Диетолог-эндокринолог Ангелина Водолазкая қыста суық температура мен вирустар денеге теріс әсер етпеуі үшін иммунитетті қалай жақсартуға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Газете.ru" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Маманның айтуынша, қыста ультракүлгін сәуле жеткіліксіз болған кезде тері май алмасуын реттейтін, қалыпты салмақты сақтауға көмектесетін, терінің, шаштың және тырнақтың сау болуын қамтамасыз ететін D3 витамині ағзада жетіспейді.

Осы тұста дәрігер суық мезгілде де денсаулық пен көңіл-күйді қолдайтын бірнеше өнімдерді атап өтті.

"Көкөністер организмнен холестеринді кетіруге және асқазан-ішек жолдарының жұмысын сақтауға көмектесетін диеталық талшықтың негізгі жеткізушісі болып табылады. Осындай көкөністердің бірі шпинат. Ол С витаминінің көзі, сонымен қатар шпинатта бета-каротин мен антиоксиданттар бар. Бұл иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі", — деді маман.

Диетологтың айтуыншағ қыста ағзаға қажет тағы бір маңызды өнім — сарымсақ.

  • Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

  • "92 жасқа дейін шығады": Маман ақыл тістер қандай жағдайларда қауіпті екенін айтты

"Оның күшті вирусқа қарсы және бактерияға қарсы қасиеттері бар. Сарымсақ суық тию мен тұмау қаупін азайтып, иммундық жүйені көтеруге көмектеседі. Сонымен қатар шайға қосуға немесе тамақ дайындауға қолдануға болатын зімбірдің де қабынуға қарсы қасиеттері бар. Ол холестерин деңгейін төмендетеді, жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды. Сонымен қатар, имбирь миға пайдалы. Ол есте сақтау қабілетін жақсартып, альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі", — деп қосты дәрігер.

Водолазкая қыс мезгілінде денсаулық пен иммунитетті сақтау үшін бұл тағамдарды әртүрлі диетамен біріктіріп жеу маңызды екенін атап өтті.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.