Париждік Coperni сән бренді NASA-мен бірлесіп Air Swipe сөмкесін шығарды. Бұл аксессуар 99% ауадан және 1% шыныдан жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vogue басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Vogue

Vogue басылымының хабарлауынша, ультра заманауи мөлдір әмиянның салмағы небәрі 33 грамм. Көлемі стандартты шаммен бірдей  дейді.

  • "Бір сөмке 21 миллион теңге": Абай облысы әкімінің қызының желідегі дәулетті өмірі дау тудырды
  • "Сөмке 25 мың еуро тұрады": Танымал брендтердің көшірмесін сатып алған алматылық блогерлер алаяқтың арбауына түскенін айтып, дабыл қақты

Бренд инновациялық аксессуарды Кипр Америка университетінің суретшісі және кремний аэрогельдерін зерттеуші Иоаннис Михалудиспен бірге әзірледі. Дизайнерлер оны жасау үшін 15 прототип қажет екенін айтты.

Бұлт тәрізді дорба наноматериалды кремнеземнен жасалған ең үлкен нысан, аэрогель, ол Жер планетасындағы ең жеңіл қатты зат. NASA оны жұлдызды шаңды ұстау үшін пайдаланады.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от coperni (@coperni)

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі қымбат брендтің киімдері мен сөмкесін қандай ақшаға алғанын айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.