Еліміздің солтүстігінде орналасқан Павлодар мен Екібастұз қалаларының тұрғындары өткен жазда ыстық суысыз қалған еді. Алайда жаз бойы қолданбаған ыстық су үшін ақы төлеуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Наурыз айында төлемдер қайта есептелді. 

Қадағалау органының мәліметінше, Павлодар облысының прокуратурасы монополистер "Павлодарэнергосбыт" ЖШС мен "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нің жазғы уақытта ыстық су болмаған жағдайда абоненттік төлемді алудағы заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

“Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады”, – делінген хабарламада.

Табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.