Антарктидада үш жыл ішінде көлемі Түркиямен бірдей мұздық еріп кеткен. 8-ұлттық антарктикалық ғылыми экспедицияның ғалымдары өз есептерінде табиғи өзгерісті жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu Agency-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото pixabay

Түркияның ғылыми-зерттеу лагері Хорсшу аралындағы GNSS стационарлық станцияларының көмегімен атмосферадағы су буының деңгейі, теңіз, мұз және қар деңгейі сияқты маңызды параметрлерді бақылады. Осы тұста ғалымдар, жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты су буының мөлшерінің өзгеруі артқанын анықтады.

Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік өлшеу әдістері арқылы да мұздықтардың айтарлықтай еруі байқалған.

Жобаның Хорсшу аралындағы алғашқы нәтижелері 2022-2023 жылдар аралығында шамамен 100 шаршы метр қар мен мұздықтардың ауданы орта есеппен 7 текше метрге қысқарғанын көрсетеді.

Ғалымдар бір жыл ішінде қар мен мұздықтардың айтарлықтай ерігенін және оның нәтижесінде әртүрлі мұздық жарықтар мен шалшықтар пайда болғанын айтады. Мамандардың пікірінше, мұздықтар осы қарқынмен еруі атмосфераға көбірек су буының шығуы мен парниктік газдар концентрациясының жоғарылауын тудырады. Сондықтан жаһандық климаттың өзгеруі сөзсіз жеделдейді.

  • Ұзындығы 8 метр, салмағы 200 келі: Ғалымдар әлемдегі ең үлкен жыланды анықтады

  • "Жаның ауырады": Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің тартылу аймағының видеосын жариялады (видео)

Жаһандық климаттың өзгеруі тұщы су көзі болып табылатын мұздықтардың еріп, теңізге жайылып жоғалуынан туындайды.

8-ұлттық антарктикалық ғылыми экспедицияның үйлестірушісі, профессор Бурджу Озсой Антарктидада теңіз мұзының азаюы ғана емес, мұздықтардың жойылу да қауіпі бар екенін жеткізді.

“Бұл өзгерістерден бөлек, мұздықтардың айтарлықтай жоғалуы да болып жатыр. Егер біз кейінгі 3 жылда еріген мұз мөлшерін өлшесек, бұл Түркияның көлеміндей болады деп айта аламыз”, – деді Озсой.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.