Хі‡-Х‡ Ѓасырладрдаѓы дешті ќыпшаќТАЃы хандыќ билік ж‡йесі



Дата20.04.2019
өлшемі47 Kb.
#106651
түріКодекс



ХІҮ-ХҮ ҒАСЫРЛАДРДАҒЫ ДЕШТІ ҚЫПШАҚТАҒЫ ХАНДЫҚ БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Бейбітов Н.Ж.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді [1, 192 б].

ХІІІ ғасырдың басында моңғол жаулаушылығымен бірге келген моңғолдық басқару жүйесі жергілікті халық тарапынан қарсылық көрмеген күйі жалғаса берді. Алайда, моңғол жаулап алушылығынан ХІҮ ғасырдың ортасына дейінгі кезең із-түссіз болған жоқ. Бұл кезде этникалық процестерге байланысты моңғолдық этникалық компоненттер трансформацияға ұшырайды. Дешті Қыпшақтағы мұндай этникалық өзгерісті ХІҮ ғасырдағы араб географы әрі саяхатшысы әл-Омари былайша баяндайды: «Ежелде бұл мемлекет қыпшақтардың елі болатын. Бірақ татарлар оларды бағындырып, Қыпшақтарды қол астына қаратты. Кейін олар араласып, жақындасып кетті де олардың жері моңғолдардың табиғи және нәсілдік қасиеттерінен асып түсті. Олардың бәрі бір рудың адамдары секілді қыпшақ болып кетті» 1, 194 б.

Дешті Қыпшаққа моңғолдардың қоныс аударуы болды. Олар жергілікті халықтың санынан асып түсті деген қате түсінік бар. Бірақ біз Шыңғыс ханның төрт ұлына ұлыстарды бөліп бергенін білеміз. Ол Төледен өзге ұлдарына бес мыңнан әскер бөліп бергені мәлім. Бұл аз санды моңғол әскері қыпшақтармен сіңісіп, ассимиляцияланып кететіні белгілі.

Бұл моңғол дәуірі мен одан кейінгі қалыптасқан тарихи кезеңдегі саяси оқиғала этникалық өмірге әсер етпей қоймайды. Ол туралы В.В. Бартольд былай дейді: «Моңғол империясы Қиыр Шығыс пен Алдыңғы Азияның мәдениетті елдерін біршама уақытқы біріктірді. Батыста Хорезм, Волга бойы елдері империя құрамына кірді. Бұрын олардың арасында тек мәдени және экономикалық байланыс қана болған еді. Кейін келе моңғол мемлекеттері ислам дінін қабылдады. Әлеуметтік-саяси, идеологиялық жағынан олармен бірге бастады 2, с.68-69.

Бірікпеуі мүмкін емес те еді. Тіпті ХІҮ ғасырда Дешті Қыпшақтағы әдеби тіл моңғол емес, түрік тілі, оның өзі оғыз-қыпшақ элементімен болды.

Қазақстан аумағына моңғол жаулаушылығы барысында жалайырлар, қоңыраттар, маңғыттар, барластар, байриндер, қияттар келіп қосылды.

Қыпшақ тайпаларының бір бөлігі моңғолдардың тықсыруымен Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшуге мәжбүр болады. Жайылымдарды Моңғолдардың басып алуы, олардың өзара соғыстары түрік ру-тайпаларының ұсақталу, ажырау, орын ауыстыру процесін күшейтті 3. Бірақ сонда да Дешті Қыпшақ тұрғындары моңғол әскерінің қатарын толықтырып, моңғолдардың батысқа жасаған жорығына қатысты. Олардың бәрі кейін қайтып оралмай, бір бөлігі бағындырылған аймақтарда қалып отырды.

Сөйтіп, моңғол жаулаушылығынан туындаған оқиғалар Қазақстандағы жергілікті этникалық құрамға біршам өзгеріс әкелді. Ол өзгерістер оқиғалар көрсеткендей, моңғолдық этностың пайдасына шешілмей жергілікті қыпшақтық этностың даму бағытымен жүрді.

Моңғол шапқыншылығы мен басқару жүйесі Дешті Қыпшақтағы этникалық құрылымды өзгеріске ұшыратып, жергілікті этностарды араластырып жіберді. Мұндай этникалық араласу жергілікті тұрғындардың этно-әлеуметтік құрылымын өзгертіп, этникалық процестерге жаңа түр берді. Моңғол империясының құрылып, ұлыстардың қалыптасуына байланысты тайпалар мен халықтардың осы аумақта біте қайнасып, өзара этникалық араласуы жылдамдай түсті. Аймақтың этникалық картасын жаңа қоғамдық құрылымдар, жаңа құрылған ұлыстар едәуір өзгертіп жіберді.

ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында болған этникалық өзгерістер Дешті Қыпшақтағы жалпы этникалық дамуды тежегенімен, оны тоқтата алмады. Тіпті жаңа этникалық құрылымдардың негізінде жергілікті этностар қайта жандана бастайды.

Қыпшақтар моңғолдардың түркілену дәуірінде процесінде негізгі рөл атқарды. Қыпшақтану процесі Дешті Қыпшақтағы Моңғол империсының бұрынғы қуатын әлсіретті. Себебі Шыңғыс хан ұлдарына бөліп берген, бірақ орталыққа тәуелді ұлыстар ол өлген соң немерелері тұсында әр ұрпағы өз әулетін толық дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға ұмтылды.

ХІҮ ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақта тайпа, би-көсемдерінің, сосын Орда Ежен ұрпақтары әулетінің билігі орнады.

Өзбек хан адалдығы үшін бүкіл Жошы ұрпақтарынан шыққан оғландарды нөкерлерімен басқа да адамдарымен қосып қият Исатайға (қара кісі) қосынымен бергені мәлім 4. Ол мұны Жошы ұрпақтары Шыңғыс тұқымының беделін түсірді, қарапайым адамның билігін мойындады деп, сондықтан берді. Алатайға (Исатаймен бірге жүрген) минг тайпасынан тұратын елді берді. Исатай өзіне берілген Жошы ұрпақтарынан Шайбанилерді ғана босатып, қарлық пен бұйрық тайпаларын бөліп берді.

Исатайдың ұрпағы Теңіз Бұға мен қият Мамай арасында Шыңғысхан шыққан қият тайпасы екіге бөлінді. Бердібек хан өзінің ішкі адамдарымен қалды.

Дешті Қыпшақта хандық билікті мұралануда моңғолдық дәстүрдің принциптері бұзылады. Бір ғасырдан астам уақыт өмір сүріп, күшін жол бастаған моңғолдық дәстүрдің әлсіреуі Жошы ұлысындағы саяси және этникалық процестермен қатар жүрді және бір-бірімен өте тығыз байланысты болды. Неғұрлым қыпшақтану процесі тереңдеген сайын моңғолдық дәстүрдің күшін жол бастағанын байқаймыз.

ХІҮ ғасырдың екінші жартысымен ХҮ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақта болған саяси оқиғалардан моңғолдарға дейінгі қыпшақтық дәстүр мен толық жойыла қоймаған моңғолдық дәстүр арасындағы күрестер байқалады.

Дешті Қыпшақта ежелден қалыптасқан үлкендік және хан тағын иеленуден бір әулеттің жалғыз орнығуына көшу ХІІІ - ХІҮ ғасырлардағы ішкі соғыстардың бір жағынан қайтыс болған ханның ұлдары мен екінші жағынан іні немесе немере іні арасындағы қарсылықтан тууына әкеліп соқтырады. Бұрын жасы үлкені қайтыс болған ханның тікелей мұрагерімен -ұлымен тікелей күреске шығатын еді. Енді тіпті қайтыс болған «іні» (ханның) ешқашан хан болмаса да оның баласы ханның өз ұлымен қатар хан тағына құқының мұрагері болады. Хан билігі үшін екі принцип: атадан балаға мұраға берілу мен биліктің әулеттегі үлкенге берілуі емес, екі бағыт: бірі-билеуші, екіншісі-үлкендік құқы бойынша екі немесе үшінші ұрпағы билеуге құқылы сұлтандар таласады. Бұған Төленің баласы Мөңкенің билікке келуін мысал етуге болады.

ХҮ ғасырдың екінші жартысы Дешті Қыпшақтағы моңғолдық дәстүр толық жойылды. Оған әсер еткен тағы бір фактор-діни -рухани фактор болды. Бұл этникалық, саяси факторлармен тығыз байланысты жүргендіктен оларды ажырату қиындық туғызды. Діни-рухани мәселелерді қарастыруды біз ХІІІ ғасырдан моңғол шапқыншылығы дәуірінен бастаймыз.

Моңғолдар жаулап алғанға дейін Дешті Қыпшақ даласының халқы негізінен мұсылман дінінде болды 3, 74 б. Сондықтан да діни-рухани фактор моңғолдардың қыпшақтану бағытындағы өзіндік маңызды тарихи рөлі бар сала.

ХІІІ ғасырдың басында Дешті Қыпшақты басып алған моңғол жаулаушылары ол жерге өз мемлекетін құрады. Ол шығыс әдебиетінде Жошы Ұлысы немесе Көк Орда, ал орыстар оны Алтын Орда деп атайды.

Монғол жаулаушылығы Дешті Қыпшақтың әр жеріне әр түрлі әсер етті. Мөңке қаған реформалары моңғолдардың жергілікті халықпен жақындасуына жол ашып берді. Мәдени-рухани дамуы жағынан өздері жаулап алған елдерінен төмен болғандықтан монғолдар Дешті Қыпшақтың мәдениетін қабылдауға мүдделі болды.

Батыйдың мұсылмандарды қолдап, олардың досы болғанын, дінбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені туралы деректерде айтылады. Мұндай оң жағдайлар жасау Дешті Қыпшақ атауының өшпей, қайта Қытайдан Еуропаға дейінгі аралықта кең таралуына әсер етті.

Ислам дінінің ресми дін ретінде қабылдануы, әсіресе оның жоғары билеуші топтар арасында таралуы бүкіл халықтық көлемде қыпшақтық дүниетанымның түбегейлі қалыптасуына әкеліп соқтырды. Моңғолдық этникалық топтардың жергілікті дәстүрді қабылдауы аяқталды. Енді тек қана билікті мұраларында моңғолдық дәстүр сақталып қалды. Қыпшақ тілін, әдет- ғұрпын, салт -дәстүрін, дінін қабылдау әлеуметтік жүйеде төменнен жоғары қарай жүрді.

ХҮ ғасырдан бастап хандық билікті мұралануға да қыпшақтық дәстүр ене бастайды. Мұны енгізушілер ресми биліктен ұзақ уақыт бойы тыс қалып, сұлтан дәрежесінде жергілікті халықтың барлық дәстүрін қабылдаған, оның ішінде қыпшақтардың мұрагерлену дәстүрінде өзінің дәстүріне, санасына сіңірген шыңғыс ұрпақтары еді. Сондай шыңғыс ұрпақтарының өкілдері Керей мен Жәнібек сияқты, Ақ Ордада Барақтан соң қырық жылдан уақыт бойы хандық биліктен тыс қалған Орыс хан ұрпақтары болды. Олар толығымен жергілікті халықтың осы дәстүрін бойына сіңірді. Кейіннен ХҮ ғасырдың 50-60- жылдарында ресми билік өз қолдарына көшкенде жаңа хандар қыпшақтық дәстүр бойынша таққа отырғызылатын болды.

Дешті Қыпшақтағы рухани - діни процестерді анықтайтын тағы бір оқиғаны айтпасқа болмайды. Ол- Әбілқайыр ханның қарамағындағы әмірлерді қуғынға ұшыратты. Оған себеп-1457 жылы Сығанақтағы Үз Темір Қайшыдан жеңілуі еді. Осыдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша, Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханның Жошы ұрпақтары көрсеткен қыспағына қашып Моғолстанға келеді.

Моғолстанның батыс шекарасына көшіп, аз уақытта қазақ хандығын құрған керей мен Жәнібек сұлтандар Дешті Қыпшақта жеңіске жеткен қыпшақтық дәстүрді мемлекеттік жүйеге енгізеді. Ол бойынша, таққа Барақ ханның ұлы Жәнібек отыруы тиіс болса, жасы үлкендігіне қарай Керей таққа отырады.

Керейден кейін оның ұлы Бұрындық таққа отырғанымен, бұл жерде ибн Рузбеханның мына мәліметі көңіл аудартады: «Қазақ ұлысында көптеген сұлтандар билікке таласып, ел ішінде алауыздықтар орын алады. Бұл Бұрындық ханның тұсы» 3, 100 б. Бұдан жергілікті сұлтандардың тартысы нәтижесінде жергілікті қыпшақтық дәстүрдің біршама бұзылғандығын аңғаруға болады. Бұрындықтың хандық билікті нық ұстай алмағаны туралы Мырза Мұқаммед Хайдар былай дейді: «Жәнібектің баласы Қасым үлкен күшке ие болғандығы сондай, Бұрындық хан болғанымен, мемлекет басқару мен хандық билік Қасым ханның қолында болды» 5. 1511 жылы Бұрындық хан тақтан шеттетіліп Қасым толық қанды хан болып жарияланады. Қасым ханнан кейін ұлы Мамаш билікке келеді. Бұл кезде қазақ хандығында алауыздықтар туып, сұлтандар арасында өзара билікке таласу орын алады. Бұның бір себебіне мұрагерлік жолдың өзгеріске ұшырауын жатқызамыз. Мамаштан кейін таққа отырған хандардың барлығы дерлік аға - іні, немере, туыс болып келеді. Мысалы, Мамаштан кейін Тахир хан билікке келеді. Ол Жәнібектің төртінші ұлы Әдік сұлтанның баласы 6.

Көріп отырғанымыздай, қазақ хандығында билікті мұраланудағы қыпшақтық дәстүр нық орнығады. Шыңғыс хан тұсында қалыптасқан мемлекет формасы сақталып, енді ол Керей мен Жәнібек негізін қалаған жаңа қазақ хандығының мемлекет басқаруында көрініс табады. Дешті Қыпшақтағы мұрагерлік дәстүр уақыт өте келе моңғолдық дәстүрдің саяси құрылымын ығыстырады. Тек қана қыпшақтық негізде қазақ хандығының нығайған феодалдық қатынастағы мемлекет болып құрылуына көп уақыт кетеді. Бірақ моңғол жаулаушылығына дейін ертефеодалдық мемлекет болған Дешті Қыпшақтардың моңғолдардың бір орталыққа бағынған билігін алып, орталықтанған, билігі нығайған мемлекетке айналады.



Осылайша, қыпшақтық билеу дәстүрінің қайта жаңғыруы, оның күрес арқылы жеңіске жетуі - ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы этносаяси дамудың қорытындысы іспетті болды.Осы аралықтағы этносаяси дамуда екі дәстүр арасындағы күресте жергілікті билеу дәстүрінің әлеуметтік құрылымының барлық топтары, оның ішінде билеуші топтардың да арасында жеңіске жетуі жаңа ұлттық мемлекеттің құрылуына негіз болды деп санаймыз.
Әдебиет


  1. Қазақстан ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2004. 6 т. – 192 б.

  2. 94 Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973. - 68-69 бб.

  3. Кәрібаев Б.Б. ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Дещті Қыпшақта хандық билікті мұраланудағы монғолдық дәстүрдің өзгеріске ұшырауы туралы // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2002. - №1 (24). - 38-41 бб.

  4. Утемиш Хаджи. Чингиз-наме. – А.,1992. - 105 б.

  5. Кәрібаев Б.Б. Керей мен Жәнібектің көшу себептері туралы // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2001. - №4 (23). - 43 б.

  6. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – А., 1992. - 22-23бб.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
konf 2013 I -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 I -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 I -> “асар” дауларына ќатысты билік шешімдердіњ ерекшеліктері
konf 2013 I -> Ќылмыстыќ істер бойынша ¤зара ќ¦ЌЫЌТЫЌ К¤мек к¤рсету институтыныњ Ќалыптасу жєне даму тарихы
konf 2013 I -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 I -> Эхинококкоз ауруыныњ жамбыл облысында таралуы жєне
konf 2013 I -> Тєуелсіз ќазаќстан мен германия арасындаѓы ынтымаќтастыќ динамикасы
konf 2013 I -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 I -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 I -> Ауыр металдармен ластанѓан топыраќты ќалпына келтіруде фиторемедиациялау єдісін ќолдану м‡мкіндігін талдау


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет