Шымкентте кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі жылдар бойы ұрып-соғып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Не молчи" қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған видео

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге қыздың туыс әпкесі хабарласып, араша сұраған көрінеді. Сондай-ақ қызды белдікпен ұрып жатқан өгей әкенің видеосы жіберген.  

Туысының жазуынша, қорлық көріп келген қыз қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығында және ол үйіне барғысы келмейді. 2017 жылы өгей әкеден қорлық көрген қыздың әжесі полицияға арызданған екен. Бірақ туыстарының айтуынша, жағдай өзгермеген. Қыздың анасы да соққыға жығылады екен. Өгей әке қызды өте қатты ұрып-соғып, тіпті шашын жұлған. 

Аталған видеоға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Аталған жағдай 2023 жылдың сәуір айында орын алып, өгей әкеге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сот қаулысымен тараптар татуласып, іс бойынша тергеу жүргізу тоқтатылған. 2023 жылдың 21 желтоқсанында кәмелетке толмаған бала ювеналды полиция инспекторына ата-анасының үстінен шағым түсіріп, содан кейін бейімдеу орталығына орналастырылды. Ананы ата-ана құқығынан айыру туралы материалдар мамандандырылған сотқа жіберілді.

Айта кетерлігі, бұл отбасы жыл бойына полицияның ерекше бақылауында болып, тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазір қыздың анасы дағдарыс орталығында, психологиялық және заңгерлік көмек алуда", — делінген хабарламада. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.