Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев кіндік баласының әке-шешесіне тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Отандық киноларда жиі бой көрсететін актер Шерхан Пірназар  Рауан есімді ұлына кіндік әкесі етіп Жаханды таңдаған екен. Өнер иесі қонаққа құр қол келмей, үй иелеріне арнайы дайындап келген сыйын табыстаған. Актер алдымен кіндік баласына кішкентай көлік тарту етіп, оны ерекше қуантты. Одан кейін ол досы мен оның келіншегіне күтпеген жерден сыйлық жасады. Ерлі-зайыптыға қажылыққа 12 күнге жолдама сыйлады. 

“Осыдан екі жыл бұрын Рауанның кіндік әкесі етіп атадыңдар. Өмірімде екі адам солай атады. Біріншісі, туған інім Бауыржан, сосын – сендер. Осындай бақытқа жете алмай жүргеніме 15 жыл болған екен. Бұл – менің кішігірім сыйлығым. Жақындарың сендерді таңғалдыру оңай емес екенін айтты. Мен тырысып көрдім. Сендерге Умраға жолдама. 12 күн Меккеде боласыңдар. Қағбаны құшақтап, жылап, дұға тілеңдер! Отбасыларыңызға береке, бірлік сұраңыздар. Ең бастысы, екеуің тату болыңдар", – деді актер. 

Еске салайық, Жахан Отарғалиев ажыраспау үшін қолынан келгенін жасағанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.