География пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



жүктеу 78.82 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі78.82 Kb.
түріБағдарламасы

География пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген.

ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.



Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің география пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес география пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.



Тақырып №

Мазмұны

01

Физикалық географияның бастапқы курсы: Физикалық география

02

Физикалық географияның бастапқы курсы:План және карта

03

Физикалық географияның бастапқы курсы: Жер қабықтары

04

Физикалық географияның бастапқы курсы: Географиялық қабық

05

Физикалық географияның бастапқы курсы: Жер бетіндегі адамзат (нәсілдік құрамы)

06

Физикалык география материктер мен мұхиттар: Материктер мен мұхиттар географиясы

07

Физикалык география материктер мен мұхиттар: Географиялық қабық заңдылықтары

08

Физикалык география материктер мен мұхиттар: Жердегі материктер мен мұхиттар

09

Қазақстанның физикалық географиясы: Қазақстанның физикалық географиясы

10

Қазақстанның физикалық географиясы: Қазақстанның табиғатына жалпы шолу

11

Қазақстанның физикалық географиясы: Қазақстанның табиғат кешендері

12

Қазақстанның физикалық географиясы: Табиғатты қорғау және пайдалану

13

Қазақстанның экономикалық географиясы: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына жалпы шолу

14

Қазақстанның экономикалық географиясы: Қазақстанның шаруашылығына жалпы шолу

15

Қазақстанның экономикалық географиясы: Қазақстанның экономикалық аудандары

16

Қазақстанның экономикалық географиясы: Қазіргі дүние жүзіндегі Қазақстан

17

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы

18

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Дүние жүзілік шаруашылық

19

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Халықаралық экономикалық қатынастар

20

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: ТМД елдері

21

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Еуропа елдері

22

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы:Азия елдері

23

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Америка елдері

24

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Африка елдері.Аустралия.Мұхиттық аралдар елдері

25

Дүние жүзінің экономикалық және әләуметтік географиясы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары


Тест жоспары:

Физикалық географияның бастапқы курсы – 4 тест тапсырмасы

Физикалық география, материктер мен мұхиттар –4 тест тапсырмасы

Қазақстанның физикалық географиясы – 6 тест тапсырмасы

Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы – тест тапсырмасы

Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы – 6 тест тапсырмасы Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Физикалық географияның бастапқы курсы – Жердің табиғаты және пішіні жайлы білім мен көзқарастардың өзгеруін, саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін, саяхаттардың негізгі бағыттарын; Жер, Күн, Күн жүйесі, Ғалам, Жер планетасы және оның ерекшеліктері (пішіні мен мөлшері) жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми ұғымдарын; масштаб, жергілікті жердің планы, азимут ұғымдарын, жергілікті жерді қағаз бетіне түсіру әдістерін; литосфера, жер қыртысы, жер бедері және Жер бетінің әртүрлілігі жайлы ұғымдарды; материктер мен Мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін; сыртқы және ішкі үдерістердің әсерінен материктер мен мұхиттар жер бедерінің өзгеруін; гидросфераның құрамдас бөліктері (мұхиттарды, құрлық суларын, атмосферадағы суды, олардың түрлерін); атмосфера жайлы (температура, жел, ауа массалары, атмосфералық жауын-шашын, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауа райы, климат, климат құрушы факторлар ұғымдары мен терминдерін); биосфера ұғымын білуі тиіс.

Физикалық география, материктер мен мұхиттар – материктер, дүние бөліктері және мұхиттардың аудандарының ара қатынасын; жер қыртысының құрылысын, жер бедері (рельеф) ұғымын, рельефтің жер қыртысы құрылысына тәуелділігін, құрлық және мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін; Жердің климаттық белдеулерін; атмосфера құрамының және Жер климатының қалыптасуындағы Дүниежүзілік мұхиттың рөлін; мұхиттардың географиялық бейнесін, максималды және орташа тереңдігін, мұхит түбі жер бедерінің ерекшеліктерін; материктер және олардың жеке бөліктерін зерттеушілерді; материктер және олардың жеке бөліктері ресурстарының негізгі түрлерін; Антарктида табиғатының адамзат қоғамының дамуына, Жер табиғатындағы ғаламдық үдерістерге тигізетін әсерінің маңызын білуі тиіс.

Қазақстанның физикалық географиясы – Қазақстан Республикасының географиялық орнын, шекараларын, шеткі нүктелерін; геохронологиялық кестені, геологиялық жыл санау ұғымын; рудалы және рудасыз пайдалы қазбалардың орналасуының негізгі заңдылықтарын; климат қалыптастырушы факторларды; елдің аумағындағы және оның жекелеген бөліктеріндегі климат жағдайы мен ресурстарын, олардың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне әсерін; өзен режимінің, қоректенуінің, жылдық ағынының аумақ климаты ерекшеліктерімен байланысын; елдің негізгі өзендер, трансшекаралық және көлдер жүйесін, ондағы экологиялық проблемаларды;ірі аудандар шегіндегі табиғат компоненттерінің өзара байланысының ерекшеліктерін; табиғат ресурстарының негізгі түрлерін білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы – экономикалық жүйелердің түрлерін; экономикалық-географиялық жағдайдың түрлерін; Қазақстан халқының орналасуын, санын, табиғи өсімін және ұдайы өсуін; мұнай, газ, көмір алаптарының ірі кен орындарын, темір рудасы кен орындарын, түсті металдар, химия және құрылыс өнеркәсібі шикізаттарының ірі кен орындарын; ірі электр стансаларын, негізгі металлургия базаларын, металлургия, ауыр және еңбекті көп қажет ететін машина жасау, ауыл шаруашылық, көліктік машина жасау, мұнай өңдеу орталықтарын, химия зауыттарын, негізгі көлік магистральдарын; ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлерін шығаратын негізгі аймақтарды; экономикалық аудандастыру, географиялық еңбек бөлінісі, экономикалық-географиялық жағдайы, өнеркәсіп торабы, аумақтық-өнеркәсіптік кешен, кластер және технопарк ұғымдарын;экономикалық аймақтардың «экономикалық жүзін» анықтайтын негізгі маманданған салаларын, аумақтық-өнеркәсіптік кешенін (АӨК), өнеркәсіп тораптарын және қалаларын білуі тиіс.

Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы - тарихи-географиялық аймақтарды, дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;
мемлекеттік және дүние жүзі елдерінің әкімшілік-аумақтық құрылымының формаларын, тәуелсіз мемлекеттерді, тәуелді аумақтарды және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерін;саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары ұғымдарын, Қазақстан Республикасының көршілес және алыс шетел елдерімен қарым-қатынасын; Жер шары халқының санын және олардың орналасуын; табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен қамтамасыз етілу ұғымдары туралы; экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын;
ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын); дүниежүзілік шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың түрлері ұғымдарын; ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын; Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін және олардың астаналарын; Шетелдік Еуропаның ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Аустралия және Мұхит аралдары елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Америка елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, АҚШ мегалополистеріне, шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы салаларына тән сипатын; Африканың ірі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайының, аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының, урбандалуының, аймақтар бойынша шаруашылықтың ішкі айырмашылықтарының, елдер экономикасының көпсалалы және бірсалалы мамандану салаларының, олардың халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын білуі тиіс.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.

Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.




Каталог: upload -> specifications ENT 2015 kaz
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Француз тіліпјні бойынша
specifications ENT 2015 kaz -> Биология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Физика пјнінен тест спецификациасы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
specifications ENT 2015 kaz -> Неміс тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет