Халықтар достығын қадірлейік



жүктеу 41.4 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі41.4 Kb.
түріСабақ

Қазақстан бірлік пен татулық мекені

Сабақтың мақсаты:Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Әр елдің өз ерекшелігі,салт-дәстүрі,тілі болатыны белгілі,атаның қасиетті сөзінен,ананың ақ сүтінен бастау алатын тәрбиеміз адамдыққа,достыққа үндейді.Халықтардың әдет-ғұрыптарын,дәстүрін,тарихын біліп қастерлеп ,бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру -әрқайсымыздың басты борышымыз екнендігін оқушыларға ұғындыру.Еліміздегі халықтар достығын,бірлігін нығайту .

1-жүргізуші:Қазақстан-алуан ұлтты бауырына басқан,бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достық пен ынтымақ еді.

Қазақстан130-дан астам ұлт өкілі бар.Олар бір ананың баласындай,бір шаңырақ астында еңбек етіп,тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Осының айғағы ретінде біз бүгін халықтар достығы фестивальін ұйымдатырып,достық мерекесін өткізбекпіз.Ортаға оқушыларды шақырамыз.

1.Түрікмен-1оқушы

2.Қырғыз-1оқушы

3.Тәжік-1оқушы

4.Орыс -1оқушы

5.Қазақ-1оқушы

6.Ұйғыр-1оқушы

7.Өзбек-1оқушы

8.Татар-1оқушы

9.Украин-1оқушы

2-жүргізуші: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында беибіт өмір кешіп жатыр.Қазақстанның ынтымақ,бірлігі үшін шаттанамыз.

Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды.Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады

1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі мерекеміздің өтілу барысымен таныс болайық.

1.Әр ұлт өкілі өздерін таныстырады

2.Салт-дәстүрімен танысу

3.Ән өнері

4.Би өнері

5.Бүктемемен таныстыру

2-жүргізуші:: Бұл халықтардың бәрі де түріне ,нәсіліне қарамастан ,теңдей білім алып,Қ.Р-дың Ата Заңына арқа сүйеп қазақ еліне қызмет етіп келеді.

1.Халқымыз достық ынтымақтатыққа ежелден-ақ мән берген.«Түбі бірге түрікмен »деп бекер айтпаса керек.Түрікмен халқының өкілдерін ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Қырғыз,қазақ бір туған» деп қазақ халқы қырғыз халқының бауырына тартып,өзіне жақын санаған.Қойы қоралар елі аралас халық.

(қырғыз халқы.)

2-жүргізуші: Қырғыз,қазақ,өзбектер

Моңғол,түрік,дүнгендер

Армян,тәжік,грузин

Терезесі тең жатыр

(тәжік халқы)

1жүргізуші: \

Достығымыз жарасқан

Ақпыз,қара,сарымыз.

Қара жер мен көк аспан

Ортақ дала,тауымыз

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

(орыс халқы)

2-жүргізуш:

Бірлік пенен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырады жарқын күн

Ырыс,дәулет,бақыты үшін халқымның

Жайнай берсін,жайнай берсін алтын күн.

2.Қазақстан біздің еліміз,туған жеріміз.

Біз әрқашан Қазақстан жерінде туып,өскенімізге қуанамыз.

(қазақ халқы)

1-жүргізуші:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр

Ортақ жұтар ауамыз

Ортақ жарық күніміз

Ортақ туған анамыз

Жер-Ананың қызы-ұлымыз.

(ұйғыр халқы.)

2-жүргізуші:« Өзбек -өз ағам»деп қазақ халқы өзбек халқынөзімсіне өзіне тартқан.Кең пейілді қазақ халқының даласын жайлаған ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

(өзбек халқы)

1-жүргізуші:Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі,ұйымшылдығы,басқа халықтармен одақтасып ,достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді. Қазақстанда татар ұлты да бауырласып өмір сүруде.

(татар халқы)

2-жүргізуші:

Татардан,немістен,түріктен,

Көпұлтты шаңырақ біріккен,

Бәрінің жүрегін жібіткен,

Ынтымақ ұраны мекенім

Қосылды украин бауыры.

Түк емес салмақтың ауыры,

Бәріміз бірігіпел болдық,

Ертең-ақ дүрілдер дәуірі.

(украин халқы)

Келесі кезең - «Ән өнері»

1-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Мың бұралған бишілер би билейді

Халайық қол соғыңдар мархаббатты.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бишілерді шақырамыз ортаға.

Келесі кезек биге беріледі

2-кезең

2-жүргізуші:.Бірлік – халық салты.Халқымыздың

Бірлік салты отбасынан басталып,бүкіл ел,барлық адамзат баласының бірлігімен ұласады.

Туғаннан соң адам боп,

Тілімізде жаман жоқ,

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі,салт-дәстүрі,тілі болатыны белгілі. Ендеше кезекті салт-дәстүрге берейік.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш тамаша құлпырды,

Күй толқып,көңілімде жыр тұнады,

Достық туын көтеріп биіктерге

Елімнің тұр жарасып ынтымағы.

Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Бойына берген өнер сарқылмасын,

Шыңға біткен шынардай биіктерде

Ұлттардың ән өнері сарқылмасын.

Еңсесі биік елім әртүрлі ұлттардың мекені болып,бір жағадан бас шығарып,достық пен бірлік символына айналуда. Ендеше,келесі кезең үй тапсырмасы:бүктемемен таныстыру.

2-жүргізуші: Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды

Бақыттың,достықтың мекені

Қорғаймын, қолдаймын орданы,-деп,бақыт ордасында түрлі ұлт өкілі бір ананың баласындай өмір сүретініне көз жеткіздік.

Тәтті күй,сұлу әнмен сусындадың,

Бүгінгі кеш ойда қалар қол соғайық.

Шаттықпеннен ән салып,би биледік

Достық туын көтерді барша халық.

(Барлық қатысушылар шар,жалаушылар көтеріп шығады)

«Халықтар достығы» әні орындалады.

1-жүргізуші:Жерімді мекендеген түрлі халық.

Біздің ел дәстүріне қуат алып,

Береке,достық болып сүйенері

Елімді отыр танып барлық халық.

Барлық халық,бақыт үшін таратқан алға,

Біздің ел ынтымақты,бауырласқан

Достық қайда болса,

Бірлік сонда.

Отаным жатсынбайды басқа ұлтты,

Бауырына басып отыр барша жұртты,

Ұсынған елбасымыз жолдауында

Жайқалта жасандыру адамзатты.

Қортындылау.Қонақтарға рахмет айтып,шығарып салу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет