Жұлдызды жұп жақында дүние есігін ашқан ұлын бесікке салды. Екі жақтың туыстары жиналып, бұл сәтті отбасылық мереке ретінде атап өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Әнші баласы қырқынан шыққаннан кейін шетелге демалатынын айтқан еді.

“Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, “тыштымасын” жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!”, – деп жазды өнер иесі. 

  • "Ол кезде Ерке тарихта жоқ": Сазгер Бота Бейсенова "Ерке Есмаханға еліктейді" дегендерге жауап берді

  • "Салмақ қостым": Ерке Есмахан көйлектерін сататынын айтты

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр. “Исламның әке-анасы өте жақсы. Райым намаз оқып, Ерке орамалын тақты. Жүрегі ақ, көңілдері пәк болып, Аллаға да, халыққа да жақты!”, – деп жазды Еркенің ағасы. Енді бірі әнші баласын бесікке жатқызғанына риза болып жатыр. “Маған енем өзінің төрт баласы жатқан бесігін арнайы берді. Аллаға шүкір, мен де төрт қызымды бесікке жатқызып өсіріп отырмын.1986жылда алынған бесік қой, өте жеңіл сондай”, “Неше түрлі бөпелерге қоларба шығып жатқанда бесікті таңдағаныңызға риза болдым”, – дейді әншінің тыңдармандары. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.