ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенат кулуарында мобильдік аударымдар туралы тілшілер сұрағына жауап беріп, жеке кәсіпкерлердің табысы қандай жағдайда тексерілетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Istock
Министр орынбасары аударымды жіберушілерді бақыламайтынын айтты.
“Жіберген адам ата-анасы, бауыры, әпкесі немесе қайырымдылық мақсатта жасалған аударымдар болуы мүмкін. Жеке мақсаттағы аударымдар тексерілмейді. Біз жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген жеке кәсіпкерлердің деректерін алуымыз керек”, – деді қаржы вице-министрі.
Ержан Біржанов төлемдерге емес, аударымдар бақыланатынын нақтылап өтті.
“Ай сайын түрлі тұлғалардан 100 аударым болса және үш ай қатарынан осындай жағдай бақыланып отырса ғана тексеріске негіз болады. Үшіншіден, қазір қосымша көрсеткіш енгізіліп жатыр, жалпы сома жиынтығы 255 мыңнан асуы тиіс. Осы жағдайда ғана жеке кәсіпкер салық органдарына түсініктеме беру туралы ескерту алады”, – деді Ержан Біржанов.
Ол сондай-ақ шағын бизнес жергілікті бюджетке салық төлеуі керек екенін, бұл аймақтағы мектептер мен ауруханалардың салынуына әсер ететінін айтты.
"Статистиканы келтірер болсақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,4 млн жеке кәсіпкердің 944 мыңы нөлдік есеп тапсырды. Табысын көрсетпеген кәсіпкерлер үлесі 67% болып отыр. Өткен жылғы ұлттық банк деректерін қарайтын болсақ, банк карталары арқылы 55 трлн теңге төлем жасалған. Ал жеке тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге аударымдар 80 трлн теңге болды", — деді Ержан Біржанов.
Вице-министр аударымдар бүкіл сауда айналымынан асып түсетінін атап өтті. Оның пікірінше, егер 80 трлн теңгеден салық түссе, білім беру мен медицина жүйесіндегі жағдай жақсарар еді.
Бұған дейін қаржы вице-министрі жаңа салық кодексінің жобасы қашан қоғамдық талқылауға шығарылатынын айтты.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.