Ы. Алтынсарин



жүктеу 154.21 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі154.21 Kb.
түріСабақ

Кіріспе.

«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»

Ы. Алтынсарин.

Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. 
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. 
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Көркем әдебиет сабағында ертегілерді пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.  Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. 
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Mектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: 
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды. 
3. Mектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады. 

Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Cол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай ертегілер жинағын ұсынамын.

Шалқан

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.


Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. 
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады. 

Бауырсақ

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

Мысық, әтеш және түлкі

Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:



  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады:



  • Мысық, досым,

Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!

Көмектесші!

Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.

Екінші күні мысық тағы кетеді. Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:



  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады:



  • Мысық, досым,

Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!

Көмектесші!

Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.

Үшінші күні Мысық Әтешке:

Мен бүгін өте алысқа кетемін, сенің даусыңды естімеймін. Түлкіге алданып қалма. Түлкі Мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:


  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі Әтешті бас салады да алып кетеді.

Мысық үйіне қайтып келсе, Әтеш жоқ. Мысық досын іздеуге шығады. Қалып орманда Түлкінін үйіне келіп, өлең айтады. Түлкі өлеңді тыңдап қалғанда Әтеш «кукареку», -деп айқайлайды. Мысық Әтешті алып, үйіне қайтады. Осылай достар бірге болады.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.




Құлын, қозы, лақ.

Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.

Сөзді ақ лақ бастады.

- Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

- Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарға сарт-сұрт сүзгізу. Әрі күшің толады, әрі бұлшықетің қатаяды.

- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік, - деді құлын.

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті.



Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?

Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатынан қапсыра тістеп тұрып: - Енді бір жақсылап тоятын болдым!- дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді,- дейді торғай.

- Оның да дұрыс екен-ау, - деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмысығына апарады.

Сол кезде торғай, ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен.




«Үш аю»

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен.

Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді.

Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды.

Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды.

Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды.

Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.

Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне,

ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды.

Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.



Күшік пен мысық

Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды.

Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды.

Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.

Күшік ағаш түбіне келіп: «Әу-әу-әу, әу-әу-әу!» - деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, пырылдап айбат шекті.

Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «Мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді.

Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «тағы ұрады екен» деп ойлап, жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.

Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.

Көкөністер туралы ертегі

Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті кқбейіп кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез- құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?


Маша мен аю

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:

Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.

Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.

Машенька үйге кіріп:

Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады.

Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп келді,

үйге Аю кіріп келіп:

Менің үйіме рұқсатсыз негекіресің? – деп гүр ете түсті.

Маша:


Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді.

Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың, - деді.

Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ.

Біраз күн өтті. Маша Аюға:

Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті.

Маша бір қорап бәліш пісірді де:

Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды.

Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, ауылға қарай тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.

Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.

Ал Маша қорап ішінен:

Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді

Неткен қырағы еді.

Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады.

Ауылға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:

Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.

Иттербір нәрсені сезгендей оған тап берді. Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді. Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.

Мынау не қорап? – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.

Мысық пен тышқан

Ала мысықтың кiшкентай күнiнен маңдайы терлеп еңбек етiп, тамақ тауып iшкен күнi жоқ. Басқа мысықтардай сарайдан тышқан аулау, қожасының ас-суын тышқаннан қорғау деген онда жоқ. Қайта тышқандарға қосылып, ет болса далаға алып кетiп, май болса, қарынды тесiп, сүт-қаймаққа түсiп, әбден тойып алып, пеш үстiне пыр-пыр ұйықтайды. Ала мысықтың ұйқыға кеткенiн бiлiп алған тышқандар қорқынышсыз ән салып, би билейтiн болса керек.

Ұры, жалқау ала мысық,

Сауған сүттен ұрлап iшiп,

Ет пен майға сыздап iшi,

Ұйықтап жатыр сұлап түсiп.

Шиқ, шиқ, шиқ!

Тышқандарды жалқау дейдi.

Түк бiлмейтiн аңқау дейдi,

Үлкендердi ұры дейдi,

Балаларды мылқау дейдi.

Шиқ, шиқшиқ!

Тышқандар осылай ән детiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып оянады да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп:

Сендер ойнап қуансын деп,

Қарны тойып жұбансын деп,

Ешқайсыңа тимеушi едiм,

Зұлымдықты сүймеушi едiм.

Мияу, Мияу!

Айтқаныма сене қойшы,

Маңдайыңнан иiскейiн,

Балапандар келе қойшы,

Ешқайсыңа тиiспейiн.

Мияу, мияу!

Бұған тышқандардың кейбiреулерi сенiп те қалады. Бiрақ кәрi тышқандар жағысақтығын бiлдiрiп:

Бiз мысыққа сенбеймiз,

Айтқанына көнбеймiз,

Өтiрiкшi, ол ұрлықшы,

Шақырса да келмеймiз.

Шиқ, шик, шиқ, – дейдi.

  Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды.Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан:

– Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең осы уақытта сiзге сыйлық берiп, апа-қарындастарым мен барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi.

– Рас айтасыңба? Мияу, – дейдi мысық.

– Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан.

-Мысық: «Сөздерiңде тұрыңдар», – деп, аузынаша бергенде-ақ бала тышқан зып берiп тақтайдың жарығына кiрiп кетiптi. Баласын құтқарған тышқандар:

 Қарание тана мысық

Жүрген қаймақ ұрлап iшiп,

Ендi бiзден шықпайды ешкiм,

Отыр солай тiсiң қышып.

Шиқ, шиқ! – деп әнге басады.

  Мысықтың ұры, әрi жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiнуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүрген жалқаулар едi.



Су жүрек қоян

Бір күні қоян ұзап серуен демек болады. Бірақ ол үш қадам жасамай-ақ бұтаның арасынан бір сыбдырды естиді.

Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! – деп қоян қорқып зыта жөнеледі.

Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған дауыс шықты.

Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! – деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп сәл дамылдайды.

Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы басым-ай, одан да бұл қайғыдан суға батып өлгенім артық қой, - дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне: - Мен осы несіне суға батам, меннен деқорқатындар бар екен ғой! – деп райынан қайтыпты.




Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.

Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді соны қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады.

Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:

– Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:

– Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп жүрген, – дейді.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.

Түлкі мен қасқыр

Ерте-ерте-ертеде бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде, қасқыр түлкіге айтыпты:



  • Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап, білші.

Сонда түлкі қасқырдың тамырын ұстап тұрып:

  • Басың өте қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүріп, құйрығыңды мұзы ойылған суға қоя қойғын,-дейді.

Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын мұзы ойылған суға малып отырғанда, құйрығы мұзға жабысып, өзі сол жерде қатып қалыпты.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет