Алматыда жол ақысын төлегісі келмей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет iStock

Алматының мамандандырылған сотында алқабилердің қатысуымен 2023 жылдың жазында жүргізушіні өлтірген кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс қаралды.

“Жасөспірімдер Шымкенттен Алматы бағытына такси шақырды (қызмет құны 40 000 теңгені құрады). Алматыға жеткенде олар жүргізушіге көптеген пышақ жарақаттарын салып, көлігі мен телефонын ұрлап алып кеткен. Алқабилер соты сотталушыларды ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (адамға қасақана өлім) бойынша кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

  • Жолда қалған жолаушыларға көмектескен қазақстандық соттан бір-ақ шықты

  • "90%-ы несиеге белшесінен батып отыр": Қазақстандық әскерилер не үшін жаппай жұмыстан шығып жатқандарын түсіндірді

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Алматыда жол ақысын төлей алмаған кәмелеттік жасқа толмаған екі бала әкелерімен құрдас ер азаматты өлтірді деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.