Алматыда Тарас Шевченко ескерткішінде Украинадағы соғыстың екі жылдығына орай қайырымдылық шарасы өтті. Осыдан тура екі жыл бұрын, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға заңсыз басып кірген еді. Акция "Бір раушан – бір құтқарылға өмір" деген атпаумен ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Іс-шара еріктілерінің ақпараты бойынша, олар қан жоғалтудың алдын алатын және өмірді сақтайтын турникеттер сатып алу үшін қаражат жинайды. Бір турникеттің құны шамамен 10 000 теңгені құрайды.

"24 раушан, 24-ші жыл, 24 саны"7 Бұл әлі ашылмаған бүршіктер, бірақ олар құтқарылған жас ұлдар мен қыздардың өмірінде әлі де гүлдей алады", — дед3 ұйымдастырушылар.

Штаб еріктісі Людмила Курастың айтуынша, Украинадағы соғысты сабырмен қабылдауға болмайды.

"Бүгін ескерткішке Украинада болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтындар келді. Екі жылдан бері қанды соғыс жүріп жатыр. Бұл көз жасы, бұл жойылу. Мұны ақыл-есі дұрыс адам байсалды түрде қабылдай алмайды. Қазір осындай жиын өткізіп, турникет сатып алу үшін қайырымдылық көмектер алып жатырмыз. Әрбір турникет — құтқарылған бір өмір", — деді штаб волонтеры Людмила Курас.

Украинада соғыс басталғаннан кейін Алматыға қоныс аударған украиналықтарды да әңгімеге тарттық. Солардың бірі – Мальвина Куцына. Ол Қазақстанға жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

"Біз мұнда соғыс басталғаннан кейін келген украиндармыз. Біз Қазақстанға және осында қарсы алған халыққа алғыс айтамыз. Мұнда бізді өте жақсы қарсы алды. Бізді қолдап, соғысты қолдамайтындарға алғыс айтамыз", – деді Мальвина Куцына.

Қайырымдылық шарасына қатысушылардың бірі Азамат Молдасанов бұл акция ресейліктер арасында да, украиндар арасында да қаза тапқандардың барлығын еске алу екенін айтты. Оның айтуынша, әкімдік өкілдері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті. Дегенмен, бұл соғыс басталғалы қаза тапқандардың барлығын еске алуға арналған әдеттегі жиын ғана екенін атап өтті.

Жиынды әкімдік те, полиция қызметкерлері де үзген жоқ. Азаматтық киім киген адамдар алыстан бақылап отырды.

Айта кетейік, Украинада соғыс басталғаннан кейін Алматы әкімдігі Украинаны қолдау акциясын бір рет, 2022 жылдың 6 наурызында өткізуге рұқсат берді. Одан кейін әр түрлі мәліметтер бойынша митингке 1500-ге жуық адам қатысты. Осыдан кейін қала билігі Украинаны қолдау акциясын өткізуге рұқсат бермеді.

Өткен жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясындағы жалпы саяси пікірталаста сөйлеген сөзінде жанжалды халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Сонымен қатар 2023 жылы 28 қыркүйекте Германия басшылығымен кездесуден кейін журналистермен өткен брифингте Тоқаев "өзара айыптауларды тоқтату" және Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздер үшін негіз табу қажет екенін айтты.

Жақында Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинаға көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді. Соғыс басталғаннан кейін Қазақстан билігі, сондай-ақ еріктілер Украинаға гуманитарлық көмек жіберді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.