“Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы, блогер Камила Әділхан отбасымен шетелге қоныс аудармақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/e.kamik/

Блогер жұп ескі дәстүрді жаңғыртып, “жолаяқ” тойын жасады. Той бастан-аяқ ұлттық нақышта өтті. 

“Неге көшіп жатырсыздар?” деген сұраққа жауап беріп кетейін: “Ауылдан шықпағанның ақылы, ауласынан аспайды” деген қазақта мақал бар. Жас болған соң, ел аралап, білім алып, дамып, тәжірибе жинағымыз келеді. Мемлекеттен бөлек халықаралық кәсіптерді зерттегіміз келеді. Мүмкіндікті пайдаланып, оны жүзеге асыру – көшудегі басты мақсатымыз. Тәуекелге бел будық. Малайзияға бірінші рет барайын деп тұрмыз. Тіпті, қыдырып та барып, көрген жеріміз емес. Үш күннен кейін көшеміз. Ағайын-туыс пен достарды жинап, “жолаяқ” тойын жасадық. Қонақтар риза болып тарқады. Ата-аналарымыз қимай жылап қалды. Өзімізбен алып кете алмайтын құнды заттарымызды аукционға қойып, сатып жібердік”, – дейді блогер. 

  • "Жүрегім ауырып тұр": Айжан Байзақова басқа қалаға қоныс аударды

  • "Елге білімді адамдар көбірек келді": Көші-қон комитеті Қазақстанға көшіп келгендер мен кеткендердің санын жариялады

Желі қолданушылары сүйікті блогеріне сәттілік тілеп жатса, енді бірі “жолаяқ той” дегенді бірінші рет естіп тұрғанын жазып жатыр. 

“Тойдағы сыйлықтар керемет болды”, “Умраға жолдама ұтып алған жас отбасымен бірге біз де қосылып жыладық”, “Америкаға көшеді деп ойладық”, “Туған жерлеріңді тастап қайда кетпекші?!”, “Жолаяқ той дегенді бірінші рет естіп тұрмыз”, “Қайтадан көшіп келіп жүрмеңдер” деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Камила Адилхан (@e.kamik)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.