Қызылордалық көпбалалы ана “Сәтті Жұлдыз” ұсынған лотереядан 156 миллион теңге ұтып алды. Рекордтық ұтыс сомасына қол жеткізген әйел алғашқы әсерімен бөлісіп, өзінің таңғажайып оқиғасы өзгелердің жүрегіне сәттілік шырағын жағады деген сенімде. Ойда жоқта пайдаға кенелген сәттілік иесі ұтқан ақшаны қайда жұмсайтынын айтып берді.

Қызылордалық көпбалалы ана Жанардың сөзінше, отбасында әкесі ұзақ уақыттан бері лотереялар сатып алып, сәттілік сәтін күтіп жүрген. Алайда билетті тек қағаз түрінде сатып алатын әкесі соңғы уақытта денсаулығына байланысты үйден көп шыға бермейді.

“Егде жастағы кісі онлайн дегенді түсіне бермейді” деп түсіндіреді мұны Жанар. 

Ерекше атап өтерлігі, ұтыс шыққан билетті алған да әкесі екен. Өзінің ұтқанына бірден сене қоймағанын жасырмаған әйел ұтыс жайлы алғаш естіген кездегі сезімімен де бөлісті.

“Онлайн сатып алған соң ұтыс шыққаны туралы хабарлама келді. Алғашында аздаған сома шығар деп ойладық. Ал соманың мөлшерін көрген кезде шошып кеттік. Сенер-сенбесімізді білмедік, ал туыстарымыз әлі сенбей жүр. Қазір енді барлық құжаттарға қол қойғаннан кейін сенім пайда болды”, – дейді ұтысқа қол жеткізген әйел.

Лотерея билеттерін қалай таңдайтынын түсіндірген ол көбінесе ішкі түйсікке сенім артатынын айтады. Сонымен қоса әйел бұған дейін лотерея билеттеріне жалпы 1 миллион теңгеден аса қаражат жұмсағанын бірақ ол кезде де ұтыстар болғанын сөз етті. 

156 миллион теңге ұтқан әйел бұл ақшаны қайда жұмсағысы келетінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісуді ұмытпады.

“Ең бірінші пәтер ғой, сол себепті Алматы қаласынан пәтер алсақ деген ойымыз бар. Ары қарайғы жоспарымызды әкемізбен ақылдасып отырып шешеміз”, – дейді қуаныштан қобылжығанын жасыра алмаған әйел.

Өзінің және отбасының алдағы өмірін өзгертуге мүмкіндік беретін қаражат ұтқан Жанар өзгелерді де лотереяға сенуге және сәттілік серік болатын кезді күтуге шақырады. 

Көп балалы ананың күтпеген табысы туралы бұл оқиға өзгелерге шабыт сыйлап, сәттілік әрбір адамды айналып өтпейтініне сендіретіндей. Себебі өмірдің кейбір қиын тұстарында тек сәттілік ғана жарқын және қауіпсіз болашаққа жол бастайды.

“Сәтті Жұлдыздан” билет сатып алып, автокөлік ұтысына сіз де қатысыңыз. Әрбір ЛотоЖиынтық 6 "Loto 6/49" билетінен тұрады, және де Кроссовер ұтыс ойынына қатысады. Әр билеттегі комбинация кездейсоқ қалыптасқан. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.