Географиялық алаң



Дата30.10.2017
өлшемі56.35 Kb.
#5093

Жануарлар әлемі.
Мақсаты: 1. Оқушылардың жануарлар туралы дүниетанымын кеңейту; Жаңаны білуге қызықтыру;
2. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Географиядан және биологиядан алған білімдерін ортаға салу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, кестелер.
Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1 тур: Өзін - өзі таныстыру
2 тур: «Зымыран» ойыны
Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез - тез берілу керек.

І топтың сұрақтары
1) Еліміздің елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? Пырақ.
2) Орталық Азиядан жабайы жылқыны тапқан кім? Пржевальский
3) Қалталы аю. Коала.
4) Бойы 2 метрге дейін келетін алып гориллалар қай материкте кездеседі? Африкада.
5) Әктас қандай теңіз жануарларының қалдықтарынан пайда болады? Маржан полиптері.
6) Анды тауының символы. Кондор және лама.
7) Қазақстанның дала зонасында кездесетін ең ірі құс. Дуадақ.
8) Азияның жаңа индустриялы елдерін бейнелі түрде қалай атайды? «Азия айдаһарлары»
9) Аустралияның эндемик жануарлары. Қалталылар мен қарапайым сүтқоректілер.
10 Тынық мұхитында салмағы 300 кг-ға дейін жететін алып бақалшық. Тридакна.
11) Гризли деген не? Аю.
12) Тасмания аралында кездесетін жыртқыш. Қалталы құбыжық.
13) Үндістанндағы қасиетті жануар. Сиыр.
14) Әлемдегі ең ірі құс. Түйеқұс.
15) Жабайы ит Динго қайда кездеседі? Аустралияда.
16) Каспий теңізінде кездесетін бағалы балық. Бекіре.
17) Пингвиндер қай материкте кездеседі?Антарктида.
18) Еуразияның қиыр шығысында қорғауға алынған жыртқыш – уссури жолбарысы
19) Мойны ұзын жануар (керік)
20) Қазақстанның шөл зонасында кездесетін улы өрмекші тәріздестер. Шаян, бүйі, қарақұрт.

ІІ топтың сұрақтары
1) Еліміздің мемлекеттік туында қандай құс бейнеленген? Қыран.
2) Пржевальский Орталық Азиядан ғылымға белгісіз жануарлардың қандай түрлерін тапты? Жабайы жылқы мен түйе.
3) Амазонка айдаһары.
4) Жойылып кеткен ерекше теңіз жануары. Су сиыры.

5) Мадагаскар аралының символы. Лемур маймылы.
6) Беловеж нуы қорығында қорғауға алынған жануар. Зубр.
7) Бойы 1 метрге, салмағы 50 кг-ға дейін келетін пингвин. Император пингвині.
8) Аустралияда кездесетін құсқа ұқсас қарапайым сүтқоректі. Үйректұмсық.
9) Бамбук аюы. Панда
10) Арктикада кездесетін ең ірі жыртқыш. Ақ аю
11)Жергілікті халықтың тілінде «түсінбедім» деген мағынаны білдіретін жануар. Кенгуру.
12) Мұхиттағы аса ірі сүтқоректі. Көк кит.
13) Америка бұғысы. Карибу.
14) Әлемдегі ең кішкентай құс. Колибри.
15) Түрікменстанда кездесетін асыл тұқымды сәйгүлік. Ақалтеке жылқысы.
16) Ақ тырнақты аю Қазақстанның қай қорығында кездеседі. Ақсу-Жабағылы.
17) Киви деген жеміс бар, киви деп тағы нені айтамыз. Құс.
18) Жаңа Зеландия аралында қандай жануарлар мүлдем кездеспейді? Сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар
19) Ең жылдам ұшатын жәндік. Инелік.
20) Шабақтарын тірі туатын балық. Голомянка.
3 тур: «Елтану» ойыны
Әрбір топқа тақтада елдердің мемлекеттік тулары және елтаңбасы беріледі. Әрбір топ интерактивті тақта құралдарын пайдалана отырып олардың қай елдің рәміздері екенін және елтаңбасында қандай жануарлар бейнеленгенін анықтау керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 3 ұпай, 1 қосымша көмек алса 2ұпай, 2 қосымша көмек алса 1ұпай алады.
4 тур: «Қара жәшік»

І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай

5 тур:«Бұл қай ел»
Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.

І топқа сұрақ:
Бұл ел «қоныс аударушылар капитализмі» елдер тобына жатады. Елдің атауы қазақшаға аударғанда «оңтүстік деген мағынаны білдіреді».Дүние жүзі бойынша қой өсіру мен жүн өндіруден бірінші орын алады. Сондай-ақ боксит өндіру мен уран өндіруден көзге түсетін бірден-бір ел.

Бірінші көмек: Мұнда қойға арнап Гоулберне қаласында ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Ел аумағы бүтін бір материкте орналасқан.

Үшінші көмек: Бұл ел кенгурулар елі.

Жауап: Аустралия.

ІІ топқа:
Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.
Үшінші көмек: Елдің екінші атауы Голландия.

Жауап: Нидерланд

6 тур: " Географиялық фонтомимо"
Интерактивті тақтадан әр түрлі жануарлардың суреттері беріледі, әр топтан 1 оқушы тақтаға шығады, ол оқушы тақтадағы суретті көрмейді. Тобындағы оқушылар іс-қимыл арқылы қандай жануар екенін табуға көмектеседі, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай
7 тур «Мақалды жалғастыр» жануарлар туралы мақал-мәтел.

1 топ

1. Арық малды асырасаң

Аузы-мұрныңды май етер, ... ...(арық адамды асырасаң, аузы-мұрныңды қан етер)

2. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп , ... ... ...(құлағынан айрылыпты)

3. Қиядағыны қыран ғана көреді, ... ... ... (ұядағыны жылан ғана көреді)

4. Ерді намыс өлтіреді, ... ... ... ( қоянды қамыс өлтіреді).

ІІ топ

1. Қасқырдың ауызы жесе де ... ... ...(қан, жемесе де қан)

2. (Байтал шауып)... ... бәйге алмас.

3. Қойшы көп болса, ... ... ...(қой арам өледі)

4. Қарға мақтанып сұңқар болмас, ... ... (есек мақтанып тұлпар болмас).


8 тур: «Мықты болсаң тауып көр» жануарлар туралы жұмбақ шешіп сайысады.

І топқа

Санай алмай шаршадым – 


Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.    (Кірпі)

Білесін мекен даласын,


Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)
Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.    (Шошқа)
ІІ топқа

Еркін самғап ұшсын деп,


Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Үстінен тоны түспеген,


Сонда да араз қыспенен.  (Аю)
Бітімі, тұрқы – 
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол-ақ.   (Зебра)
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?   (Тасбақаның сауыты)
Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет