2023-2024 оқу жылының басында ұлттық тестілеу орталығының сайтында тестілеуге дайындалуға ұсынылған оқулықтар тізімі, үлгілік тест тапсырмалары, тест спецификациялары және жоспары жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талапкерлерге жылдағы дәстүр бойынша "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндерінен тарих институтымен бірлесіп бекітілген 100 дата тізімі ұсынылды. Тестілеуге датаға қатысты кездесетін сұрақтар тек осы хронологиялық кестеден қосылады.

Сонымен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуде "Қазақ әдебиеті" мен "Орыс әдебиеті" пәндерінен кездесетін шығармалар тізімі (мектеп бағдарламасынан), сонымен қатар "Информатикадан" тестілеу сұрақтарында кездесетін немесе сұрақтың мазмұнын түсіну үшін қажет терминдер тізімі ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылды.

"Талапкерлерге тиімді болуы үшін ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қостық. Байқау сынағын өту кезінде түсуші тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәндері бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Менің ойымша, бұл балаларға дайындықты одан әрі жақсартуға көмектеседі", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

  • Депутат Қазақстан тарихы бойынша оқулықтарды қайта жазып шығуды ұсынды
  • Шығармашылық мамандықтарға тапсыратындар үшін ҰБТ форматы өзгере ме: Министр түсіндірді 

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектерге білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар өтіп жатыр. Бұл сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өтіп, сақталады. Талапкерлер кез келген уақытта оларды қайта қарай алады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.