Алматыдағы мектептердің бірінде оқушыға қастандық жасамақ болған ер адамға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/lou.kamila

Ер адам ұлымен төбелесіп қалған оқушының жағасынан алып, тұншықтырмақ болған. Болған жағдайды оқушының анасы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Басқа оқушының әкесі менің баламды ұрып-соғып, тұншықтырды. Барлық бала мектепте төбелеседі, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ қой. Ал ол менің балама күш көрсетті. Бұл жағдай мектепте, үзіліс кезінде болған. Ол сынып жетекшінің жоқтығын пайдаланып, сыныпқа баса-көктеп кіріп, баламды ұрған. Менің ұлым небәрі 6 жаста. Оңбағанның ұлыма не істегенін ойласам жүрегім ауырады. Балаға осылай күш көрсетуге болады ма? Олар не түсінеді дейсің? Кішкентай балада ересекке қарсы тұратын күш қайдан болсын? Ол әлі кішкентай ғой”, – деп жазды оқушының анасы. 

Сондай-ақ ол ұлына қол көтерген ер адамның жай ғана айыппұлмен құтылып кетуіне жол бермейтінін айтты.

“Ер адамның бұл әрекетін ақтауға келмейді. Мен оның жай ғана айыппұлмен құтылғанын қаламаймын. Заң алдында жауап беруін талап етемін. Ол заңның бар екенін және әр адам істеген існе жауа беру керегін түсінсе екен деймін. Оның ерсі әрі ақылға қонымсыз іс-әрекеті жазасыз қалмауы керек”, – деп атап өтті келіншек.

Болған жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.

“Мектеп директордың орынбасарына, оқушының сынып жетекшісі мен күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды. Бұл мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында. Тергеу жүріп жатыр", – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Lou kamila 🇰🇿 (@lou.kamila)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.