Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы Евгений Путин қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ivanovonews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото ivanovonews

Ақпан айының соңында ол 91 жасқа толды. Евгений Михайлович пен Владимир Путиннің әкелері ағайынды болған.

Басылым деректерінше, ол 10 наурызда жерленген. Евгений Путин ұзақ уақыт бойы Ивановода уролог болып жұмыс істеген. Кейін ол Суздальға ұлының қолына көшіп келген. 

Бұған дейін Путин ата-анасы оны жеке мысалмен тәрбиелегенін айтқан болатын. Ол әкесінің ешқашан мас күйінде келмегенін, балағат сөздер айтпағанын жеткізген еді. 

  • Жазушы-публицист Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

  • "Путин мен Байден": Елімізде жаңа туған сәбилерге Қазақстан және өзге ел президенттерінің есімі жиі қойылып жүр


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.