Оқиға 11 ақпан күні Алматы-Орал бағытындағы ұшақ бортында болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Баланың диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға кезінде ұшақ бортында облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері болған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оған қажетті медициналық көмек көрсетті. Кейін балаға тиісті дәрі-дәрмек берілді. 

  • "Ішкі дауыс бұйрық берген": Таразда 9-сынып оқушысы қатарласының тамағын пышақпен орып жіберген
  • Елімізде МӘМС арқылы кімдер тісін тегін емдете алатыны белгілі болды

Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен бойда жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Науқасты құтқарып қалған дәрігер туралы ешқандай ақпарат жоқ. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігер аты-жөнін атағысы келмеген.

Бұған дейін Жетісу облысының 43 жастағы тұрғыны оныншы сәбиін дүниеге алып келгені туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.