Геометрия, 7 сынып



жүктеу 0.7 Mb.
бет3/4
Дата22.09.2017
өлшемі0.7 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4

Есептер шығару:

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғаларының арасындағы бұрыш 600-қа тең. Үшбұрыштың табанындағы бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 600; 600

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см, табаны 6 см.

Үшбұрыштың периметрін табыңыз. Жауабы: 22 см


  1. Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 5 см, ал оның гипотенузаға проекциясы 3 см. Гипотенуза мен екінші катетін табыңдар. Жауабы: 25/3см; 20/3см

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузаға проекциялары 9 см және 16 см болатын катеттерін табыңдар. Жауабы: 15 см; 20 см

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см-ге тең, ал бүйір қабырғасы 2 см-ге тең. Табанын табыңдар. Жауабы: 3,5 м

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 1000-қа тең. Қалған бұрышытарын табыңыз.

Жауабы: 400; 300

Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Табан қабырғасы бүйір қабырғасынан 3 м-ге кем болса, қабырғаларын табыңыз. Жауабы: 6,2 м; 6,2 м; 3,2 м

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см, ал бүйір қабырғасы 2 м. Табанының ұзындығын табыңыз.

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:32

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өтілген тақырыптарды қайталау:

Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

-Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

-Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?


  1. Есептер шығару:

  1. 1 Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 1000-қа тең. Қалған бұрышытарын табыңыз.

Жауабы: 400; 300

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Табан қабырғасы бүйір қабырғасынан 3 м-ге кем болса, қабырғаларын табыңыз. Жауабы: 6,2 м; 6,2 м; 3,2 м

  2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см, ал бүйір қабырғасы 2 м. Табанының ұзындығын табыңыз. Жауабы: 3,5 м

  3. Бүйір қабырғалары арасындағы бұрышы 800 болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышын табыңыз. Жауабы: 500

  4. Төменде берілген үш санның қайсысы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өрнектей алмайды? Жауабы: 1, 2, 3

  5. Егер үшбұрыштың екі сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең болса, онда мұндай үшбұрышты ... деп атаймыз. Жауабы: тік бұрышты

Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:33

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты теңсіздікті білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару кезеңі

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

  • Тік бұрышты үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тең қабырғалы үшбұрыш дегеніміз не?

Жаңа тақырып:

Теорема, 2

Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.



Есептер шығару кезеңі.

Мысал1.

Қабырғалары



  1. 2см, 3см және 5см

  2. 2,1 дм, 2дм, 4дм

Болатын үшбұрыш табыла ма?

Шешуі:


2<3+5 2,1< 2+4

3<2+5 2<2.1+4

5<2+3 орындалмайды. 4<2.1+2 орындалады.

Практикалық кезең:

№№184-192

Үйге тапсырма: №№186, 193

Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып

Реті:34


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты теңсіздікті білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Есептер шығару кезеңі

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

Есептер шығару барысында керек болатын ақпарат/

Үлкен бұрышқа қарсы ұзын қабырға жатады

Қысқа қабырғаға қарсы кіші бұрыш жатады

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.



Практикалық кезең:

1. АВС үшбұрышыцнда САВ. Осы үшбұрыштың қабырғалары туралы не айтуға болады?

2. АВС үшбұрышында А, В ,С бұрыштары өзара тең. Бұл қандай үшбұрыш?

Қабырғалары 10 см, 15 см, 2 см үшбұрыш болуы мүмкін бе?

3. АВС үшбұрышының АС қабырғасы қалған екі қабырғасының, яғни АВ мен ВС-ның қосындысына тең болуы мүмкін бе?

4. АВС тең қабырғалы үшбұрышында: АВ=8 см, АК- биссектриса. 1) ВК-ны табыңдар; 2) ВАК бұрышының градустық өлшемін табыңдар.

5. ВДС доғал бұрышты үшбұрышында Д –доғал бұрыш. А нүктесі ВД-да жатқан нүкте. 1) АС<ВС болатынын дәлелдеңдер. 2) ДС<АС болатынын дәлелдеңдер.

Үйге тапсырма: №№196, 199

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:35

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін білу

Дамытушылық: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін есептеукезінде дұрыс қолдана білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3.Жаңа тақырып:

Егер үшбұрыштың бір бұрышы 900-қа тең болса, онда мұндай үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атаймыз.Тік бұрышқа а қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп, ал қалған екі қабырға катеттер деп аталады. Тік бұрышты үшбұрыштардың бір ортақ элементі бар – ол тік бұрышы. Сондықтан тік бұрышты үшбұрыштар үшін теңдік белгілерін былай айтуға болады.



І белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тік бұрышты үшбұрыштың екі катетіне тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



ІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.



ІІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйір бұрышына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



IVбелгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



Практикалық бөлім:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№171, 172,173,182

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау


Геометрия, 7 сынып

Реті:36


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығы білу

Дамытушылық: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығын ескере отырып есептер шығару кезінде дұрыс қолдана білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Қайталауға арналған сұрақтар:

- тік бұрышты үшбұрыш /анықтама/

І белгі /ан-ма/

ІІ белгі /ан-ма/

ІІІ белгі /ан-ма/

IVбелгі /ан-ма/

3.Жаңа тақырып:

Алдыңғы тақырыбымызды жалғастыра отырып тағы бірнеше маңызды ұғымдар енгізейік. Егер АВСүшбұрышы тік бұрышты болса, онда ВС катеті мен АС түзуіне түсірілген перпендикляр болады. В

.

А С D

АВ гипотенузасын В нүктесінен АС түзуіне жүргізілген көлбеу деп атайды. Ал АС катетін АВ көлбеуінің АС түзуіндегі проекциясы деп атайды. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышы оның өзге бұрыштарынан үлкен болғандықтан, гипотенуза оның кез келген катетінен үлкен болады. Онда қандай да бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр осы нүктеден берілген түзуге түсірілген көлбеуден кіші болады. Көлбеудің проекциясы көлбеудің өзінен кіші.

В үктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтық деп ВС перпендикулярының ұзындығын айтады.

Практикалық бөлім: №№166,167,182,183

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:37

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды білу

Дамытушылық: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

3. Жаңа тақырып

Теорема,1.

Егер екі түзу дің әрқайсысы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.

Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған: 1) айқыш бұрыштар тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса; 3) ішкі тұстас бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.

Практикалық кезең:



Оқулықтан шығарылатын есептер: №5, №6, №8

Бекіту

Қиюшы деп қандай түзуді айтады?



Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде неше бұрыш пайда болады?

Ек ітүзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың ішінен: айқыш бұрыштарды, тұстас бұрыштарды, сәйкес бұрыштардың суретін сызып көрсетіңдер.

Үшінші түзуге параллель болатын екі түзу туралы теореманы айтып беріңдер.

Үйге: 56 бет, сұрақтар

№№7, №9

Қорытындылау, бағалау


Геометрия, 7 сынып

Реті:38


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулердің қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзулердің параллельдігін білу

Дамытушылық: Түзулердің параллельдігін қолданып бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

Қиюшы деп қандай түзуді айтады?

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде неше бұрыш пайда болады?

Ек ітүзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың ішінен: айқыш бұрыштарды, тұстас бұрыштарды, сәйкес бұрыштардың суретін сызып көрсетіңдер.

Үшінші түзуге параллель болатын екі түзу туралы теореманы айтып беріңдер.



3. Жаңа тақырып

Теорема. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде айқыш бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады.

Теорема. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыш тең болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады.

Теорема. Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 -қа тең болса, онда берілген екі түзу өзара параллель болады.

Практикалық кезең: /бекіту/

№№16,17,18,19,20



Бекіту

Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалса, берілген екі түзу өзара параллель болады?

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады? Тұстас бұрыштар туралы не айтуға болады? Сәйкес бұрыштар туралы не айтуға болады?

Үйге тапсырма беру: №21,22



Қорытындылау, бағалау


Геометрия, 7 сынып

Реті:39


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Түзулердің параллельдігінің белгісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзулердің параллельдігін білу

Дамытушылық: Түзулердің параллельдігін қолданып бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Қайталауға арналған сұрақтар:

Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалса, берілген екі түзу өзара параллель болады?

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады? Тұстас бұрыштар туралы не айтуға болады? Сәйкес бұрыштар туралы не айтуға болады?

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№24, 25


Өзіндік жұмыс

Үйге тапсырма беру: №27,№28

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:40

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Паралллель түзулердің арақашықтығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Паралллель түзулердің арақашықтығы.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Қайталауға арналған сұрақтар:

Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалса, берілген екі түзу өзара параллель болады?

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады? Тұстас бұрыштар туралы не айтуға болады? Сәйкес бұрыштар туралы не айтуға болады?



Жаңа сабақ

Анықтама

Параллель түзулердің біреуінің кез келген нүктесінен келесі түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығы параллель түзулердің ара қашықтығы деп аталады.



Практикалық бөлім:

Бекіту


Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деген не?

Параллель түзулердің ара қашықтығы деген не?

Үйге тапсырма беру: № 67, №68

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:41


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №3.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін тексеру..

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысының мәтінін тарату

  3. Бақылау жұмысын орындау

  4. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Бақылау жұмысы:

І нұсқа

ІІ нұсқа

1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 24см, ал АВД үшбұрышының периметрі 18см болса, онда АД-ны тап



1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 18см, ал АВД үшбұрышының периметрі 13см болса, онда АД-ны тап



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 18метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 15метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 200-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 200 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 250-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 250 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 3есе артық болды. Бұрыштарды тап.



4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 2есе артық болды. Бұрыштарды тап.



5.

Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 50см, ал біріншісінің радиусы 30см.

Екіншісінің радиусын тап.


5.

Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 60см, ал біріншісінің радиусы 25см.

Екіншісінің радиусын тап.


Үйге тапсырма: қайталау
Геометрия, 7 сынып

Реті: 42


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Бақылау жұмысыда жіберілген қателермен жұмыс жасау



Бер: АВС-үшбұрышы

АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана

РАВС=24см, РАВД=18см

АД-?


Шешуі: АД-медиана болғандықтан:

ВД=ДС=



 

24=36-2АД

2АД=12

АД=6 Жауабы:6см



Бер: АВС-үшбұрышы

АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана

РАВС=18см, РАВД=13см

АД-?


Шешуі: АД-медиана болғандықтан:

ВД=ДС=



 

18=26-2АД

2АД=8

АД=4 Жауабы:4см



Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=36, 3с=36, с=12 жауабы: 12см

Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=30, 3с=30, с=10 жауабы: 10см

Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+20+х-20=180

3х=180


х=60 жауабы: 400; 600;800

Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+25+х-25=180

3х=180


х=60 жауабы: 350; 600;850

Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:

х+3х=180


4х=180

х=45 Жауабы: 450;1350



Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:

х+2х=180


3х=180

х=60 Жауабы: 600;1200



Шешуі: R1=30

R1+R2=50


R2=50-R1

R2=20 Жауабы: 20см



Шешуі: R1=25

R1+R2=60


R2=60-R1

R2=35 Жауабы: 35см



Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3 Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:43

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өтілген тақырыптарды қайталау:

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде неше бұрыш пайда болады?

Ек ітүзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың ішінен: айқыш бұрыштарды, тұстас бұрыштарды, сәйкес бұрыштардың суретін сызып көрсетіңдер.

Үшінші түзуге параллель болатын екі түзу туралы теореманы айтып беріңдер.

Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалса, берілген екі түзу өзара параллель болады?

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады? Тұстас бұрыштар туралы не айтуға болады? Сәйкес бұрыштар туралы не айтуға болады?

Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деген не?

Параллель түзулердің ара қашықтығы деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет