«Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың


«Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі



жүктеу 1.24 Mb.
бет4/6
Дата24.09.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6

3. 2. «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі

Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескертуге, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.

Жалпы бiлiм беретiн мектептерге қарағанда кәсiптiк мектептерде қиын оқушылардың көбiрек кездесетiнi белгiлi. ,,қиын,, балалар дегенiмiз кiмдер? Олар мектеп, тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететiн, тәрбиелеуге қарсылық бiлдiретiн оқушылар.

Сонымен қоса, бiлiм деңгейi төмен, тәртiбi нашар, сабақтан көп қалатын, педагогтердiң талабын орындамайтын, адамгершiлiк деңгейi төмен, топтастарымен үнемi тiл табыса алмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабiлетi кейiн қалған, ашуланшақ (әр түрлi жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетiн) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрмiз. Қазiргi уақытта дәрiгер психологтердiң бақылауындағы осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Жүйке аурулары (невроз) әр түрлi ортадағы психикалық зақымданудың, отбасындағы және басқа да әр түрлi қиын жағдайлардың сандарынан пайда болады. Мысалы, кей балалар ата-ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсiп, осыған мектептегi өз тобындағы оқушылардың, мұғалiмдердiң керi көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмiрге ызалы, тұйық қалыпқа түседi.

Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезiнбеген жасөспiрiм өмiрде өзiн ешкiмге қажетсiз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспiрiмдердiң ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көрiп, иммунитетi төмендейдi. Ата-аналар жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқуларына назар аудармай, көбiнесе, олардың әр түрлi ауыр жағдайға шалдығуына себепшi болады. Жасөспiрiмнiң нашақорлыққа, iшiмдiкке, ұрлыққа және тағы басқа жақын болу себептерi осында жатқан жоқ па?

,,Қиын, балаларды 2- топқа бөлуге болады.

Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.

«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.

Қазір материалдық байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөспірімдер арасында «анау керек, мынау керек» деген көзқарастардың әсерінен, «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ» деген оймен де қылмыс жасалатыны белгілі.

Жасөспірім бойында жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде асыру керек. Ата-аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы өктемдік (авторитарлық) жолды ұстанады.

Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын орындамай, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады.

Ымырашылдық (либералдық) жол – бұл, керiсiнше, баланың барлық талабын ойланбай орындау, жазаламау. Мұнда қолданылатын әдiс, негiзiнен, әңгiме, сөз арқылы баланың барлық iс-әрекеттерiн жақтау, балаға жалыну, өтiну болады.

Ондай жеткiншек бойында өзiмшiлдiк (эгоизм), дарашылдық (эгоцентризм), жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрi өз басының мүддесiн бiрiншi орынға қою, өзгелердiң ойымен санаспау, өз iсiн атқаруда өзгеге талап қою басым тұрады.

Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан, яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан шығып, екіжүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар арқылы жетуді көздейді. Мұндай балалар, көбінесе, өз ісін өз күшімен емес, амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады.

Бір отбасындағы бірнеше баланың әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерінен тигіезді. Үнемі ескерту есітіп, үлкендер тарапынан кеміту мен қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз, тұйық, өзіне-өзі көңілі толмайтын көнгіш болып қалыптасады.

Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолдануы (біреуі өте қатал, екіншісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, анасы қарама-қарсы талап қоюы) немесе жасөспірімнің көзінше өз балаларының тәрбиесі туралы пікірталас жасап, ұрыс-керіс шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз түсінігінше пайдаланып, қоғам талабына керісінше істерді жасауы мүмкін.

Ата-аналардың дүниеқорлық, өтірікшілік, алдау, жалқаулық, оңай ақша табу, өзімшілдік, арақ құмарлық, зұлымдық, тағы басқа жат қылықтарды бала бойына дарытуы – балаға да, ата-анаға да, қоғамға да зиянды.

Мектеп пен отбасының дiнге көзқарастарының әр түрлi болуы да, жас баланы аянышты халге ұшыратуы мүмкiн. Дiни көзқарастан туатын келiспеушiлiк, отбасында, мектепте, достарының арасында айтылатын қарсы пiкiрлер баланы шаршатып, өз бетiнше қаңғып, бақылаусыз жүруiне алып келуi әбден мүмкiн, осы әр түрлi дiни ағымдар (секталар) оңай пайдаланып өз қатарларына қосып алуға тырысады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау үшін жүргізілген жұмыстарымыздың барысында (жеке әңгіме, тестік үлгідегі сауалдар), ата-аналардың 27 пайызы өз балаларына әр түрлі себептерге байланысты аз көңіл бөліп, тиісті шара қолданбай, мектепте бала тәрбиесінде көмек бере алмайтынын мойындайтыны байқалады.

Біздің кәсіптік мектепте оқушылардың басым көпшілігі сырттан келіп оқитын жасөспірімдер. Осының әсерінен олардың өз ата-аналарымен қарым-қатынасы сирейді (сырын айтпайды, ақылдаспайды, өзінше өмір сүреді). Туған-туысының үйінде, болмаса пәтер жалдап тұрып, өз бетімен өмір сүруге тәжірибесі жоқ жасөспірім таныс таңдауға, қаражатын жұмсауда, өз уақытын дұрыс қалыптастыруға кері әсерін тигізетін ортаға тап болуы мүмкін.

Осы мәселеге сәйкес, жасөспірімдермен «Сені көше өзіне несімен тартады» тақырыбында жүргізілген сауалнама нәтижесі мынаны көрсетеді:


  • әр түрлі мәліметтің көптігі – 30%

  • еркіндік -28%

  • өзін үлкендерше ұстауы - 20%

  • жат әрекеттер жасауға еркіндік - 9% (бір сөзбен айтқанда, жасөспірім мектепте, отбасында жасай алмайтын келеңсіз қылықтарын көбіне көшеде іске асыруға мүмкіндігі бар).

Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

- бұрынғысы;

- қазіргісі;

- болашағы;

Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану - әлеуметтік мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс.Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.

Тағы бір бағыт- ата-анамен істелетін жұмыстың сапалылығы. Ол үшін ата-аналардың әр түрлі ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп алу қажет.

Мектепте психологиялық тест жүргіздік. Ата-ана мен балаға қойылатын тестік сауалдардың мақсаты олардың бірін-бірі қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау еді (ата-ана мен балаға қойылатын сұрақ мазмұны бірдей). Нәтижесін талдағанымызда, баласын үнемі қадағалап, бағыт-бағдар беруді мақсат тұтатын ата-аналар жауабы баласының жауабымен дәл келіп, ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын ата-аналар жауаптары бала жауабымен үйлеспей тұрды. Міне, осыдан (сауалнама, оқушының және баланың құжаттарын талдау, жеке әңгіме және басқа зерттеу нәтижесінен(Ата-анасы және қиын бала туралы әлеуметтік картаны көруге болады)) отбасыларды кестеде көрсетілгендей топтарға бөлуге болатынына көзіміз жетті.

Осыған байланысты, олармен жүргізілетіні әлеуметтік-педагогикалық оқуларды да саралап алдық. Жасөспірім заман талабына сай тәрбие алу үшін ата-аналардың психологиялық, педагогикалық дайындық деңгейі жоғары болуы ләзім.

Қиын оқушылардың ата-анасын «балаң неге қиын» деп мұқатудың қажеті жоқ, оларды, керісінше, жасөспірімді дұрыс жолға салудағы істерді атқару керек.

Белгілі психолог А.В.Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке бөледі. Олар мыналар:



  1. Үстемдік жағдайда баланың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.

  2. Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұлай өскен бала түрлі қиыншылықытармен кездескенде дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.

  3. Қақтығысушылық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.

  4. Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір-бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Бұндай отбасында қатыгездік, селқостық сезімдер байқалады.

  5. Ынтымақтастық үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалып, барлық мәселе бірігіп шешіледі. Ынтымақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып, абыроймен құтылу.

Бұл категориялардағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттерін анықтауда «отбасында тәрбие жетіспеушілігінен» деп тұжырым жасалып, даулы пікірлер туындамас үшін «қиын» баланың мінез-құлық ерекшелігінің себеп-салдарын анықтап, оның басындағы қиыншылықтардың түп-төркінін тауып барып, оны қалыпқа келтіру шараларын жүргізген жөн.

Кейінгі жылдары әлеуметтік мәселеге айналып отырған «қиын» бала ұғымына себепші болатын әлеуметтік-психологиялық және психо-педагогикалық факторлар ғалымдар назарынан тыс қалмай, жан-жақты зерттеле бастағаны анық. Осы орайда қиын оқушыының психологиялық дамуының бұзылуының бірнеше себептерін атап өтейік:



  1. Мидың зақымдану зардаптары:

  • сөйлеу, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау, қарқынының кешілдеуі.

  1. Себептері мен механизмдері:

  • анасының жүкті кезіндегі сырқаттануы;

  • анасының алкогольді ішімдіктерді ішуі;

  • шылым шегу, баланың тұншығып тууы;

  • баланың жиі-жиі сырқаттануы;

  • генетикалық нейробиологиялық факторлардың әсері.

Салдары мен белгілері:

  1. Ақыл-ой дамуы қалыпты, бірақ әлеуметік бейімделуі қиындау.

  2. Кекештік, сөйлеудің бұзылуы, дәретін ұстай алмау, бастың ауруы, тамыр дистоиясы, мектепке бейімсіздену синдромы және негізгі белгісі – мінез-құлықтың өзгеруі.

  3. Гиподинамикалық қалып – сыбырлық, салғырттық, баяулық.

  4. Гипердинамикалық қалып – шамадан тыс мазасыздық, қозғалыс белсенділігінің арта түсуі.

Атқарылуға тиісті ұсыныстар:

1. Педагогикалық-психологиялық, медициналық зерттеу жасау.

2. Сырттай жүйелі бақылау.

3. Жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ұсынылған тиімді шараларды үздіксіз іске асыру.

4. Ата-ана+әлеуметтік педагог+оқушы арасында ынтымақстатық педагогиканы іске асыру.

Нәтижесі:



  1. Бала тәртібінің алға қадам басуы байқалады.

  2. Адами қасиеттері ашылып, қоғамдық борышын түсіне бастайды.

  3. Әлеуметтік педагог+ата-ана+оқушы арасында түсіністік, сыйластық пайда болуы.

  4. Сана салауаттылығына бет бұрады.

Күтілетін нәтиже


ТЕОРИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ІС ЖҮЗІНДЕГІ НӘТИЖЕСІНЕ НАЗАР АУДАРАЙЫҚ

Психологиялық дамуының бұзылу себептері мен салдары және белгілері:

Мысалы: 9 «Г» сыныбы (К.К.деген оқушы)

Әлеуметтік педагог: аты-жөні

Әлеуметтік фактор. Қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік дағдарыстардың әсерінен ауылдан қалаға жұмыс іздеп және әйелінің денсаулығына байланысты жанұясын асырау мақсатында келген отбасы. Отбасында үш баласы бар. Мамандығы жоқ, әртүрлі жалдамалы жұмыстар істеу арқылы күнделікті күнкөріс жасап отырған әкенің бала тәрбиесіне қарауға мүмкіншілгі жоқ, материалдық жағдайы төмен.

Географиялық фактор. Бірнеше қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген. Жергілікті экологияның әсерінен аналарының денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті экологияның әсерінен ана денсаулығының нашарлығы.

Биологиялық фактор. Анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы болмағандықтан, бала туғаннан жұқпалы аурумен жиі ауырады. Соның салдарынан жүйкесі бұзылған. Ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеу дамыған. Сылбыр, баяу қозғалады. Өз қатарластарымен салыстырғанда бойы ұзын, кеудесі қысқа және мөлшерден тыс қолы ұзын, еңкеңдеп жүреді. Невропотологта тіркеуде тұрады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.

Үйішілік фактор. Жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп, жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Балансының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.

Жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмысы

Дәрігермен жүргізілген жұмыстар:



  1. Медициналық анықтамамен танысу.

  2. Психо-терапия әдістерімен танысу.

  3. Дәрі-дәрмекпен емделуін, уақытында дәрігерлік тексеруден өтіп отыруын ата-ана қадағалу.

Әлеуметтік педагогпен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Оқушымен жеке әңгіме өткізу.

  2. Даму ерекшелктерін анықтау.

  3. Ата-анасына бағыт беру, кеңес беру.

Заң орындарымен жүргізілетін жұмыстар:

1. Инспекторлық тіркеу, бақылауға алу.

2. Конференцияларға, дәрістерге қатыстыру.

3. Ата-анасымен кездесіп, әңгіме өткізу.

Ата-анасымен жүргізілетін жұмыстар:


  1. Отбасының материалдық жағдайымен танысу.

  2. Әртүрлі тақырыптарда сауалнамалар алу.

  3. Ата-анамен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл-кеңестер беру.

  • ұстамды, сабырлы сөйлеу;

  • қол жеткен табыстары үшін мадақтау;

  • үйде қатаң күн тәртібін орнату;

  • балаға шектен тыс тыйым салмау және тағы басқа.

Оқушымен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды қасиеттерін ашуға тырысу.

  2. Сынып ұжымынан бөлектемей, іс-шараларға қатыстыру, қоғамдық тапсырма беру.

  3. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау.

  4. Бос уақытын үнемі пайдалануға дағдыландыру.

  5. Оқушылардың даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.

  6. Сауалнамалар, тест әдістерін пайдалану.

Нәтижесінде

  • өзара түсінік пайда болды;

  • сабақтан қалмайды;

  • мінез-құлқында оңалу байқалады;

  • бақылауға көне бастады;

  • ақыл-кеңестерді тыңдайтын дәрежеге жетеді;

  • ұжымнан бөлінбейтін болды;

  • жеке басының жақсы сапалары ашылды;

  • жүйке сауыға бастады;

  • өзіне деген сенімділік пайда болып, оң қадам басты;

  • 9-сыныпты бітіргін соң арнайы кәсіптік колледжге оқуға түсті.

Отбасындағы мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктер жинақтала келе, қоғамдық тәрбиедегі қателіктермен байланысып қиын балалардың тәртібін одан әрі шиеленістіре береді.

Елімізде әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда әкімшілік тәсілдердің орын алуы, қоғамымыздың тұйыққа тірелген кезеңдерінде өндірістік орындар мен мекемелердің кейбір қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары өз отбасындағы балаларын тәрбиелеуге көңілдерін аз аударып келеді. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі комиссия мен милиция органдарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяларды дер кезінде айқындап тәртіпке шақырмаушылық бар, оларды де кезінде қадағалап отыру да нақтылы жолға қойылмаған. Сонымен бірге «тәжірибелі» заң нормасын бұзушы үлкендердің өз ісіне толық жауап бере алмайтын жеткіншектердің ұрлық, тонау, озбырлық жасау сияқты әрекеттерге үйретулеріне дер кезінде тосқауылдардың болмауында.

Міне, тәрбие жұмыстарындағы осындай формализм, немқұрайдылық, жауапсыздық тағы басқасы қиын балалардың тәрбиесіне кері әсер тигізуде.

Тәрбиедегі қиындықты туғызатын тағы бір жәйт – кездейсоқ балалардың, топтардың жекелеген балаға тигізетін теріс ықпалы әлеуметтік педагогтың назарынан тыс болмауы қажет. Өйткені, жеткіншек жастағы балада өз қатарларындағы құрбыларымен достық, жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады.

Көптеген зерттеулердің дәлеледегеніндей, балалардың мектептен тыс кездерінде тиянақты түрде араласып, сырласып, тұратын компаниялары, серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған бағыты дұрыс болса жақсы, ал оған керісінше болса, уақыттарын қалай болса солай келеңсіз өткізіп, бір істен екінші іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар туады.

Қайта тәриелеу процесін ұйымдастырғанда, баланың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін әлеуметтік педагогтар білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасамасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс, баланың ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.

Кеңес психологы С.Л.Рубинштейннің «детерминизмді түсіну заңына талдау беріп, сыртқы себептер ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі»(8.) - деуі ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде қарайтындығымен айқындамақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелілігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.

Ол үшін, қиын балалардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі кеңес психологы К.К.Платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері (физиологиялық ерекшеліктері); екіншісі – адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түсіну, эмоция, қабылдау және ойлау тағы басқа қабілеттер (биологиялық ерекшеліктері) болмақ. Үшінішісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі, ал , төртінші – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ». әсіресе, соңғы екі проблема бір-бірімен байланыс етсе, жасөспірмдердің әлеуметтік бағыт-бағдарлары, көзқарастары, бейім-қабілеттері қалыптасады екен.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері. 1. Фамилия, есімі, жасы, оқиытын сыныбы, мекен-жайы.

2. Денсаулық күйі: а) дене пішіні, бет әлпеті, күш-қуаты, организмнің жалпы дамуы – жасына сай ма, сай емес пе?; ә) психикалық дамуы – жасына сай, сай емес; б) жалпы дамуындағы ауытқушылық ( туа, туғаннан кейін), психологиялық зақымдану (тұрмыстық жағдай, ұрыс-талас, дау-жанжал, миы шайқалуы, шыжындық, қорқақтық,томаға тұйықтық, жасқаншақтық, ызақорлық, жылаңқылық).

Отбасындағы тәрбие жағдайы:

1. Отбасы туралы жалпы мағлұмат: отбасы құрамы, әлеуметтiк жағдайы, бiлiмi, тұрмысы, ара-қатынастары, дәрежесi, бiр-бiрiне әсерi, ықпалдары (жағымды, жағымсыз).

2. Отбасындағы қарым-қатынас ерекшелiктерi: а) ата-ана мен отбасы мүшелерiнiң баламен қарым-қатынасы (жақсы көредi, еркелетедi, салқынқанды қатынас, әрбiр iсiн қадағалау, қадағаламау, селқос, дөрекi, ұрыс-керiс, жәбiрлеу, ұрлыққа үйрету тағы басқа).

а) қиын баланың ата-анасының жанұяның басқа мүшелерiне қатысы (бiрiн-бiрi сыйлау, сүйiспеншiлiк болу, көмектесу, әдептiлiк, енжарлық, немқұрайдылық, жек көру, жиркенiшпен қарау, сөйлеспеу тағы басқа).

б) отбасындағы үй жұмыстарына қатысуы (еңбек сүйгiштiк, өздiгiнен орындау, тұрмыс және өзiн көтеру еңбектерiне икемдiлiгi, икемсiздiгi, еңбекке неқұрайды қарау, жалқау, бастаған iстi аяқтамау тағы басқа).

3. Баланың өз үйiнде оқу жұмыстарын ұйымдастыру (үй тапсырмаларын орындауға жағдай жасалынған, жасалынбаған, үйде оқу жұмыстарын тиянақты орындауды қадағалау, салақтық жасайды, күн режимiн ұстайды, ұстамайды, ата-ана тарапынан көмектесу, бақылау, көмектеспейдi, қадағаламайды тағы басқа).

4. Отбасында баланың бос уақытын ұйымдастыру (бiрiгiп әдеби кiтаптар оқу, оқымау, кинотеатр, спектакльдерге бару, көңiл аудару, аудармау, уақытын қызғылықты өткiзу, қыдырымпаз, қаңғыбас тағы басқа)

5. Ата-ананың мектепке көмегi (баланың оқу үлгерiмi мен тәртiбi жайлы хабарласу, хабарласпау, оқу-тәрбие процесiне көмектесу, көмектеспеу тағы басқа)

6. Отбасының тәрбие берерлiк дәрежесi (ұжымдық рухта бiрiн-бiрi сыйлау, сый-құрмет көрсету, эгоистiк пиғылдар, жеке мүдделерiн жоғары ұстау, ұрыс-керiсте болу, тәрбиенi дұрыс құрмау тағы басқа).

Сынып ұжымының қиын балаға қатысы:

1. Сынып туралы жалпы мiнездеме (ұжымшылдық негiзде, ұйымшыл, ұжым мүшелерiне талап қою көлемi, әрбiр баланы қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбiр оқушы өз мүддесiн ойлау, топ-топқа бөлiну, жiкшiлдiк).

2. Қиын баланың сыныптас құрбыларымен қарым-қатынасы (сыныптағы қоғамдық тапсырмаларды белсендiлiкпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлық, немқұрайдылық көрсету, ұжым мүддесiн жеке мүддесiнен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық достықты сезiну, сезiнбеу баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдiк басшылыққа талпыну, өзiн-өзi жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық тағы басқа)

3. Педагогикалық ұжымның қиын баламен қарым-қатынасы (әрбiр оқушыны бiркелкi санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшелiктерiне ескермеу, ескеру, педагогтiк этикасын білу, дауыс көтеру, мәдениет дәрежесi төмен тағы басқа)

Қиын оқушының оқуға және еңбекке қатысы:

Оқуға ынта-ықылас мен қызығушылық көлемi (оқуға ынталы, ынтасы жоқ, оқу пәндерiн, таңдау, сыныптан тыс және үйiрме жұмыстарына қатысады, қатыспайды, оқығысы келмейдi тағы басқа)

2. Бiлiм жүйесiндегi кемшiлiктер (оқу материалдарының түйiндi мәселелерiн саралай алмау, ойлау операцияларын талдау, бiрiктiру, салыстыру, есiнде сақтау, орын-орнымен қолданбау, оқуға ынталы емес, жалқау және қиын оқушының қай пәндердi үлгермейтiндiгiн айқындау тағы басқа)

3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты:

а) еңбектiң қандай түрi болмасын соған қатысты (еңбексүйгiш, белсендi, өздiгiнен орындау, орындаушы, қадағалауға дағдыланған, жалқау, бастаған iстi аяқтамау, енжар тағы басқа)

ә) еңбектiң қандай түрiне икемдi (оқу-өндiрiстерiне, тұрмыстық шаруашылыққа, өзiн-өзi күту еңбегiне, оқу шеберханасындағы еңбекке тағы басқа).

б) қоғамдық еңбек пен жеке адамның жұмысына (сый-құрмет көрсету, немқұрайды қарау) көзқарасы;

в) еңбек әдет-дағдыларын, икемдiлiктерiн, бейiмдiлiктерiн өздiгiнен қалыптастыру, оған селқостық, енжарлық жасау.

Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзiне қарым-қатынасы.

1. Оқушының қарым-қатынасындағы мiнез ерекшелiгi:

а) қоғамдық ортада, өндiрiстiк ұжымда, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы (елiмiздегi жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кiшiнi сыйлайды, сыйламайды, өзiн-өзi ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық тағы басқа).

ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушылармен қарым-қатынасы (өзiн бiркелкi ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылығын сезiну, күш көрсету, жәбiрлеу, зорлықты сезiну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұялшақ тағы басқа).

2. Жеке өз басына қатысты:

а) жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзiне сенiмдi, сенiмсiз, төмен санау тағы басқа;

ә) дене күшiне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтау, жалынышты болу тағы басқа;

б) үлкендерге ұқсауда өз пiкiрi болуы, бағынышты болмауы, өздiгiнен орындауға талпыну, ешкiмге қажет емеспiн деп сезiну.

3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тiлегi:

а) шығарамшылық, ұйымдастырушылық iстер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнерiне бейiмдiлiгi және спорт ойындарына икемдiлiгi бар немесе жоқ.

ә) үйiрме және секция жүмыстарына қатысады, қатыспайды;

б) көркем әдебиет, газет-журналдарды оқиды (оқымайды), спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көредi, көрмейдi;

в) қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзақылыққа, арақ-шарап iшуге, темекi наша тартуға құмар, құмар емес.

4. Жеке басының мiнез-құлқын жөндеуге, өзiн-өзi тәрбиелеуге талаптануы:

а) түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;

ә) мiнезiн түзеуге сенiмдi, сенiмсiз;

б) мiнез-құлқын жөндеудi ойластырмау, болашағына көзi жетпеу, көзбояушылық жасау.

5. Қиын баланың жалпы адамгершiлiк қасиетiне мiнездеме (ұжымшыл, бiр мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, екi жүздi, қатыгез, қиқар, қырсық, дөрекi тағы басқа).

Педагогикалық шешім:

1. Отбасыда, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс тұрысына әсер ететіндігін анықтау.

2. Қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың бағдарламасын жоспарлау.

3. Қиын баланың дербес ерекшелігін ескеріп, оның адамгершілікті сыр-сипатын, оқу-тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқарудаа жеке басын сыйлау, оның дамуына объективті жағдайлар туғызу.

Сөйтіп, бағдарламаның құрылысына жүгінсек, қиын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдауда, олардың айналасын қоршаған адамдармен және жеке өзіне деген қарым-қатынастар жүйесіне, оқуға, еңбекке ынта-ықыластарын, қызығушылық және сүйіспеншілік күйлеріне көңіл аударып отыру қажет.

Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын балалардың 96 пайызына тән қаисет - өтірік айту.

Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етуде ғана емес, ешқашан да сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып айтуға икем болады.

Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық – 67 пайыз, қыңырлық – 28 пайыз, менмендік, өзімшілдік – 53 пайыз.

Көп ретте, жанұядағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайларында жеткіншектердің жеке басын сыйласпаушылық, әлеуметтік педагогтар мен қиын балалардың арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қалуына қаңғыбастыққа душар ететді, Осы типтес қиын балалардың 87 пайызы тек қыдырып қана қоймай, көршілес ауылға, облысқа, одақтас республикаға да қашып кете береді. Ал қаңғыбастық, қыдырымпаздылық бірден-бір ұрлық, тонау, жәбірлеу, қорқытып зат нәрселерін тартып алу 79,4 пайыз тағы басқа әрекеттерге жүгіндіреді. Бұлардың 41,9 пайызы өздерінен жасы үлкен «көше» жолдастары жоғарыдағы қылықтарға үйретсе, қалғандарын темекі тартуға, әртүрлі заттар, тәтті тамақ сатып алуға мәжбүр еткен.

Тағы да айтарымыз, қиын балаларға тән ерекшелік, олардың шамамен 90 пайызға жуығы мектептегі оқу бағдарламаларын үлгермеушілер.

Бұлардың көпшілігінің ақыл-естері бар, денелері сау, оқуға қабілетті. Бірақ араларында кездесіп қалатын бірлі-жарым балалардың ақыл-есінде көзге көріне қоймайтын ақаулары бар, сол себептен, олар үлгермеушілер қатарында қалып қояды. Негізінде, мұнадай үлгермеушілік мектепке байланысты. Өйткені, мектепте көптеген қиын балалардың дара және топтық ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әлеуметттік педагогтар ескере бермейді. Мысалы, олардың 66,5 пайызы оқу материалдарының негізгі түйінін іріктей білмеу, оны бұрынғы білімдерімен байланыстырмау, дәлірек айтқанда, ойлау операцияларын орны-орнымен қолдана алмаудан, кейбіреулері механикалық түрде жаттап алуға жүгінеді. Қиын балалардың 87 пайызы оқу материалдарын танып-білуде оқу ықыластарының жоқтылығынан пән үйірмелері мен факультеттеріне қатыспайды.

Сонымен, қиын баламен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктер жан-жақты білу қажет.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою, көптеген қиын балалардың мінез-құлықтар стереотипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамдық писхикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді.

А.С.Макаренконың бай тәжірибесін басшылыққа алып, әрбір баланың бейім-қабілетін, мінез-құлықына сай оңды және шығармашылық қызметтерін ұйымдастырып отыру керек.

Дәлел ретінде, қиын балаларға жеке тапсырмалар тәсілін қолданғанда, оны алдын-ала жоспарламай, еріксіз сипатта жүргізіледі. Бұл тәсіл қиын баланың дөрекі қылықтарынан кейін артын суытпай педагогикалық талаптарды қоя білу әдістерін әңгімелесу әдісмен байланыстырып жүргізіп, қайта тәрбиелеу жұмысын өткізу өзгешеліктерге назар аударайық.

Сәкен 7 сынып оқиды, 13 жаста, оның жолына, бағыт-бағдарына, іс-әрекеттеріне талдау жасаймыз.

1. Сәкен жайлы жалпы мінездеме алу.

2. Сәкеннің отбасындағы қарым-қатынасын, тәрбиесін жағдай мүмкіндігін білу.

3. Сынып ұжымы мен Сәкен арасындағы байланысты және оқуға, қоғамдық пайдалы еңбекке, қоғамдық тапсырмаларға қатысын байқау.

4. Сәкеннің мінез-құлқындағы ерекшеліктері мен ынта-ықыласына анықтама жасау.

Педагогикалық бағдардың нәтижесі:

а) Сәкен ашуланшақ, көңіл-күйі құбылмалы, тұрақсыз, педагогикалық талаптарды мойындаймайды. Сынып ұжымы мүшелеріне жек көрінішті болғанымен, дене күшінің басымдылығын қарай оны жалған сыйлайды;

ә) екінші бір ерекшелік, Сәкен мадақтау мен сенім артуды ұнатпайды, спорт ойындарына еліктейді;

б) жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуына «көше» балаларының ықпалы әсер еткен. Баланың мінезінде қаталды, менмендік, күш көресту сияқты ұсықынсыз сипаттар қалыптасқан. Осының негізінде, бала мен шешенің арасында келіспеушілік туған. Баланы сабау, жәбірлеу, үлкенге деген сенімді төмендетіп, мұғалімдердің талап-тілектеріне қарсы қиқарлық, тіл алмау, дөрекілік жасауға себепші болған.

Енді Сәкенге берілген мінездемеге сүйеніп, эксиперемент ретінде қайта тәрбиелеу жұмысының мақсат-міндетін белгіледік:

- алғашқы міндет – баланың сынып ұжымы мен әлеуметтік педагогтерінің арасында оңды қарым-қатынастар жасау;

- екінші міндет – қиын баланың алдына айқын талаптар қойып, сол талаптар көлемінде қоғамдық пікірлер туғызу және оны тәртіпке шақыру;

- келесі міндет – баланы қоғамдық жұмыстарға араластырып, жалпы бағыт-бағдарын еңбекке, оқуға дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

- ең соңында – айтылып отырған міндеттерді іс жүзіне асыру барысында баланың менменшіл, дөрекілік, қаталдық, қатыгездік қылықтарын жою және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау.

Бұл міндетттерді іс жүзіне асыруда кейбір методикалық жүйені байқауға болады.

Біріншіден, әдіс-тәсілдердің тууына бала тұрмысының жай-жапсарын, мінез-құлқының кейбір ерекшелігімен мүмкіндігін бағдарлап тану себепші болса, екіншіден, қиын баланың ұжыммен қарым-қатынасындағы елеулі жақтарын және мінез-құлқындағы басты ерекшеліктерін туғызатын себептерін тануға негіз болады. Себепті білу, баламен жеке тәрбие жұмысының дәлелді мақсатын белгілуді міндеттейді. Алдағы тұрған мақсатты білу, Сәкенмен әртүрлі жеке тәрбие жұмысының жолдарын көрсетсе, ең алдымен, тәрбие жолын білу – сыны жетекшісінің белсенді түрде тәрбиенің айқын тәсілдерімен баланың ішкі дүниесіне өзгерістер енгізіп, оның өз сынып ұжымымен дұрыс қарым-қатынастар жүйесін қалыптастырып, соның негізінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне қиындықтар болғаны белгілі.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет