңғарымен, Мойынқұм құмдарымен Шу ойысын және Қырғыз жотасының бөктерлік жазықтарының бір бөлігін қамтиды (абсолюттік биіктігі 130-660 м) Ұялы және қырқалы құмдар басым. Шу өзені аңғарында екі жайылмалық террасалар мен кең жайылма айқын көрінеді. Мойынқұм құмдары осы құмдарға сіңіп жоғалатын Шу, Талас өзендерінің ағынының салдарынан жақсы суланған (Ақжайық, Ақжар, Тұзкөл көлдері).

Климаты құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –-5,1-9,6°С, шілде айынікі 23,4°С жақын. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 170 тен 300 мм дейін (тау бөктерінде). Шу өзенінің аңғарында қамысты шалғынымен, тоғайларымен шалғынды және шалғынды-сортаңды топырақтар дамыған.

Мойынқұм құмдарында сұр жусанды-сексеуілді, теріскенді-еркекті және бұталы кешендері басым.



Табиғи ресурстары мен экономикасы:

Провинция территориясында қуатты химия өнеркәсібі дамыған (суперфосфат шығаратын зауыттар) Қаратау –Жамбыл өнеркәсіптік ауданы орналасқан. Шу, Талас өзендері аңғарларында суармалы егістік алқаптары бар. Көктемгі-күзгі және жыл бойы қолданылатын (құмдарда) жайылымдар.



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – құмдардың жеткілікті сулылығы, олардың өсімдікпен бекітілгендігі, тау бөктеріндегі жазықтарда өзендердің көптігі.

б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – табиғи-антропогендік шөлдену үрдістері малды шектен тыс жаю салдарынан өсімдік бұзылуы, құмдақты топырақ-грунтының жел эрозиясына бейімділігі, транзитті Шу, Талас өзендері ағынының мерзімдік күрт өзгеруі.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Экологиялық бұзылу деңгейі – қанағаттанарлық. Тараз өнеркәсіп торабында экологиялық шиеленісу деңгейі жоғары. Шу, Талас өзендерінің өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылық ағын суларымен ластануы, өзен ағынының Қырғызстан территориясынан трансшекаралық ластануы.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Тараз урбаөнеркәсіптік торабы фосфориттерді өңдейтін ірі химиялық зауыттары кешені бар Тараз қаласын қамтиды (минералды тыңайтқыштар шығаратын өндіріс орындары). Экологиялық жағдайының деңгейі – шиеленіскен. Атмосфера көміртегі тотығы, азот қос тотығы, фермальдегид шығарындыларымен ластанған. АЛИ-8,2 (1999 ж). Асса, Талас өзендеріне зиянды қалдықтардың ағызылуы. Топырақтың фторлы қоспалармен ластануы.

2. Шу өзені аңғары. Қазақстанда бұл өзен тұстамасының тұйықтау бөлігі орналасқан. Ластаушылардың бір бөлігі – органикалық заттар (1,6 МШК), мұнай өнімдері (1,4 МШК) – Қырғызстаннан трансшекаралық жолмен тасымалданады. Суды пайдалану қарқынының өсуі нәтижесінде өзен бөлшектенген, шаруашылық-тұрмыстық және ауылшаруашылық ағын сулармен ластанған. Суармалы жерлердің қайта сорлануы, шалғынды-жайылымдық өсімдік нашарлауы орын алған. Экологиялық нашарлау деңгейі шиеленіскен. Өзен нитраттар, нитриттермен ластанған.

Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бар – Ащысай қаумалы Мойынқұм құмдарының солтүстік бөлігін, Бетпақ дала платосының оңтүстігін алып жатыр, Шу өзені аңғарымен шектеседі.

б) ұсынылатын – Мойынқұм қорығы. Мойынқұмның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ландшафттары: ақ сексеуілді төбелі және төбелі – қырқалы құмдар. Табиғат қорғау қызметінің негізгі нысаны – бөкендерді қорғау және оның басын көбейту. Мойынқұм - осы бағалы кәсіптік жа-нуардың оңтүстік Қазақстандағы негізгі қыстауы болып саналады.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:


  • сүтқоректілер - қарақұйрық, шұбар күзен;

  • бауырмен жорғалаушылар: төрт жолақты қарашұбар жылан;

  • құстар - түркістан ақ ләйлігі, ақбас үйрек, жыланжегіш қыран, қарақұс, ителгі, ақбас тырна, безгелдек, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, қоңыр кептер, үкі;

  • балықтар: Түркістан қаязы;

  • өсімдіктер: жылтыр ферула.

Б. Тянь-Шань таулы елі

Қазақстан территориясына Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шанның бір бөлігі кіреді. Таулы аймақ протерезой, каледон, герцин тау түзілуінде және әльпі орогенезінде қалыптасты.

Тау жоталары желпуіш тәрізді, негізінен ендік бойымен кең тау аралық тектоникалық ойыстармен кезектесіп орналасқан. Көп жоталар биіктігі қар сызығынан жоғары (3200 м), олардың кейбіреулерінде қазіргі мұздану дамы-ған. Қазақстандағы Тянь-Шань мұздықтарының жалпы ауданы 857 км2. Өзендерінің қоректенуі аралас, мұздықты-қарлы, ұзақ созылатын көктемгі – жазғы су тасқынымен сипатталады.

Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы ерекше-ліктері биіктік белдеулікке бағынышты. Солтүстік және Батыс Тянь-Шань тауларындағы ландшафттық зоналылық әртүрлі, сондықтан Тянь-Шань бөлек-бөлек провинцияларға бөлінген.


5. Шу-Іле таулы провинциясы (мал шаруашылығы)

Іле Алатауының батысына жанасатын Желтау, Хантау тауларынан (1502м), Кіндіктас жотасынан (1506 м) тұратын Шу-Іле тауларын, плато тәрізді жазықтардың бірқатарын және тау аралық ойыстарды (Қараой, Қопа, т.б) қамтиды. Аласа таулар төменгі палеозойдың гнейстері, тақта тастарынан құрылып, гранитті интрузиялармен және эффузивті жыныстармен жарылған. Жер бдерінің өзіне тән ерекшелігі – қатты тілімденген беткейлері мен төбелерінің тегістігі.

Климаты: құрғақ, ауаның орташа температурасы қаңтар айында –6-14°С , шілде айында 20-25°С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-400 мм. Тұрақты өзендері жоқ, уақытша су арналары көктемгі қар еру және жазғы нөсерлі жауын жауғанда суға толады.

Ландшафттары: шөлді тау бөктерлері (600-800 м), шөлейтті тау бөктерлері мен аласа таулар (800-1200 м), далалы аласа таулар мен орташа таулар (1200-1520 м). Боз және таудың қызғылт топырақтары басым.



Табиғат ресурстары мен экономикасы:

Полиметалл рудаларының кен орындары. Табиғи жем-шөп алқаптары-шабындықтар мен жайылымдар. Мал шаруашылығы, егіншілік ошақтары.



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиленісуді тежейтін - өсімдік пен топырақтың қатты бұзылмағандығы, жеткілікті жауын-шашын мөлшері, тасты - қиыршық тасты топырақ грунты.

б) экологиялық шиленісуді күшейтетін – жер бедерінің елеулі кескіленуі және эрозияның күшею мүмкіндігі, тау аралық сайлар топырақтарының сортаңдану және қайта сорлану қаупі, суармалы жерлер топырағының дефляциясы.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Экологиялық шиленісу деңгейі – қанағаттанарлық. Экологиялық бұзылу малды шектен тыс жаю салдарынан жайылымдық өсімдіктердің түрлік нашарлауы, топырақ - өсімдік жамылғысы құрылымын бұзатын таудағы жол құрылыстарына байланысты.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Тау аралық сай - Қопа. Шу-Іле тауларының оңтүстік сілемдерінде орналасқан. Механикалық құрамы жеңіл топырақта тәлімі егіншілік жүргізуге байланысты жел эрозиясының белсенділігімен сипатталады. Экологиялық шиленісу деңгейі – қанағаттанарлық.



Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бар – жоқ.

б) ұсынылатын – Шу-Іле қорығы. Шу - Іле тауларының оңтүстігінде орналасады, таулы ақ селеулі және ақ селеулі - бетегелі дала тән; флорасы өсімдіктердің 820 –дан астам түрін біріктіреді, оның ішінде Қазақстан Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлері де (Грейг және Регель қызғалдақтары, кекіре бас т.б.)


  • Жусандала ландшафттық қаумалы – Шу - Іле тауларының солтүстік-шығыс беткейінің эндемикалық және реликті өсімдіктері бар тау бөктеріндегі лессті-құмтасты жазықтарды қорғау.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - сабаншы, қарақұйрық, Тянь-Шань арқары, үнді жайрасы;

  • құстар: жыланжегіш қыран, қарақұс, бүркіт, жұртшы, ителгі, дуадақ, безгелдек, қоңыр кептер;

  • бауырмен жорғалаушылар - сары жылан;

  • өсімдіктер - кекіребас, Жетісу, Регель қызғалдағы, Альберт қызғалдағы, Шу - Іле қансигегі.

6. Қаратау таулы провинциясы (мал шаруашылығы мен кен өндіру)

Провинция Тянь-Шанның солтүстік-батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасын (Бессаз т – 2176 м) қамтиды. Қаратау жотасының ұзындығы – 420 км. Кембрийге дейінгі және палеозойдың құмтастары, тақта тастары, эффузивтері, әктастарынан және мезозой мен кайназойдың құмтасты - сазтасты шөгінділерінен түзілген. Қаратау жотасы бедерінің өзіне тән ерекшелігі – беткейлерінің күрт асимметриялығы (солтүстік беткейлері – тіктеу), жота төбесі тегістелген, бөлектеніп ерекшеленетін шыңдар мен жартастары жоқ.

Қаратау жотасы арктикалық суық ауаның Орта Азия оңтүстігіне енуіне кедергі бола отырып, маңызды климаттық рөл атқарады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері биіктікке байланысты 200-ден 600 мм дейін. Қаңтар айының орташа температурасы –4-6°С, шілде айында 22-25°С. Боралдай, Бөген, Шаян, т.б. өзендері қар суымен және аралас қоректенеді, ағын максимумы көктемде айқын байқалады.

Ландшафттары: тау бөктерінде – ашық және таулы боз топырақтағы эфемерлі шөлдер (800-1200 м); таулы қызғылт және таулы қара топырақтардағы далалық өсімдігі бар плато тәрізді аласа таулар (1200-2100 м), өзен шатқалдарында ағашты-бұталы сирек ормандар.



Табиғат ресурстары мен экономикасы:

Алуан түрлі минералды-шикізат ресурстары. Тау – кен өнеркәсібі. Полиметалл, қорғасын-цинк кендері өндіріледі: Мырғалымсай, Кентау, Ащысай, Байжансай. Фосфориттердің бай кені Жаңатас және Қаратау кен орындарында (екеуі де Қаратау-Жамбыл өнеркәсіптік ауданына кіреді) өндіріледі. Тау беткейлерінде – табиғи жайылымдар мен шабындықтар, тау бөктерлерінде-суармалы егіншілік.



Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін – таудағы тасты тау жыныстары, топырақтың жеткілікті ылғалдануы.

б) экологиялық шиеленісуді күшейтетін – пайдалы қазбалардың бай қоры, өзендер суының аздығы, экзогенді үрдістер қаупін туғызатын жнр бедерінің тілімденуі, тауда орман белдеуінің жоқтығы, тау бөктеріндегі лесс тәрізді тау жыныстарындағы топырақтардың жел эрозиясына бейімділігі.

Қазіргі экологиялық жағдайы:

Пайдалы қазбалар өндірісінде экологиялық жағдайы – шиеленіскен. Провинцияның басым бөлігінде – қанағаттанарлық, малды шектен тыс жаю салдарынан жайылымдық өсімдіктің жұтауымен байланысты. Тау етегіндегі жазықта ирригациялық эрозия және антропогендік шөлдену үрдістері байқалады.



Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Қаратау-Жаңатас тау-кен өндіріс аймағы. Фосфоритті рудниктерімен Қаратау, Жаңатас қалаларымен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Ірі карьерлер мен бос жыныстар үйінділері, атмосфералық ауаның шаңдылығы. Бұзылған жерлер рекультивацияны қажет етеді.

2. Кентау өнеркәсіптік торабы. Ащысай полиметалл кен орнының рудниктерін қамтиды. Бос қуыстар рудник суымен толтырылған, бұл жер асты суларының ластану қаупін туғызады, бос жыныстардың ірі-ірі үйінділері. Атмосфералық ауа мен топырақтың шаңмен ластануы. Бұзылған жерлерді рекультивациялау керек.

Қорықтық объектілер:

а) қазіргі бар – Ақбастау және Қарабастау палеонтологиялық көмбелер (Ақсу-Жабағылы қорығының филиалы). Қаратау жотасының оңтүстігінде Боралдай өзені аңғарында орналасқан. Өте терең емес Кеңсайда сазды тақта тастарда түрлі балықтар, моллюскалар, тасбақалар, насекомдар мен юра дәуірінің көптеген өсімдіктерінің сирек кездесетін таңбаларын кездестіруге болады, олар 150 млн жыл бұрын осы жерде болған теңіз алабында тіршілік еткен.



  • Берқара – ботаникалық қаумал. Берқара мекені Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінде шалғынды-дала белдеуде орналасқан. Эндемикалық берқара терегі бар теректі-шетенді сирек ормандар дамыған. Флора құрамында эндемикті және реликтті түрлер көп.

б) ұсынылатын

  • Қаратау қорығы. Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігін қамтиды, Иран және Жерорта теңіздік флораның эндемикалық өсімдіктерімен (100-ге жақын түрі) сипатталады. Өзіне тән фаунасымен таулы-дала және таулы шалғынды ландшафттар дамыған.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - Қаратау арқары, тас сусары, Үнді жайрасы;

  • құстар - қара құтан, жыланжегіш қыран, бүркіт, жұртшы, ителгі, ақбауыр бұлдырық;

  • бауырмен жорғалаушылар - қызылжолақ қарашұбар жылан, сары жылан;

- өсімдіктер - Берқара терегі, Недзвецкий алма ағашы, Түркістан таңқурайы, картав ырғайы, Альберт қызғалдағы, Сергей жуасы, ехидна кекіре, кекіребас, Введенский қояншөбі, қаратау таусағызы.

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ



3.1. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру

Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық провинцияларының экологиялық жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бұл қоршаған ортаға антропогендік әсер факторларының кеңістікте орын алу түрлілігінің айғағы.

Техногенез қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Оның кері әсерінің белгісі – кең байтақ территорияның табиғатының экологиялық бұзылуы. Келеңсіз экологиялық жағдайлар, табиғаттық экологиялық нашарлауы адам тіршілік жағдайының, денсаулығының нашарлауына, табиғат ресурстарының жұтауына немесе жойылуына, геожүйелердің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі.

Табиғаттың экологиялық бұзылуы ластаушы заттардың сандық құрамымен қатар сапалық құрамына да байланысты. Ол белгілі аймақта қоршаған ортаны ластаушы өндіріс орнының ластау көлемі мен сипатына байланысты.

Экологиялық тұрақтылықтың бұзылуы – адам тіршілігіндегі қажеттілік пен өнеркәсіп технологиясы мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеру нәтижесі. Бұл табиғи - антропогендік жүйелерде экологиялық дағдарыстар туғызады.

Геожүйе құрылымындағы экологиялық дағдарыс жағдайының себептері мен формалары:



  • қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану;

  • шектелген ауданда шаруашылық нысандардың шоғырлану дәрежесінің жоғарылығы және урбанизация;

  • биосфераның зиянды қалдықтармен ластануы;

  • адам өмірі мен демалысына қолайлы территорияның қысқаруына байланысты табиғи-рекреациялық ресурстардың жұтауы;

Геожүйеге антропогендік әсер ету үшін оның техногенезге тұрақтылығын ескеру қажет екендігі анық.

Тұрақтылық дегеніміз – материалды жүйенің оны тепе-теңдік жағдайынан шығаруға бағытталған күштерге қарсы тұру қабілеті (ҮҚЭ, 27 т). Географияда тұрақтылық дегеніміз – ландшафттардың немесе кез-келген табиғи - антропогендік жүйенің қоршаған ортаның өзгеріп тұратын геодинамикалық жағдайында өз құрылымын және тіршілік ету қасиеттерін сақтау қабілеті. Геоэкологиялық тұрақтылық – геожүйенің техногенезге өз қоршаған ортасының экологиялық жағдайын қолайлы етіп сақтай отырып, қарсы тұру қабілеті.

Табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығының қатты нашарлау дәрежесіне дейін бұзылуы, әдетте бірнеше антропогендік (техногендік) факторлар әсерінен болады. Осыған байланысты геожүйе тұрақтылығының маңызды қасиеті – табиғаты экологиялық бұзылуға ұшырағаннан соң өзін-өзі реттеу, өздігінен қалпына келу қасиеттері.

Қазіргі геоэкологиялық жағдайы оның елеулі алуан түрлілігімен сипатталады. Геоэкологиялық провинцияларының басым бөлігіне қоршаған ортаның экологиялық нашарлауының қанағаттанарлық деңгейі тән (47,2%). Шиеленіскен және қауіпті деңгейлері Республика ауданының сәйкесінше 26,1% және 6,3%-на тән. Апаттық жағдай территорияның 1,5 %-да байқалады. Қазақстан территориясының 18,9 % - ында қолайлы деңгейдегі экологиялық жағдай сақталған.

Геоэкологиялық провинциялардың экологиялық жағдайы біркелкі емес. Геоэкологиялық қолайлы жағдай фонында барлық жерде дерлік экологиялық нашарлау деңгейі жоғары немесе керісінше төмен оқшау орналасқан ошақтар кездеседі. Әдетте олар қалалар, территориялық өндірістік кешендер, кен өндіру өндіріс орындарымен байланысты.

Экологиялық фонмен салыстырғанда экологиялық шиеленісу деңгейі жоғары осындай шектеулі ошақтарды геоэкологиялық анклавтар деп атайтынымызды жоғарыда айтқанбыз.

Геоэкологиялық анклав бөліну мақсаты бойынша экологиялық – экономикалық ауданға ұқсас, оның бөлінуі табиғат компоненттерінің экологиялық бұзылуы мен оларды шаруашылыққа пайдалану қарқынын ескеруге негізделген.

Геоэкологиялық деректерді сараптай отырып, Шу-Сарысу ойпаңында геоэкологиялық анклавтарды бөлдік. Олардың әрқайсысы өзі орналасқан геоэкологиялық провинцияның қолайлы экологиялық фонында экологиялық бұзылу деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Сондықтан осы анклав кеңістігінде қоршаған ортаны экологиялық қалпына келтірудің шұғыл шараларын іске асыру қажет.

Аталған геоэкологиялық анклавтардан да басқа Қазақстан территориясында экологиялық бұзылған аймақтар бар. Олардың қатарына әскери-сынақ полигондарының үлкен аймақтары, тау-кен өнеркәсібі тараған аймақтардың біразы, қалалар мен өнеркәсіп орындарына ұштасып жатқан өзен мен көлдер кіреді. Оларды көрсетуге геоэкологиялық аудандастыру үлгісінің ұсақ масштабы, олардың экологиялық жағдайын сипаттайтын деректердің жоқтығы кедергі болды.

Геожүйелердің экологиялық тепе-теңдігін табиғат қорғаудың алдын алу және экологиялық қалпына келтіру шаралар кешенін жоспарланған, бағытталған түрде іске асыру арқылы қалпына келтіруге, сақтауға болады. Бұл шаралардың қатарында:



  • атмосфералық ауаның ластануын болдырмау;

  • жер беті мен жер асты суларын ластауға жол бермеу;

  • топырақтың су және жел эрозиясын болдырмау;

  • техногенез үрдісінде бұзылған топырақ – жер алқаптарында рекультивация жұмыстарын өткізу;

  • техногенез әсерінен жойылуға жақын кіші-гірім өзендер мен көлдерді қалпына келтіру;

  • өсімдіктердің түрлік құрамының нашарлауы мен малды шектен тыс жаю салдарынан бұзылған шалғынды-жайылымдық алқаптарды қалпына келтіру;

  • тау ормандары, тоғайлар, аралдық, далалық қарағайлы ормандарды, сексеуілді ормандарды қалпына келтіру;

  • радиациялық қауіпсіздікті қалпына келтіру және әскери сынақ полигондары орналасқан жерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу;

  • қала, ауылдық елді-мекендер тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.б.

6-кестеде бұзылған геожүйелерін геоэкологиялық анклав деңгейінде қалпына келтірудің кейбір стратегиялары берілген. Мысалы: газды тазалау, жер рекультивациясы, технологияны экологияландыру, т.б. Олардың ішінде экологиялық бұзылу деңгейі апаттық және қауіпті аймақтарда мемлекеттік және мемлекет аралық табиғатты қорғау бағдарламалары түрінде іске асырылатын ұзақ мерзімді экологиялық шаралар кешені (ҰЭШК) маңызды орын алады.

Шу-Сарысу ойпаңы және шекаралас территориялар табиғатының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға септігін тигізетін ғаламдық экологиялық проблемаларға мынадай шешілмеген проблемаларды жатқызуға болады: ғаламдық шөлдену, Арал, Каспий теңіздері және Балқаш көлінің табиғат апаттары, бұрынғы әскери - космостық полигондардың радиациялық қауіпсіздігі, т.б. Бұл проблемаларды шешу ғылыми-практикалық шешімдер қабылдауды, қажетті экологиялық жобаларды іске асыру үшін ірі қаржылық инвестицияны керек етеді.

Мысал ретінде шөлденудің экологиялық салдарының алдын алу және жою стратегиясын қарастырамыз.
3.2. Шөлдену – геожүйелер бұзылуының ғаламдық үрдісі

Қазақстанның күрделі геоэкологиялық проблемаларының негізгілерінің бірі – қоршаған ортаның шөлдену үрдістердің алдын алу, тоқтату мәселесі. Қазақстан территориясының 45 % - ынан астам жерін шөлдер алып жатқандығын ескерсек, бұл проблема біздің Республикамыз үшін өте маңызды.



4-кесте. Қазақстанның кейбір бұзылған геожүйелерін экологиялық қалпына келтіру (реконструкциялау) стратегиясы



Геоэкологиялық провинциялар мен геоэкологиялық анклавтар

Экологиялық бұзылу деңгейі

Экологиялық бұзылу факторлары

Экологиялық реконструкция стратегиясы

1

2

3

4

5

1. Сарысу-Қызылжар шөлейт провинциясы

30

1а. Сарысу-Кеңгір аңғарлық, кешенді су пайдалану мен су тұтыну

Шиеленіскен

Жезқазған қаласының өнер-кәсіптік-тұрмыстық ағынды сулары, мал шаруашылығы

АК, ҚТ, ГТ, ЖҚ, ЖМ, СЗ, ӨЗ, СТ, ЖР, ЭШ, ТЭ

2. Қызылтас шөлейт провинциясы

33

2а. Ақшатау ұсақ шоқылы, кен өндіру

Қауіпті

Кен өндіру өнеркәсібі

ҚТ,ЖҚ, ЖМ,ӨЗ,ЖР, ЭШ, ТЭ

3. Мойынқұм шөл провинциясы

45

3 а. Биелікөл жа-зықты-көлді, жер өңдеу

Шиеленіскен

Тараз қаласының өнеркәсіп-тік-тұрмыстық ағынды сула-ры, ауыл шаруашылығын хи-мияландыру, суармалы егін-шілік

АО, ЖҚ, ЖМ, СЗ, СТ, ЭШ, ТЭ

46

3б. Шу аңғарлық, мал шаруашылық, жер өңдеу

Қауіпті

Жергілікті және транзитті ауылшаруашылық және өнеркәсіптік-тұрмыстық ағынды сулар, шектен тыс су алу


АО, ҚТ, ЖҚ, ЖМ, СЗ

45. Қырғыз жотасы таулы провинциясы

66













6. Қаратау таулы провинциясы

67

6а. Кентау таулы-аңғарлы, урбаөнеркәсіптік

Шиеленіскен

Кен өндіру өнеркәсібі, автокөлік

АК, ҚТ, ЖҚ, СЗ, ӨЗ, ЖР, ЭМ, ТЭ

68

6б. Жаңатас-Қа-ратау тау бөктері – жазық тау-кен өнер-кәсіптік

Шиеленіскен

Тау-кен өнеркәсібі, қоныс-тану жүйесі, автокөлік

АО, АК, ҚТ, ЖҚ, ЖМ, СЗ, ӨЗ, ЖР, ЭШ, ТЭ

Ескерту: Анклав индексі провинция нөмеріне сәйкес келеді.

Шартты белгілері: АО-агроорман мелиорациясы; АК-автокөлік қолдануды оңтайландыру; ҚТ-қалдықсыз және қалдығы аз технология; ГТ-газды тазалау; ЖҚ-жасыл құрылыс; ЖМ-жер мелиорациясы; РҚ-радиациялық қауіпсіздік; СТ-суды тиімді пайдалану; СЗ-ағынды суларды заласыздандыру; ӨЗ-өнеркәсіптік және қалалық зоналау; ЖР-жер рекультивациясы; ТЭ-технологияны экологияландыру; ҰЭШК-ұзақ мерзімді экологиялық шаралар кешені.

Шөлденумен күресу проблемасы өте күрделі ғылыми-практикалық шаралар кешенін қамтиды. Оларды іске асыру ұзақ уақытты және елеулі материалдық шығынды қажет етеді. Шөлденумен күресу – адам қоғамы мен шөлдің қарым-қатынасының ұзақ уақыттық стратегиясы. Шөлдену табиғи және антропогендік үрдістедің қосарланған әсерінен аридті территориялар табиғатының тепе-теңдігінің күрт бұзылуы, өсімдік, топырақ, су ресурстарының нашарлауы және ландшафттардың табиғи-экономикалық ахуалының төмендеуінен көрінетіндігі белгілі. Шөлдену үрдісінің ғаламдық белсенділігінің артуының негізгі себебі – адамның аридті аймақтардың өте тұрақсыз табиғаты мен дұрыс қарым-қатынас жасамауы, табиғи ресурстарын тиімді пайдаланбағандықтан және қоршаған ортаны қорғаудағы кемшіліктер салдарынан, шөлдік ландшафттардың динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуы.

Шөлдену үрдісінің белсенділігінің артуында маңызды рөлді антропогендік факторлар атқарады. Орталық Азия мен Қазақстан шөлдерін игеру тәжірибесі жайылымдық алқаптар жағдайының оларды тиімді қолдану тиімді-лігін арттыру арқылы тұрақтылығын сақтау, мал жаю уақытын және нормаларын қатаң сақтау, шөлдік шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту қажеттігін көрсетті.

Шөлденумен күрес жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі – суармалы егіншілік жағдайында су ресурстары мен топырақты пайдалануды оңтайландыру. Табиғи ортаның нашарлауына әкелетін су ресурстарын шектен тыс, ретсіз пайдалануды болдырмай, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз еткен дұрыс. Ретсіз суғару нәтижесінде суармалы жерлер топырағының қайта сорлануы, батпақтану, сортаңдануы мүмкін. Сонымен қатар, құмды өсімдікпен бекіту, жайылмалық ормандарды және сексеуілдерді қалпына келтіру, бұзылған жерлерді рекультивациялау сияқты фитомелиорацияның жан-жақты шаралар кешенін жоспарлы түрде іске асыру керек. Аридті облыстарда эталонды қозғалмаған шөлдік ландшафттарды қорықтар, табиғат қаумалдары, табиғат ескерткіштері түрінде сақтап қалуға тырысқан дұрыс.

Шөлдену үрдісін болдырмау үшін бұл үрдіске әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларын сараптап және ескеру маңызды. Олардың қатарында Қазақстанның шөлдік геожүйелеріндегі жақын болашаққа халық санының өсуі және халық шаруашылық кешенінің даму бағытын ескерудің орны ерекше.

Жергілікті табиғат жағдайларын ескере отырып табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жоспарлау қажет. Халық шаруашылық нысандарды территориялық орналастыру шөл табиғатын оңтайландыру стратегиясына сәйкес болуы тиіс, яғни табиғат ресурстарының барлық түрін игеру және пайдалану үрдісінде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны өзгертуді бірге ескеру керек. Шөл табиғатын оңтайландыру стратегиясына сонымен бірге оның табиғатын ғылыми негізде жақсарту жағына қарай өзгерту, табиғат ресурстарын толығырақ пайдалану және келеңсіз табиғи үрдістердің орын алуын болдырмау да кіреді.

Табиғатты өзгертудің түпкі мақсаты – табиғи ландшафттарынан табиғат байланыстары (мысалы, жер бетінің су-жылу балансы) белгілі мақсатта өзгертілген, биологиялық өнімділігі жоғары, қолайсыз табиғи үрдістер мен құбылыстар (мысалы, эрозия, құмның ұшырылуы) жоқ немесе аз, адам өмірі мен өндірістік қызметіне қолайлы экологиялық жағдайымен ерекшеленетін ландшафттар қалыптастыру. Осындай өзгертілген ландшафттар қатарына суармалы жерлердің көп бөлігін, мәдени жайылымдардың кейбір бөліктерін, т.б. жатқызуға болады. Осы мақсаттарға жету үшін әр ландшафтта оның нақтылы мүмкіндіктері (түрлі табиғи ресурстары түрінде), осы ресурстарды іске қосу нәтижесінде алынатын өнімнің оңтайлы мөлшері және ландшафттың негізгі табиғи сапасын алғашқы қалпында сақтау арасында үйлесімді қатынасқа жетуге тырысу қажет.

Табиғат компоненттерінің ең қолайлы үйлесімі бар өзгертілген ландшафт белгілі бір табиғатты қорғау шараларын қажет етеді, ол өзіндегі қолайлы табиғи қасиеттері мен байланыстарын сақтау және арттыру үшін қажет. Осындай шаралар жүйесіне орманды қалпына келтіру, құмды бекіту, топырақтың қайта сорлануы мен сортаңдану үрдістерінің алдын алу, топыраққа минералды тыңайтқыш қосу, эрозиямен күрес және оның алдын алу жатады. Сонымен қатар, топырақ эрозиясы, қайта сорлану және жердің батпақтануы сияқты ландшафттқа әсер ететін келеңсіз табиғи үрдістердің орын алуын тұрақтандыру және реттеуді ескеру қажет.

Ландшафттарға антропогендік әсер үрдісінде олардағы табиғи байланыстар бұзылады да, табиғи орта жағдайының нашарлауына әкеледі. Дегенмен, табиғатқа антропогендік әсер азайғанда, не тоқтағанда барлық бұзылған ландшафттар алғашқы экологиялық жағдайына оралуға тырысады. Бұл тұжырым өте маңызды: ол табиғатқа жоспарлы, мақсатты әсер етсек, оның жоғалған немесе жоғалуға айналған табиғат ресурстарын қалпына келтіруге болады деген сөз (мысалы, малды шектен тыс жаю салдарынан жұтаған жайылымның шөп жамылғысын қалпына келтіру).

Табиғаттың оңтайлы өнімділігін сақтау ландшафттардың табиғи қасиеттері мен оның шаруашылық қызметі арасындағы сәйкестікті сақтауға бағытталған шараларды әрдайым іске асырып отыруды талап етеді. Мысалы, құмды ландшафттардың тұрақсыз ортасында жайылымдардың жем-шөптік өнімділігін қамтамасыз ету немесе Сырдария өзені аңғарындағы суармалы топырақтағы қайта сорланған суармалы жерлердің жоғары өнімділігін сақтау.

Осы шаралар ландшафтты өзгерту мәнін анықтайды. Сонымен, ландшафтты өзгерту дегеніміз – ландшафтты жаңа әлеуметтік-экономикалық қызмет атқару жағдайына ауыстыруға немесе оларды орындау тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүйесі. Қазақстан жағдайында осы мақсатта мелиоративті түрлі шаралар бар.

Шөлдердің табиғатын өзгертуде мелиорацияның мына түрлерінің маңызы зор: жерді суару мен құрғату; жайылымдарды суландыру және жайылымды ауыстыру; сортаңданған топырақты сумен шаю; топырақ эрозиясының сусылдақ топырақты бекіту арқылы алдын алу; топырақты қорғауға бағытталған егіншілік пен орман отырғызу. Сонымен қатар шөлді аймақтар табиғатын өзгерту үрдісінде осы ландшафттарда адам тіршілігіне қолайлы жағдайды сақтауға бағытталған шаралар да жүзеге асырылады. Олардың қатарына шөлдік климатқа есептелген қалалар мен елді-мекендерді жобалаудың ерекше жағдайларын, жасыл желек ауданын кеңіту, жергілікті биологиялық ресурстарды (шипалы су мен балшықтар) кеңінен қолдану, тұрғындар үшін демалыс зоналарын құру, қорықтар, қаумалдар, табиғат ескерткіштерін, т.б. ерекше қорғалатын ландшафт түрлерінің санын көбейтуді атауға болады.

Жоғарыда аталған және т.б. табиғатты қорғау шаралары белгілі провинция, ландшафт, табиғи аудан территориясының барлығында кешенді түрде, бір уақытта іске асырылуы қажет, сонда ғана қажетті халық шаруашылық тиімділігі болады және Қазақстан табиғатын өзгертуге, шөлдену үрдісін болдырмауға ықпалын тигізеді.

Көптеген ландшафттар өзіне тән табиғи қасиеттері және ресурстарымен белгілі бір әлеуметтік-экономикалық қызмет атқарады. Мысалы, Шу-Сарысу шөлдерінде ландшафттардың басым бөлігі негізінен жайылымдық мал ша-руашылығына, біразы-суармалы егіншілікке, т.б. мақсаттарға пайдаланылады. Сондықтан жобаланған антропогендік әсерлерді адамның шаруашылық қызметінің басым түріне қарай топтастырған дұрыс (егіншілік, жайылымдық, елді мекенді, тау-кен өнеркәсіптік, т.б.). Әрбір шаруашылық әрекеттің өзіне тән табиғатқа әсер ету көздері бар, олар ландшафттқа тікелей әсер етеді.

Шөлдер табиғатын қорғау мен өзгертудің ең тиімді жолдарын анықтау, табиғат дамуының бағыттылығын болжауды жан-жақты негіздеу-маңызды ғылыми маселе. Шөлді территориялардың табиғатының өте тұрақсыздығы жағдайында табиғи даму әсерінен де, антропогендік әсерден де құрылымындағы және сыртқы көрінісіндегі болуы мүмкін өзгерістерді алдын-ала білу өте қажет. Бұл, біріншіден - табиғат ресурстарын тиімді қолданып, қорғау үшін, екіншіден - табиғатын жоспарлы түрде өзгертуге, үшіншіден – адамзаттың қазіргі және болашағына қолайлы, таза экологиялық ортаны сақтау және әрдайым қамтамасыз ету үшін керек. Осы жағдайда табиғаттағы ұзақ эволюция процесінде қалыптасқан динамикалық тепе-теңдікті сақтау және антропогендік факторлар салдарынан болған бұзылудан қалпына келтіру қажеттілігіне көп көңіл бөлінеді.

Табиғатқа адамзаттың жоспарлы әсері бір жағынан – қоғамның өсіп келе жатқан табиғат ресурстары сұранысын қамтамасыз етуі, екінші жағынан - табиғат ресурстарын мүмкіндігінше сақтау және оларды қайта өндіруді кеңейту арқылы қоршаған ортаның нақтылы өнімділігін өсіруді ескертуі мүмкін. Бұл мәселелер қазіргі бар әдістермен бірге геоэкологиялық зерттеулер, әсіресе тұрақты жұмыс істейтін ғылыми стационарлар базасындағы зерттеулер негізінде шешілуі керек.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа адам әсерінің салдарын алдын-ала білудің ландшафттық экологиялық қағидалары мен әдістерін әрі қарай дамыту маңызды. Олар белгілі бір (табиғи-тарихи) аймақ-физигеографиялық зона, зона тармағы, облыс, провинция, табиғи аудан мен ландшафт ішіндегі шөлдік ландшафттарының өзара қарым-қатынастағы табиғат компоненттерін кешенді бағалау мен оның маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Экологиялық бұзылған территориялардың табиғатын тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін осындай аймақ тұрғындарын Үкімет шешімдері негізінде құқықтық қорғаудың маңызы ерекше. Семей ядролық полигонына жанасып жатқан Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының үлкен бөлігі экологиялық апат зонасы деп жарияланған. Осындай шешім Арал теңізі жанында орналасқан Қызылорда, Ақтөбе облыстары үшін де қабылданған. Оларда экологиялық апатқа ұшыраған аймақтар табиғатын қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені жобаланып, іске асырылуда.

Ең күрделі маселелердің бірі-шөлденуді зерттеудің негізгі кезеңдері осындай. Оның негізгі мақсаты – кең байтақ шөлді және шөлейт аймақтары табиғатын экологиялық қалпына келтіру және тұрақтандыру. Қазақстанның басқа геоэкологиялық маселелерді шешуде де осындай ғылыми әдістер қолданылады. Табиғатты қорғау саласындағы ғылыми проблемаларды сәтті зерттеп, шешу тек қоршаған ортасы экологиялық бұзылған аймақтардың жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктерін жан-жақты ескеру арқылы ғана, яғни геоэкологиялық негізде ғана жүзеге асады.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет