География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет8/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Шу-Сарысу ойпаңы территориясында қалыптасқан экологиялық жағдай көңіл аударуды талап етеді. Ауа бассейні, топырақ және өсімдік жамылғысы, жер беті су көздері, жер асты сулары және т.б. осы сияқты табиғат компоненттерінің барлығы дерлік қатты ластанған.

Ластандыру ошақтары өндірістік кәсіпорындармен, ауыл шаруашылық нысандарымен тығыз байланысты.

Ластандыру ошақтарының көбісі су көздеріне жақын орналасқан. Сол себепті бұл жұмыста көп көңіл жер беті және жер асту суларының ластануына бөлінген.

Қоршаған орта химиялық және органикалық ластануға ұшыраған.

Химиялық ластануға өнеркәсіп орындары орналасқан аудандар жатады. Көбінесе зауыттардан шыққан қалдық сулар тазартылмай су көздеріне ағызып жібереді. Ал тіршіліктің көзі су ластанса қоршаған ортаның барлығы да ластанады деген тұжырымға тірелеміз.

Көптеген мәліметтер бойынша қоршаған ортада өнеркәсіп қалдықтардың таралуы негізінен метеорологиялық жағдайларға, жергілікті-жердің геоморфологиялық ерекшеліктеріне, биохимиялық жағдайларына, ластандыру ошақтарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.

Топырақ және өсімдік жамылғысын талдау көптеген физикалық, физикалық-химиялық, химиялық әдістер арқылы жүреді. Бұл ауыр металдардың қауіптілігін, шоғырлану дәрежесін өте дәл анықтай алады.

Қоршаған ортаның ластануы өсімдік экожүйелерінің топырақтың микробиологиялық ценозы мен фаунасының бұзылуына, сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді.

Көптеген қиындықтарға қарамастан қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау басты проблема болып отыр. Сол себепті Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орындарында жаңа тазартқыш құрал-жабдықтар орнатылуы керек, ауыл шаруашылығында суды пайдалану қатаң бақылауға алыну керек. Сонымен қатар өсімдікті көбейту үшін және зиянкестермен күресу үшін қолданылатын тыңайтқыштармен улы химикаттарды қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін түрлерге ауыстыру керек.

Соңғы жылдары нақты бір өндіріс немесе өнеркісіп орнының қоршаған ортаға әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Табиғи ортаға бөлінген өндірістік қалдықтарды анықтау және олардың әсерін бақылау, олардың миграциясы және табиғи нысанда жиналуы өндіріс орындарынан қоршаған ортаны ластаушы нысана ретінде дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қоныстық кешендерде өндіріс пен энергетиканың қарқынды дамуы табиғи орта нысанының жоғары деңгейде ластануына алып келеді. Бұл өндіріс орнын тек қорғасын қосылыстарымен ғана емес, басқа да ингредиенттермен қоршаған ортаны ластаушы нысана ретінде қарастыруға болады.

Ауыр металдың өсімдіктерде жиналуына олардың топырақтардағы ауыр металдың мөлшері, топырақтың Рh деңгейі, топырақтардың гранулометрлік құрамы, органикалық заттардың мөлшері, катиондардың сіңіру сыйымдылығы тікелей әсер етеді [36]. Атмосфера, су және топырақтағы элементтің мөлшері белгіленген ШРК мөлшерімен салыстырылып отырылды. Топырақтағы ауыр металдың (Pb, Cu, Zn, Cd) мөлшеріне талдау жасағанда, топырақ 25 см тереңдікке дейін алынды, сондықтан келтірілген мәліметтен топырақтың беткі қабатының ластануын сипаттайды.

Мәліметтер бойынша топырақтың беткі қабаты көптеген химиялық заттарды өзінде ұстап қалады. Ауыр металдар негізінен топырақтың беткі қабатында берік байланыс түзеді. Олардың миграцияланып жер асты суларына қосылуы күшті ағын сумен жуылған жағдайда ғана мүмкін. Ластанған топырақта ауыр металдың ену тереңдігі 20 см асады. Атап айтсақ, мырыш негізінен 0-20 см тереңдікте таралады. Қорғасын топырақтың беткі 0-25 см қабатында жиналады. Кадмий осы элементтердің аралық қабатында орналасады. Топырақтың гумусты қабаты ауыр металдарға бай екендігі де анықталған. Ауыр металдар кең таралған, әрі аса улы ластанушы заттың қатарына жатады [7]. Алынған мәліметтерді талдау кезінде барлық зерттеу аймақтарда топырақтағы қорғасын мен кадмийдің мөлшері жоғары болып шықты. Мыс және мырыштың мөлшері орта дәрежеде (ШРК мен салықтырғанда). Қала территориясынан ағып өтетін өзен суында анықталған ауыр металдардың ішінде қорғасынның мөлшері жоғары .Қорғасынның мөлшері өзен суының қорғасын зауытынан төменгі бөлігінен алынған суда өте жоғары көрсеткішке ие. Бұл судың қорғасын зауыты тұсында өндірістік қалдықтармен көп мөлшерде ластанатынын көрсетеді.

Судағы химиялық заттар әртүрлі жағдайда болады. Біреулері еріп, тасымалданып жүреді. Екіншілері адсорбцияланып су түбіне шөгеді, үшіншілері биологиялық циклге қосылып, организмдер арқылы миграцияланып отырады. Суға түскен металдар жинақталуына, улылығына және қоректік тізбек арқылы тасымалдануына қарай ластаушы заттың негізгі тобына жатады [13]. Заттың суда таралуы әртүрлі факторларға байланысты Судың жылдамдығына, жауын-шашын мөлшеріне, ластаушы заттардың физикалық-химиялық қасиетіне, олардың судағы тұрақтылығына, т.б. байланысты. Өзен суларында ауыр метал мөлшерінің аз болуы (қорғасыннан басқа) өзеннің ағысына байланысты жылдам еріп, су түбіндегі заттарға шөгіп, адсорбциялануынан болса керек. Әдебиеттегі деректерге сүйенсек биота мен су түбіндегі ауыр металдардың концентрациясы суға қарағанда анағұрлым жоғары. Су түбіндегі ауыр металдар біркелкі таралмайды, негізінен органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседі. Ауыр металдардың атмосферадағы, судағы және топырақтағы мөлшерін зерттеу Шымкент қаласындағы экологиялық жағдай күрделі деген шешімге әкеледі. Бұл элементтің ШРК-дан 6 есе артып, тірі ағзаға үздіксіз әсер етіп отыруының өзі санитьарлық-гигиеналық талаптарға қайшы келеді. Ал біздің зерттеген объектілерімізде ауыр металдардың мөлшері одан да жоғары көрсеткіште. Сол себепті, тірі организмдернің тіршілік әрекетіне зиянды әсер етіп, қайтымсыз процестің тууына әкеледі. Атмосфералық ластанудың улы әсерінің механизімі өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық ерекшелігіне байланысты және әртүрлі биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерінен өзгере алады [19].

Өндірістік қалдықтар қала тұрғындарының ден-саулығына кері әсер ете отырып, көптеген ауру түрлерінің өсуіне әкеліп отыр. Қала тұрғындарының арасында тыныс жолының аурулары кең таралған. Қорғасынның адам сүйегінде көп жиналатыны белгілі. Оған сәйкес қала тұрғындарының арасында сүйек-бұлшық ет жүйесі ауруларының мөлшері де жоғары болып отыр. Бұл топтың ауруларының мөлшері балаларға қарағанда ересектер арасында 2-6 есе жоғары болуы, қала территориясының қорғасынмен жоғары деңгейде ластанғанын және трофикалық тізбек арқылы адам организміне үздіксіз отыруының дәлелі.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Захарова В.А., Илющенко М.А., Гуменюк Е.Ю. Техногенное загрязнение Нуры ртутью // Химия. Охрана окружающей среды. Экология человека. – 1998, № 2. С. 72.

2. Попов Ю.В., Богачев В.П. Техногенное загрязнение ландшафтов долины реки Каратау // Химия. Охрана окружающей среды. Экология человека. – 1997, № 1. С. 45.

3. Козловский В.А., Лукашев А.А., Дрдик А.Г. және т. б. Развития фосфорной промышленности в ХІІ пятилетке (Тезисы докладов Всесоюзного совещания, 9-11/ІХ-1986г) - Чимкент, 1986. С. 128-129.

4. Николаевский В.С., Николаевская Г.В. Влияние антропогенных нагрузок на видовые разнообразие и состояние лихнефлоры в лесах Подмосковья // Биологические разнообразия лесных экосистем // Материалы Всеросийского совещания. М., 1995. С. 288-291.


5. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. –М., 1995. –С –185

6. Утешова А.С. Климат Казахстана. –Л.: Гидрометеоздат, 1959. –С-790

7. Жихараев Г.А., Курмангалиев А.Б., Соколов А.А. Почвы Чимкентской области. Выпуск 12. –А.: Наука, 1969. –С12-627

8. Информационный бюллетень о состоянии природной среды ЮКО. 1994-1996 г.г.

9. Зырин Н.Г. Тяжеллые металлы в почвах и растениях в районе медеплавильного производства // Охрана природы и производства природных ресурсов. М., 1995. № 6. С. 63.


10. Белозеров Э.С., Жасыбаев Т.С. Социально-экологические аспекты здоровья человека.

–А.: Ғылым, 1993. –С -3,111.

11. позднышева Д.П. Антропогенный рельеф Тургайского прогиба // Вопросы географии Казахстана. - 1980. - Вып. 18. - С. 148-152.

12. Фаизов К.Ш., Бельгибаев М.Е. Почвенные ресурсы Казахстана, их использование и охрана // Гидрометеорология и экология, №3, 1995.

13. Фаизов К.Ш., Бельгибаев М.Е. Почвенные ресурсы Казахстана, их использование и охрана // Гидрометеорология и экология, №3, 1995.

14. Чигаркин А.В. Геоэкологическое районирование и экологическая реконструкция нарушенных геосистем Казахстана // Вестник КазГУ, сер. географ. вып. 3, 1996.

15. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана – Учебное пособие. – Алматы: Санат, 1995.

16. Чигаркин А.В. Освоение пустынь Казахстана (географические аспекты природопользования). – Алма-Ата: Қазақстан, 1984.

17. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. (Примечательные ландшафты и их охрана). – Алма-Ата: Қайнар, 1980.

18. Чигаркин А.В. Освоение пустынь Казахстана (географические аспекты природопользования). – Алма-Ата: Қазақстан, 1984.

19. Информационный экологический бюллетень Респуб-лики Казахстан. Итоговый выпуск 1998 г. – Алматы: Мин-во природных ресурсов и охраны окружающей среды, 1999.

20. Геология и полезные ископаемые Казахстана. Доклады казахстанских геологов. Кн.1. – Алматы: КазИМС, 1996.

21. Красная книга Казахской ССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных и растений. Ч.2. Растения. – Алма-Ата: Наука КазССР,1981.

22. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Сер.3. Многолетние данные, ч.1-6, вып. 18,Казахская ССР. – Л.: Гидрометеоиздат, 1989.

23. Охрана редких видов растений и растительности Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1987.

24. Информационный экологический бюллетень Респуб-лики казахстан. Итоговый выпуск 1999 г. – Алматы: Мин-во природных ресурсов и охраны окружающей среды, 2000.

25. Национальная программа действий по борьбе с опустыниванием в Республике Казахстан (расширенный реферат). Алматы: Минэкобиоресурсов РК, 1996.
ҚОСЫМША А


Қазақстанның уран кенорындары




Провинция атаулары

Кен қоры, ٪

Кенорындары

1

Шу-Сарысу

60,5

Уванас, Мыңқұдық, Қанжуған,  Мойынқұм, Ақдала, Буденовское, Инкай

2

Солтүстік Қазақстан

16,5

Шығыс

3

Сырдария

12,4

Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын

4

Іле

6

Уран өндіру тоқтатылған

5

Каспиймаңы

1,8

Уран өндіру тоқтатылған

6

Балқашмаңы

0,4

Уран өндіру тоқтатылған

ҚОСЫМША Ә


Медициналық тексеруден өткендердің қатарынан анықталған негізгі аурулардың сипаты (Шу-Сарысу уранкен провинциясы қызметкерлерінің 2008 жылғы медициналық-профилактикалық тексерісінің мәліметтері негізінде)




Өндірістік мекеменің атауы

Анықталған негізгі ауру түрлері

АГ - (артериалдық гипертензия)

АІА - (асқазан-ішек аурулары)

ТАА - (темір тапшылық анемиясы)

НЦД - (нейро-церкуляторлық дистония)

1

Өндірістік автоматтанған бөлімшесі

1

1

-

-

2

Қанжуған кенінің ерітінділерді өңдеу бойынша бөлімшесі

2

0

3

14

3

Оттегілік-компрессорлы стансасы

12

4

16

15

4

Мойынқұм кенінің ертінділерді өңдеу бойынша бөлімшесі

12

2

13

23

5

Жөндеу-шеберханалық цехта

5

3

4

9

6

Көліктік бөлімшесінде

3

0

1

5

7

Геотехнологиялық аймақта

3

0

3

16

8

Жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары бөлімшесі

8

1

1

7

9

Бақылау, талдамалау, метрология, сервистік орталығы

5

1

9

1

10

Химиялық-металургиялық зауыты

10

0

12

14

11

БК «Катоак» ЖШС

6

1

5

15

Барлығы:

37

13

37

102

16,4%

3,2%

16,4%

25,1%


Ескерту* қалған пайыз әртүрлі аурулардың үлесінде




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет