Іле алатауындаєы экзоморфогенезді їрдістерді биіктік



Дата02.11.2017
өлшемі66.35 Kb.
#5219

ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ ЭКЗОМОРФОГЕНЕЗДІ ҮРДІСТЕРДІҢ

БИІКТІК ДИФФЕРЕНЦИАЦИАСЫ


Р.О. Тұрапова

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Іле Алатауындағы жоталар мен ішкі тау ойпаттарында бедер қабаттары ерекше анық байқалады. Әр қабаттар белгілі абсолюттік биіктіктеріменен ерекшеленеді. Әр қабаттардағы ландшафтық-климаттық биіктік белдеуі бедердің географиялық жағдайларын анықтайды. Биіктік белдеулерде қазіргі экзоморфогенезді үрдістер басым.

Биіктік белдеу-таулардың биіктігінен құбылыстың заңды ауысуы, климат жағдайынан биіктік белдеулікке байланысты топырақ, өсімдік, бедердің кейбір түрлері, яғни ландшафты да өзгереді.

Таулы аймақтардағы қазіргі экзоморфогенезді үрдістердің дифференциациасын, вертикаль бойынша экзоморфодинамикалық белдеу деп ұсынамыз. Әр экзоморфодинамикалық белдеулерді төменнен жоғары қарай бедер пішіндерін морфологиялық көрінісін және оған әсер етуші бедер үрдістері бойынша қарастырылады.

Іле Алатауындағы қазіргі экзоморфогенезді бедер құрушы үрдістердің жағдайларына қарай: тау алды жазықтық, аласа, орта және биік таулы экзоморфодинамикалық белдеулерге нақты бөлінеді.

Тау алды жазытық- 600-800м, горизонталды тілімдену қалыңдығы 1,5-2,0 км/км2 дейін, вертикалді тілімдену тереңдігі - 5-10 м. Бұл көрініс Шелек және Шарын өзендері атырауларында анық көрінеді және аллювиалді-пролювиалді аккумулятивті үрдістер мен жыралық эрозия басым.

Аласа таулы -1000-2000 м, тілімдену қалыңдығы 2,5 км/км2, тілімдену тереңдігі

150-200 метрден 250-300 м дейін. Негізінен өзен эрозиясы мен беткейлік гравитациялық процесстер басым, дәлірек айтқанда делювий-коллювий. Сөгеті, Бала Бұғыты, Үлкен Бұғыты, Торайғыр тауларында жиі кездеседі (1-сурет).



Орта таулы - 2000-3000 м, тілімдену қалыңдығы 3,0-3,5 км/км2, тереңдігі 300-500 метрден 500-700 метрге дейін, флювиальді үрдістер басым: сызықтық эрозия және беттік ағын. Беткейлік геодинамикалық үрдістерден: қар көшкіні, сел, опырмалар абсолюттік биіктіктері 3269 м болатын Сарытау тауында, 2469 м Торайғыр жотасында дамыған. Тау жыныстарындағы мұндай бұзылу жағдайлары сейсмикалық құбылыстардың болуынан және ауырлық күштерге байланысты.

Биік таулы-3000-3600 м және одан жоғары, тілімдену тереңдігі 800 метрден 1500 метрге дейін. Бұл белдеуде қазіргі нивалды-гляциалды және криогендік үрдістер ден: мұздық аккумуляциясы, солифлюкция, термокарст, экзарация басым.

Аймақтағы экзоморфогенез үрдістердің биіктік белдеулер бойынша жіктелуі бедердегі жыныстардағы литологиясы морфометриялық сипаты бойынша ғана емес, сондай-ақ беткей экспозициясына, яғни жылу мен ылғалдың таралуы мен түсуі, беттік ағынның ерекшелігіне және т.б. байланысты.

Іле Алатауындағы қазіргі экзоморфогенезді бедер құрушы үрдістер экзоморфодинамикалық белдеулерде ғана анықталып қоймай, сонымен бірге гипсометриялық деңгейі әр түрлі биіктіктегі тау ішілік ойпаттарыда қарастырылады.

Тау ішілік ойпаттар- 1000-1700 метрден 2100-2400 м биіктікке дейін орналасқан. Негізінен тау ішілік ойпаттарында флювиалды бедер құрушы үрдістер мен жаңа аккумулятивті және эрозионды бедер пішіндері дамыған.

Флювиалды геоморфологиялық үрдістерге Сөгеті (Бартоғай), Жалаңаш, Асы, Жіңішке тау ішілік ойпаттарында дамыған. Тау ішілік ойпаттарының әр қайсысы геоморфологиялық ерекшеліктерімен жеке қарастырылады. Сөгеті мен Торайғыр тау

аралығындағы Сөгеті ойпатының гипсометриялық деңгейі 1000-1200м, оның солтүстік


Сурет 1. Сөгеті тауының беткейлеріндегі сусымалар
және оңтүстік шеткі жиектерінде ысырынды конусты шлейфі жағалай орналасқан. Шелек пен Шарын өзендер аралығында солтүстік батысқа қарай аз еңістелген Жалаңаш жазығы жатыр. Оның солтүстік бөлігіндегі Торайғыр жотасының оңтүстік беткейі уақытша су айрықтарыының ысырынды конустары айқын көрінеді. Ал жазықтың оңтүстігінде Күнгей алатауының солтүстік беткейіндегі ысырынды конустары мен шектеледі.

Сөгеті және Жалаңаш жазықтарының генетикалық қатынасы бойынша шамамен орта неогеннен басталған тектоникалық ойпат. Қазіргі түріндегі Асы және Жіңішке аккумулятивті жазықтықтары ежелгі төрттік кезеңінде дамыған. Таулы Шелек өзенінің тасымалды өнімдерімен толтырылған ойпат.

Сөгеті ойпатының батыс бөлігінде орналасқан Бартоғай суқоймасының қазіргі экзоморфогенез үрдістері күрделілігімен ерекшеленеді (Кесте-1).

Бартоғай шатқалы климаттық аридтылығына қарамастан, ондағы 60% флювиалді үрдістер негізі болып табылады. Аймақта уақытша су айрықтартарының сай салаларымен тілімденген. Бартоғай су қоймасының сол жақ жағалауының тілімдену жиілігі 6,35 км/км2, оң жақ жағалауынікі 4,23км/км2.



Кесте-1

Бартоғай шатқалындағы қазіргі экзоморфогенез үрдістері





Үрдіс және оның пайда болу пішіндері

Бедер


Бедердің литологиялық негізі

Таралу ауданы (%)

Бедердің элементі және пішіндердің құрылуы

Уақытша арықтар эрозиясы

Тауішілік жоталар, жазықтар, аласа таулар, орташа таулар

Саздар, саздақтар, қойтасты-қиыршық-тастар, граниттер

9,8

Шұңқырлар, бороздар, жыралар, сайлар

Шелек өзені-нідегі арналық эрозия

Арналық учаскелер, жайылмалар, террасса кертпештері

Құмдар, қиыршық-тас, қойтасты- қиыршықтас

0,9

Кертпештер, арықтар, арналар

Опырылу-үгілу

Аласа таулар және орташа таулар жоталары

Ұсақ тастар, сынықшалар, кесектер

10,5

Опырындалыр, үгілінділер, тік беткейлер

Делювиальді-үгілу

Аласа таулар және орташа таулар жоталары

Саздақтар, ұсақ тасты- саздақтар, ұсақ тастар

7,3

Опырынды шлейфтер, шұңқырлар мен сайлар

Коллювиаль-делювиальді аккумуляция

Аласа беткейлердің етегі, бөктерлі жазықтардың беті

Саздақтар, ұсақ тасты- саздақтар, ұсақ тастар, сынықшалар

4,6

Опырындылар, апырынды шлейфтер, үйінділер

Аласа таулардың беттік тегістелу- індегі үгілу үрдістері

Орташа және аласа таулардың суайырық беттері

Порфириттер, туфтар, граниттер, гранодиориттер

13,8

Элювий жинақталуы

Дефляция

Террассалар беті

Саздақтар

3,7

Қуыстар

Абразия

Жағалау учаскесіндегі сағалар, атырау

Құмдар, қиыршық-тас, қойтасты- қиыршықтас

2,4

Аллювидің жинақталуы

Батпақталу, тұздану

Оңжағалау учаскесіндегі сағалар, террассалар

Саздар, саздақтар

5,6

Батпақталған жерлер, жиналған тұздақтар

Беттік шайылу

Ішкі таулардағы жазықтардың беткейлері, террассалар, аласа таулар беткейлері

Саздақтар, тасты-саздақты шөгінділер

41,4

Шайылу беткейлері.

Бартоғай шатқалындағы беттік шайылу 41,4 % аумақты алып жатыр, қалыңдығы 3- 5 метрге дейін болатын ұсақ шөгінді жынысты қабаты алып жатыр. Эолдық дефляция және аккумуляция, батпақтану, тұздану процесстерінің атқаратын ролі шамалы. Шелек өзенінің І және ІІ жайылма террасаларындағы құмды-сазды жыныстарында тау-аңғарының күшті желдер әрекетінен дефляция даму үстінде.

Сонымен Бартоғай су қоймасының құрылысы мен эксплуатациясы қалыптасқан табиғи жағдайды бұзып, жаңадан қазіргі экзоморфогенез үрдістерінің дамуына жағдай туғызды. Арналық, беткейлік үрдістер көлдік үрдістерге ауысты: жағалаулардың қайта құрылуы, абразия үрдістерінің қарқынды дамуы, Шелек өзенінің Торайғыр шатқалынан шығар жерінде су қойманың оңтүстік бөлігінде ішкі атыраудың қалыптасуы.

Сонымен бедердің морфологиялық ерекшеліктері ландшафтық-климаттық жағдайларды анықтайды және де биіктік экзоморфодинамикалық белдеулерінде экзоморфогенез үрдістері жетекші рол атқарады.



_____________________________________


  1. Веселова Л.К., Сивков С.С., Шубин С. Морфоструктуры и современные экзогенные процессы зоны стройтельства Бартогайского водохранилища// Развитие и преобразование географической среды Казахстана. –Алма-Ата, 1982. -С. 25-34.




  1. Веселова Л.К. Турапова Р.О. Эколого-геоморфологические процессы в геосистемах внутригорных впадин северного Тянь-Шань// Проблемы экологической геоморфологии. Материалы Международной научно-практической конференции Алматы: Қазақ университеті, 2007 С. 10-14.




  1. Турапова Р.О. Морфоструктура восточной части Заилийского Алатау // Вестник КазГУ, сер географ., №1, 2000

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет