Танымал әнші, ҚР “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева жеке парақшасында босанғалы өміріндегі өзгерістерді айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Жаңа жыл қарсаңында өнер иесі бесінші қызын дүниеге әкеліп еді. 

“Қала мен дала көріп, базардан келе жатырмыз. Амина үйде қалды. Жаным сол, кірпияз емес. Қосымша сүтті де ішіп, омырауды да емеді. Анасына ұқсаған сияқты. Бірақ әкесі де тамақ таңдамайды. Оқырмандарым грек жаңғағы мен тары салып шай іш деп жатыр. Салмақ деген Аллаға шүкір болып тұр. Ештеңе етпейді, арықтап аламын ғой деп өзімді жұбатамын. Рақмет, сіздерге”, – деп алғыс айтты әнші. 

  • "Балаңды өзім бағамын": Гүлнұр Мамасарипова актриса Гүлназ Жоланованың құпиясын ашып қойды

  • "11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты": Ерке Есмахан күйеуіне алғыс айтты

Сонымен қатар өнер иесі қыздарының омырау сүтіне аса құмар емес екенін айтты. Бірақ бала емізіп отырған әйел көрсе қызығатынын жасырмады. 

“Үлкен қызым 8 айлығында омырауды ембей қойды. Ол кезде сүтім құнарсыз, көк су болатын. Қосымша сүтке де тәбеттері жақсы болды. Осы балада ұзақ емізсем екен деп армандап едім. Бұл қыз сол арманыма жеткізді. Емізіп отырып, бақыттың не екенін біліп отырамын”, – деп жан сырын ақтарды жұлдызды ана. 

Еске салайық, әнші күйеуінің бала күтіміне көмектесетінін айтқанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.