Іле ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік



жүктеу 83.93 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі83.93 Kb.
түріКонкурс


03.05.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Іле ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, анықтама телефоны/факс: +7(72752)  2-17-94, 2-01-83. Электрондық пошта: akimat@iletany.kz, БИН 000840002371 «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 127421 теңгеден 172394 теңгеге дейін, Е-R-1 санаты (№8-22-36), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: қызмет көрсету саласы, құқықтық, техникалық, ауылшаруашылық.

Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.



Функионалдық міндеттері Бөлiм қызметіне басшылық жасау. Жер қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Аудан шекарасы көлемінде жер қатынастарын реттеу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

2. Энергетический ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№04-36-11), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: экономикалық.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері Округ әкім аппаратының қаржы шаруашылық жұмыстарын жүргізеді,бухгалтерлік есеп операцияларының дер кезінде өтуіне жауап беру. Сатып алу, келісім шарттарды уақытында өткізіп, тауарлық материалдық қозғалыстарды үйлестіреді. Еңбек ақы төлеу бойынша табель жүргізеді. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

3. Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№04-42-10), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары техникалық, құрылыстық, құқықтық, қызмет көрсету саласы..

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық және халыққа көлікпен қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Округ аумағында елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

4. Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңінде), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№04-42-12), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Кенттің әлеуметтік экономикалық бағдарламасын жасауға қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпорын, ұйым, ауылшаруашылығын өндіруші кәсіпорындардың уақытысында статистикалық есеп беріп отыруын ұйымдастыру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

5. Жетіген ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңінде), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№07-32-03), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика, спорт, туризм, денешынықтыру және көші-қон саласындағы мемлекеттік бағдарламардың орындалуын қамтмамасыз ету. ҚР Президентінің жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмысты үйлестіру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

6. Жетіген ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№07-32-05), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, ауылшаруашылық. Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Округтің әлеуметтік - экономикалық бағдарламасын орындау. Өнеркәсіпті, шағын, орта бизнесті және ауыл шаруашылық даму мониторингін жүргізу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

7. Жетіген ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№07-32-06), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары техникалық, құқықтық, экономикалық.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Округтегі тұрғын үй-коммуналдық саласында қызмет көрсетуді жақсарту және кеңейтуге бағытталған бағдарламаны орындау, елді мекендері көркейту бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Өкілеттік аясында кент аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану. Халыққа көлікпен қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік мекемелердің қысқа дайындықтары жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», Заңдарын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап - 10 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Іле ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Іле ауданының маслихат хатшысы, Іле ауданының ардагерлер және кәсіподақ ұйымының төрағалары, «Нұр Отан» партиясы филиалының төраға орынбасары, «Іле таңы» аудандық газетінің бас редакторы және тілшілері қатысады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет