Халықаралық жеке құқықт пәнінен қысқаша дәріс тезистері 1-тақырып. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны



бет1/8
Дата22.05.2022
өлшемі95 Kb.
#174107
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4.daris konspektisi 2


Халықаралық жеке құқықт пәнінен қысқаша дәріс тезистері


1-тақырып. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі және құқық жүйесінде алатын орны
Халықаралық жеке құқық – құқық салаларының ішінде ерекше саланың бірі болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.
Халықаралық жеке құқықтың ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизилық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатынын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әртүрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарның арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.
ХЖҚ-та маңызды орынды таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж (төрелік) тәжірибесі алады.
Халықаралық жеке құқық – бұл шетел элементімен күрделілендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған (бірегейлендірілген) жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен пәні
Ең бірінішіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айту керек. Осындай мүліктік қатынастарды үш топқа бөлуге болады:
1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, қазақстаендық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
2. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мысалы, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел ауумағында болатын болса.
3. Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік қатынастар (зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.).
Осыдан келіп, ХЖҚ-тың пәні болып халықаралық азаматтық-құқықтық қатынастар табылады деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет