Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, әзірге елге Starlink қондырғысы 500 данасы әкелінген.

“Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі”, – деп жазды министр. 

Мусин барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келетінін айтады. Олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.