Хабарландыру Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында



бет1/2
Дата13.01.2022
өлшемі32.94 Kb.
#169705
  1   2
Байланысты:
Олимпиада 2021
Мектепішілк ГРАМОТА

Хабарландыру

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 02.12.2021 - 10.12.2021 күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізіледі:



  1. қазақ тілі мен әдебиеті;     

  2. қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті

4) ағылшын тілі; 

5) математика;          

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;            

11) Бастауыш сынып пәндері бойынша

Мектеп әкімшілігі


Олимпиадаға гуманитарлық пәндер бойынша 5-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынш 5-11 сыныптар, бастауыш сынып пәндері бойынша 2-4 сыныптар оқушылары қатыстырылады. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ.

  Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес

 БҰЙЫРАМЫН:

 02.12.2021-10.12.2021 күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізілсін. Олимпиада ережесі бекітілсін.

Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілсін:

1)  қазақ тілі мен әдебиеті;   

 2) қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті; 

4) ағылшын тілі; 

5) математика; 

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;  

11) бастауыш сынып пәндері

Олимпиадаға гуманитарлық пәндер бойынша 5-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 5-11 сыныптар, бастауыш сынып пәндері бойынша

2-4 сыныптар оқушылары қатыстырылсын.

Олимпиаданың өткізілу жоспары, кестесі бекітілсін. Олимпиада тапсырмалары пәндік әдістемелік бірлестіктерде дайындалсын. Тапсырмалардың құпиялылығы сақталсын.

13.12.2021 желтоқсан күні олимпиада қорытындыланып, жүлделі оқушылар марапатталсын.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталсын және дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.

Осы бұйрықтың орындалуын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Д. Мухамадиеваға жүктеймін.

 

Мектеп директоры:                   Г.Е. Кисыкова



Мектеп директорының

2021жылғы 30 қарашадағы № бұйрығына

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ЕРЕЖЕЛЕРІ

 1. Жалпы ережелер

    1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері(бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.

   2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтықолимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегібілім берудің беделiн көтеру.


     3. Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты әдістемелік кеңес:
      1) осы ережемен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
      2)Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
      4) Мектеп директорына Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
      5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
      6) Олимпиада материалдарын жариялайды.
      4. Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3адамнан кем емес).
      5. Олимпиаданың қазылар алқасы:
    1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
      2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
      3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін әкімшіліккеұсынады;
      4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
      5) Әдістемелік бірлестікпен пен бiрлесе отырып, аймақтық олимпиадаға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

   2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

  6. Олимпиадаға гуманитарлық пәндер бойынша 5-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 5-11 сыныптар оқушылары бастауыш сынып пәндері бойынша 3-4 сынып оқушылары қатысады.

      7. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және әдістемелік бірлестікте бекітеді.

      8. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады.
      9.Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққаннан кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек..

  3. Қорытынды ереже

 10. Мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.

  11. Олимпиаданың аймақтық  кезеңіне қатысушылар саны әр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады.

 12. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

 

Мектеп директорының



2021 жылғы 30 қарашадағы № бұйрығына

2-11 сынып оқушыларының мектепішілік олимпиадасын өткізу жоспары

(2021-2022 оқу жылы)

Мақсаты:


·         оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету;

·         оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру;

·         ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру;

·         дарынды балаларды айқындау;

·         оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаға іріктеу және дайындау.

 




Мазмұны

Уақыты

Жауапты

1

Олимпиадаға қатысушы 2-11 сынып оқушыларының тізімін алу

30 қарашаға

Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері

2

Олимпиада өткізу кестесін әзірлеу, бекіту.

30 қараша

Оқу ісі меңгерушісі Б.Д.Мухамадиева

«Дарын» қоғамының жетекшісі

К.Ж.Бакиянова

Бірлестік жетекшілері : Ургушева С.К.

Шкибаева М.К.

М.А.Елеусизова



3

Олимпиада тапсырмаларын әзірлеу.

29-30 қараша

Пән мұғалімдері

4

Олимпиаданы өткізу, жауапты мұғалімдер мен кезекшілер жұмысын үйлестіру.

                              

                              


02.12.2021-10.11.2021 күндері

сағ:15.00-18.00



Б.Д.Мухамадиева

К.Ж.Бакиянова

С.К Ургушева.

М.К.Шкибаева

М.А.Елеусизова


5

Олимпиада жұмыстарын тексеру, бағалау.




Бірлестік жетекшілері, мектеп әкімшілігі жауапты мұғалімдер

6

Олимпиаданы қорытындылау, жеңімпаз оқушыларды марапаттау.

13.12.2021 желтоқсан

Бірлестік жетекшілері, мектеп әкімшілігі

7

Олимпиада қорытындысын аудандық білім басқармасына тапсыру.

Кестеге сай

«Дарын» қоғамының жетекшісі К.Ж.Бакиянова


8

Олимпиада қорытындысы бойынша аймақтық және аудандық олимпиадаға қатысушылар командасын жасақтау, әзірлік жұмыстарын ұйымдастыру.

14- желтоқсаннан бастап

«Дарын» қоғамының жетекшісі К.Ж.Бакиянова

Келісілген: Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ

__________________ директоры_____________

Мухамадиева Б.Д. Кисыкова Г.Е.

«_____»___________2021ж. «_____»___________2021ж.


«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында өткізілетін мектепшілік пәндік олимпиаданың жоспары





Пән атауы

Өтетін уақыты

кабинет №

Жауапты мұғалім

Комиссия мүшелері

1

Қазақ тілі мен әдебиеті

02.12.21

сағ15:00

13 каб

5-11 сынып

Амал Рәмиза

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

2

Орыс тілі мен әдебиеті

03.12. 21

сағ 15:00

16 каб

5-11 сынып

Мутан Алтынгул

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

3

Математика


06.12. 21

сағ 15:00

17 каб

5-11 сынып

А.Т.Кабдрахманова

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакинова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

4

Химия

физика

07.12. 21

сағ 15:00

20 каб

7-11 сынып

Г.А.ДЖумашева

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

5

География

Биология

Жаратылыстану

08.12. 21

сағ 15:00

7 каб 19 каб

5-11 сынып

Е.С.Бияхметова


Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

6

Тарих

09.12. 21

сағ 15:00

8 каб

5-11 сынып

А.А Наурызбаева.

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

7

Ағылшын

тілі

10.12. 21

сағ 15:00

1 каб

5-11 сынып

К.Тілеухан

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

8

Информатика

10.11.21.

сағ 15:00

10 кабинет

5-11 сынып

Баймырза Шәмша

Б.Д.Мухамадиева

К.Ж. Бакиянова.

С.К.Ургушева

М.К. Шкибаева

М.А. Елеусизова

Келісілген: Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: «Гагарин атындағы орта мектебі» КММ

Мухамадиева Б.Д. директоры_________ Кисыкова Г.Е.

«_____»___________2021ж. «_____»___________2021ж.

«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ бойынша

Бастауыш сыныптарда өткізілетін пәндік олимпиадалар

жоспары


2021-2022 оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет