Геометрия, 7 сынып



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/4
Дата22.09.2017
өлшемі0.7 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4

Анықтама. Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын нүктеден түзуге дейінгі қашықтық деп атайды.

/ Тақтаға кескінін оқушы шығып орындайды./

№1. Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең перпендикуляр жүргізіңдер.

№2. Түзу сызыңдар. Оны в деп белгілеңдер. Осы түзуде жататын В нүктесін белгілеңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып, В нүктесі арқылы өтетін в түзуіне перпендикуляр болатын а түзуін салыңдар.

Үйге тапсырма беру: 

№45, №46


Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:15

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Түзуге түсірілген перпендикуляр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзуге түсірілген перпендикулярды салу дағдысын қалыптастыру Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

Қайталауға арналған сұрақтар:

- Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер деп аталады?

- түзуде жатқан нүкте арқылы өтетін және осы түзуге перпендикуляр болатын неше түзу жүргізуге болады?

Перпендикулярдың табаны деп қандай нүктені айтады?

Түзуге жүргізілген перпендикуляр дегеніміз не?

Практикалық бекіту:

Ауызша: №№46,47

Өздігінен: №49

Тақтамен жұмыс: №№50,51,

Үйге тапсырма: №№48,52

Қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма беру: 

№45, №46

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:16


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша білімдері тексеру

Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға бағыттау.


І - нұсқа

ІІ - нұсқа

  1. Біреуі екіншісінен 300-қа үлкен болатын сыбайлас бұрыштарды тап.

Біреуі екіншісінен 600-қа үлкен болатын сыбайлас бұрыштарды тап.

  1. Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 500-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.

Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 700-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.

  1. АС және ВД кесінділері қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. АВС және СДА үшбұрыштарының теңдігін дәлелдеңдер.

MK және EF кесінділері қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. MEK және KFM үшбұрыштарының теңдігін дәлелдеңдер.

Теориялық сұрақ

Қандай бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды?



Теориялық сұрақ

Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды?









Үйге тапсырма: §§3,4 қайталау

Геометрия, 7 сынып

Реті:17

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін, кескінін дұрыс сала білуі

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Бақылау жұмысын орындау барысында туған қиындықтармен жұмыс істеу

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталау сұрақтары.

  • Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?

  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

  • Биссектрисса дегеніміз не?

  • Қандай кесінділер тең деп аталады?

  • Қандай бұрыштар тең деп аталады?

  • Планиметрияның негізгі аксиомалары?

Есептер шығару кезеңі /тақтамен жұмыс/

  1. Түзету жұмыстары /3-ке жазған оқушылармен жұмыс/

  2. №№84, 87, 89

Қосымша сұрақтар:

  1. Вертикаль бұрыштардың биссектриссалары бір түзу бойында жататындығын дәлелдеңдер

  2. Сыбайлас бұрыштардың биссектриссаларының арасындағы бұрышын табыңдар /кескінде/

Үйге тапсырма: №№85,88

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:18


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептер шығару барысында бұрыштардың қасиеттері қолдана білу.

Дамытушылық: Өткен материалды естеріне түсіріп, оларды іс жүзінде қолдана білу биімділіктерін қалпына келтіру

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Практикалық сабақ

  4. Есептер шығару.

  5. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталау сұрақтары.

  3. Практикалық сабақ

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Бұрыштың градустық өлшеуіші дегеніміз не?

  2. Қандай бұрыш сүйір, доғал, тік және жазыңқы деп аталады?

  3. Қандай бұрыштар сыбайлас деп аталады және олардың бұрыштарының қосындысы неге тең?

  4. Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?

  5. 3-ші түзуге перпендикуляр екі түзу неліктен қиылыспайтынын түсіндір?

  6. Жер бетінде тік бұрыштарды салу үшін қандай аспаптар қолданылады?

Есептер шығару кезеңі: /тақтамен жұмыс/

Оқулықпен жұмыс.

Қосымша есеп:

Бірі екіншісінен 1)450 үлкен 2) айырымы 350 болатын сыбайлас бұрыштарды табыңдар.

Үйге: Оқулық

Қорытындылау, бағалау.

Геометрия, 7 сынып

Реті:19


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасымен танысу

Дамытушылық: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі /теорема/

- үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісін дәлелдеу

- үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісі /теорема/

- үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін дәлелдеу

3. Жаңа тақырып

Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесіне қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендиклярды атайды.

Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектриссасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектриссасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндісін айтады.

Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады.

Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Барлық қабырығалары тең үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды.

Теорема, 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектриссасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.

Практикалық кезең: /бекіту/

№№109, 110, 111, 112,115 , 117

Үйге тапсырма беру: , 116

46бет, сұрақтарға жауап дайындау

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:20


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасымен танысу

Дамытушылық: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

3. Практикалық кезең: №43, №44

4. Тақтаға есептер шығару: № 48, №49, №50

Үйге тапсырма беру: №51, №52

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:21

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

3. Жаңа тақырып

Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Барлық қабырығалары тең үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды.

Теорема, 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектриссасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.

Практикалық кезең: /бекіту/

№№109, 110, 111, 112,115 , 117

Үйге тапсырма беру: §5.3; №113, 114

44 бет, сұрақтарға жауап дайындау

Қорытындылау, бағалау


Геометрия, 7 сынып

Реті:22

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысын білу

Дамытушылық: Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысын қолданып бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

  2. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

3.Жаңа тақырып:

Теорема,3.

Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

Дәлелдеуі: АВС үшбұрышы берілсін. В төбесі арқылы АС табанына параллель ДЕ түзуін жүргіземіз.

Онда ДЕ||АС болғандықтан, <ВАС=<АВЕ

және <АСВ=<СВД. Екінші жағынан,



<ВАС+<В +<СВД =1800 /жазыңқы бұрыш/

<А=<АВЕ, <С=<СВД болғандықтан,

<А+<В+<С =1800

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

Сыныпқа сұрақ:



  • Үшбұрыштың екі доғал бұрышы болуы мүмкін бе?

  • Үшбұрыштың екі сүйір бұрышы болуы мүскін бе?

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №№151,152,154,155,156

Үйге тапсырма беру: §6.2. оқуға, есеп: №157, 158



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:23

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысын білу

Дамытушылық: Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысын қолданып бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3.Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:



  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары туралы теореманы тұжырымда және дәлелде

Ауызша есеп:

1) А=320 , В=450 , С=?

2) А=600 , С =280 , В =?

3) В=780 , С =550 , А =?

5.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№160, 163,164,165, 166

Қорытындылау

Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Үйге тапсырма беру:§6.2; №162, 163

Қорытындылау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:24

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың сыртқы бұрышын білу

Дамытушылық: Үшбұрыштардың сыртқы бұрышының қалай есептеуге болатындығын білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру



  1. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

3.Жаңа тақырып:

Үшбұрыштың кез келген бұрышымен сыбайлас бұрыш үшбұрыштың сыртқы бұрышы деп атайды.



Теорема: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштың қосындысына тең.

Салдар: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес ішкі бұрыштардың әрқайсысынан үлкен.

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

Мысал: Тең қабырғалы үшбұрыштың әр бұрышы 600 – қа тең. Сыртқы бұрыштары ше? Кескінде.

Оқулықпен, тақтамен жұмыс №№169,170, 173

Қорытындылау

Үшбұрыштардың сыртқы бұрышы деп қандай бұрышты айтады?

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы нешеге тең?

Үйге тапсырма беру: оқуға§6.2 . есеп.№171, 172

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:25

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың сыртқы бұрышын білу

Дамытушылық: Үшбұрыштардың сыртқы бұрышының қалай есептеуге болатындығын білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2.Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру


  1. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

Мысал: Тең қабырғалы үшбұрыштың әр бұрышы 600 – қа тең. Сыртқы бұрыштары ше? Кескінде.

Оқулықпен, тақтамен жұмыс : №№174,176

Қорытындылау

Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Үйге тапсырма беру: оқуға §6.2. есеп: № 177, 179

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:26

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ішкі бұрыштары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.

Дамытушылық: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы тақырыбы бойынша есептер шығару қағдыларын қалыптастыру

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2.Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру


  1. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштың шамасы 1120. үшбұрыштың барлық бұрыштарын анықтаңыз. Жауабы:

  2. Үшбұрыштың бұрыштары 3:7:8 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең үлкен бұрышын анықтаңыз. Жауабы: 800

  3. Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең кіші бұрышын анықтаңыз. Жауабы: 500

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрышының шамасы 1400. үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 400, 400, 1000

  5. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі сыртқы бұрышы 700. үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 350, 350, 1000

  6. АВС үшбұрышында АС және ВС қабырғалары тең. В төбесіндегі сыртқы бұрыш 1300-қа тең. АВС үшбұрышының бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 500, 500, 800

  7. АВС үшбұрышында . С төбесіндегі сыртқы бұрышты табыңыз.

Жауабы: 1400

  1. Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады. Жауабы: 2

  2. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңыз.

