Алматыға қонаққа келген америкалық ару мейрамханалардың қазақ тілінде қызмет көрсетпейтінін айтып шағымданды. Ол орыс тілінде қызмет көрсеткен дәмханалардың тізімін де жасапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

"Осы аптада Алматы болдым. Көп мейрамхана мен дәмханаға бардым. Кез келген жерде, мейрамханада қазақша сөйлеймін. Бірақ 18 мейрамханадан тек 5-еуі менімен қазақ тілінде сөйледі. Қазақ тілінде сөйлемеген және сөйлеген мейрамханалардың тізімін жасадым. Maharja, Pastalavista (Бөгенбай батыр көшесі), Atea (Достық көшесі), Del Cappuccino және Capito дәмханалары қазақ тілінде қызмет көрсетті", – деді америкалық ару.

Сонымен қатар ол қалғандары қазақша сөйлеуі тұрсын, тіпті, түсінбейтіндерін айтып, наразылық білдірді.

Бұдан бөлек өзінің 3 жылдан бері қазақ тілін үйреніп жүргенін тілге тиек етті.

"Қазақстан деген елде қазақ тілінде сөйлеуге болмай ма? Қазақ тілін еңбектеніп үйрегенде, басқалардың сөйлемегеніне қайран қалдым. Алматыда ешкім менімен қазақша тілдеспеді. Астанада мұндай емес. Онда мейрамханаға барғанда, даяшы маған орысша сөйлей бастады. Себебі менің бет-әлпетім сары болғандықтан, орысқа ұқсатқан болуы керек. Сөйтіп қазақ тілінде сөйлеп едім, бірден қазақша түсініп кетті. Өкініштісі, Алматыда мұндай емес. Өте қатты таңғалдым. Танымал мейрамханалар не себепті қазақша сөйлейтіндерге мүмкіндік бермейді? Мысалы, мына "Ауыл" мейрамханасы іші түріктердікі секілді. Қазақстанда неліктен қазақша сөйлей алмаймын? Егер барлығы орыс тілінді болса, неге қазақ тілін үйрендім? Әділетсіз… Мейрамханадан шығып кеткен соң жыладым", – деді америкалық ару.

Ал кей желі оқырмандары “Қазақ десең өзіңе тиеді… Ұялып кеттім ғой, тіпті”, “Қалай мықты сөйлейді. Еңбекқорлықпен 3 жылда қазақ тілін үйренген. Ал біздің кей қазақта намыс жоқ орысша сөйлейді”, “Мен қазақша мәзір сұрағаным үшін, мені қасымдағы қонақтарыммен сыртқа шығарды, полиция қызметкерлерін шақырып қуып жібереміз деп қорқытты, және "бәлеқор, терпила, провакатор, ауылбай, мамбет” сөздерімен балағаттады. Мейрамхана әкімшілігінің айтқандары сондағы. Шашлычная на Кирова атты кәуапхана болатын” деп пікір қалдырды.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Qazaq Grammar (@qazaqgrammar) 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.