"KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастықтың басқарма басшысы Шынболат Байкулов Алматыда ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) шығаруға арналған қолданыстағы тариф жеткіліксіз деп санайтынын айтты.

Сарапшы түсіндіргендей, ҚТҚ-дың саны халықтың өсуіне тікелей байланысты бола отырып, өсіп келеді, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу — Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де "өткір" проблема. ҚТҚ-ды "сапалы" шығару қажеттілігі бұл қызмет үшін тиісті төлемді талап етеді.

Бүгінгі күні Алматыда ҚТҚ шығару тарифі айына 553,04 теңгені құрайды. Бұл тариф 2017 жылдан бері қолданыста және содан бері өскен жоқ. "Бұл ретте, жылына 20-25% құрайтын ЖЖМ бағасының тұрақты өсуін, шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, жалақыға, инфляцияға жұмсалатын шығыстардың өсуін ескере отырып,  жоғарыда аталған тариф қазір ҚТҚ-ды шығарумен айналысатын кәсіпорындардың шығыстарын жабу үшін жеткіліксіз екені анық", — деп қосымша айтты. 

Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағасы мен қызмет көрсету сапасы арасындағы тікелей байланыс байқалады: жеткіліксіз қаржыландыру қызметтердің нашарлауына, "олқылықтарға" және осы саладағы проблемалардың артуына әкеледі, нәтижесінде елдегі экологиялық және санитарлық жағдайға әсер етеді.

Жоғарыда аталған барлық факторларды ескере отырып, құзыретті органдары ҚТҚ шығару тарифін ұлғайтуын қарастырулары керек. 

Одан бөлек, әкімдік қолданыстағы контейнерлерді тереңдетілген үлгідегі контейнерлерге ауыстыру бойынша ауқымды жоспарлар туралы жариялаған болатын.

Бұл әрине жақсы, жағымсыз иіс болмайды, әдемі әрі қоқыс алаңының өзі жинақы көрінетін болады. Бірақ оларға қызмет көрсету үшін техниканың басқа түрі қажет. Өзімізге таныс контейнер артқы жағынан жүктелсе, онда тереңдетілген контейнерге қызмет көрсету үшін крандары бар қоқыс таситын машиналар керек болады. Бұндай техника әдеттегілерден орташа есеппен 1,5 есе қымбат.

Егер қолданыстағы тариф ағымдағы шығындарды әрең жабатын болса, инвестицияларды қайдан алуға болады", — деп қорытындылады Байкулов.

Халық санының өсуіне байланысты ҚТҚ саны тұрақты өсуде. Бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де "өткір" мәселе болмақ. ҚТҚ-ны "сапалы" өңдеу қажеттілігі үшін тиісті төлемді талап етеді. 

Қазіргі уақытта Алматыда ҚТҚ шығару тарифі айына 553,04 теңгені құрайды. Бұл тариф 2017 жылдан бастап қолданыста болды және содан бері өскен жоқ. Бұл ретте жанар-жағармай бағасының, шығыс материалдарының, қосалқы бөлшектердің тұрақты өсуін, жалақыға, инфляцияға жұмсалатын шығыстардың жылына 20-25%-ға өсуін ескере отырып, жоғарыда аталған тариф қазір ҚТҚ-ны тікелей өңдеу кәсіпорындардың шығыстарын жабу үшін жеткіліксіз екені анық.

"ҚТҚ бағасы мен қызмет көрсету сапасы арасындағы тікелей байланыс байқалады: қаржыландырудың жеткіліксіздігі қызметтердің нашарлауына, "олқылықтарға" алып келеді. Бұл сайып келгенде осы саладағы проблемалардың ұлғаюына алып келеді және соның салдарынан елдегі экологиялық және санитарлық жағдайға әсер етеді", – деді KazWaste қауымдастығының Басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов.

Бұған дейін біз Қазақстанда қалдықтармен жағдайугығып бара жатқанын бірнеше рет жазған болатынбыз. 

Жоғарыда аталған барлық факторларды ескере отырып, құзыретті органдар ҚТҚ шығару тарифін ұлғайту мәселесіне қарай қайта қарауы тиіс.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.