Жауабы: 1100

  1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштарының бірі 370. үшбұрыштардың ішкі бұрыштарын есептеңіз.

Жауабы: 680, 370, 750

Қорытындылау



  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Үйге тапсырма беру: оқуға §6.2. есеп: № 177, 179

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:27

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ішкі бұрыштары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.

Дамытушылық: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы тақырыбы бойынша есептер шығару қағдыларын қалыптастыру

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2.Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру


  1. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

  1. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 950. онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысын табыңдар. Жауабы: 950

  2. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы:

  3. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы: 1100

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 300-қа тең, ал сыртқы бұрыштарының бірі 400-қа тең. Үшбұрыштың қалған бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 1400, 100

  5. АВС үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрыштардың қосындысы (әрбір төбеден бір-бірден алынған) қосындысы 2400-қа тең. Үшбұрыштың С бұрышын табыңдар.

Жауабы: 600

  1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының бірі екіншісінен 380-қа артық. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы: 370, 680, 750

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрышын табыңдар. Жауабы:600, 1200

  3. МNК үшбұрышында NК=18 см, ал N бұрышының сыртқы бұрышы 1500 тең. MN-ге жүргізілген биіктікті табыңыз. Жауабы: 9 см

  4. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 1000 және 1500. Үшбұрыштың үшінші сыртқы бұрышын табыңыз. Жауабы: 1100.

Қорытындылау

Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Үйге тапсырма беру: оқуға §6.2. есеп: № 177, 179



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:28

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теорема.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теореманы білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары нешеге тең?

Жаңа тақырып:

Теорема,1. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен қабырғасына үлкен бұрышы жатады.

Мысалдар.



  1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катетінен үлкен болатынын көрсетейік.

Шынында да, гипотенуза тік бұрышқа қарсы жатыр, ал катет сүйір бұрышқа қарсы жатады. Тік бұрыш сүйір бұрыштан үлкен болғандықтан, дәлелденген теорема бойынша, гипотенуза катеттен үлкен болады.

  1. Тік бұрышты үшбұрыштарда гипотенуза катеттен үлкен болатынын көрсетіңдер?

  2. Үшбұрыштар теңсіздігі жөніндегі теореманы тұжырымдап, дәлелдеңдер.

  3. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болатынын көрсетіңдер.

/оқушы тақтада орындайды/

5.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№184,185,186,187

Үйге тапсырма беру:§7.1. №188, 189 60-шы беттегі сұрақтарға жауап беру

Қорытындылау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Геометрия, 7 сынып

Реті:29


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теорема.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштардың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс туралы теореманы білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3. Қайталауға арналған сұрақтар:


  • АВС үшбұрышында АВ>ВС>АС. Үшбұрыштың бұрыштары туралы не айтуға болады?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттерінің әрқайсысынан үлкен болатыны неліктен?

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына іргелес бұрыштары не себептен тең болады?

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың барлық бұрыштары тең болатыны не себепті?

4.Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№190,191,192,193, 196



Қосымша Есептер:

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан 1 см артық, бірақ бүйір қабырғаларының қосындысынан 4 см кем. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 5, 5, 6

2. Қабырғалары 5, 12, 13 болып келетін үшбұрыштың ең үлкен бұрышы қандай? Жауабы:900


  1. Қабырғалары , 6 және 12 болып келетін үшбұрыштың екі бұрышы қандай? Жауабы: 300

  2. Қабырғалары , 4, 8 болып келетін үшбұрыштың бұрыштарының үлкенін табыңыз. Жауабы: 900

  3. АВД және АДС үшбұрыштарында АВ=АС, ВД=ДС, . ДАС бұрышын табыңыз. Жауабы: 300

Үйге тапсырма беру: §7.1; №197, 198 60-шы беттегі сұрақтарға жауап беру

Қорытындылау



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:30

Күні:


Сабақтың тақырыбы: ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін тексеру..

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Бақылау жұмысы:

І нұсқа

ІІ нұсқа

1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 24см, ал АВД үшбұрышының периметрі 18см болса, онда АД-ны тап



1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 18см, ал АВД үшбұрышының периметрі 13см болса, онда АД-ны тап



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 18метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 15метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 200-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 200 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 250-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 250 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 3есе артық болды. Бұрыштарды тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 2есе артық болды. Бұрыштарды тап.



Үйге тапсырма: қайталау

Геометрия, 7 сынып

Реті:31

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру



  1. Бақылау жұмысыда жіберілген қателермен жұмыс жаса





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет