Іле ауданының әкімі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, анықтама



жүктеу 66.19 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі66.19 Kb.
түріКонкурс


11.05.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Іле ауданының әкімі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, анықтама телефоны/факс: +7(72752)  2-17-94, 2-01-83. Электрондық пошта: akimat@iletany.kz.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», Заңдарын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, анықтама телефоны/факс: +7(72752)  2-17-94, 2-01-83. Электрондық пошта: akimat@iletany.kz. БИН 000840002371

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Іле ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Іле ауданының маслихат хатшысы, Іле ауданының ардагерлер және кәсіподақ ұйымының төрағалары, «Нұр Отан» партиясы филиалының төраға орынбасары, «Іле таңы» аудандық газетінің бас редакторы және тілшілері қатысады.
1. Іле ауданы әкімінің көмекшісі, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін, Е-3 санаты (№8-22-6), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық, экономикалық, құқықтық.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.



Функионалдық міндеттері: Аудан әкімінің тапсырмасын орындау. Энергетика, көлік, жол, газ және су жүргізу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, коммуникация, байланыс салаларының және елді мекендерді көркейту мен олардың санитарлық жағдайы мәселелерін жүргізеді. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
2. Аудандық кәсіпкерлік бөлiмiнің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты (№01-25-03), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: экономикалық.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Шағын бизнесті дамыту мониторингін жүзеге асырады. Сауда және қызмет көрсету саласы мәселелері бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен болжамдары жобаларын әзірлеуге қатысады. Сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету жөнінде банк мәліметтерін қалыптастырады. Шағын бизнесті дамыту мониторингін жүзеге асырады. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
3. Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№2-21- 05), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Округ әкімі және оның аппаратын заңгерлік кызметпен қамтамасыз ету. Округ әкімінің актілерінің заңдылығын бақылау. Округ әкімінің шешімдері мен өкімдер және т.б. құжаттар жобасына құқықтық сараптау жүргізу. Сот жүйесінде округ әкімінің мүддесін қорғау. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
4. Междуреченск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№4-37-08), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Округ әкімі және оның аппаратын заңгерлік кызметпен қамтамасыз ету. Округ әкімінің актілерінің заңдылығын бақылау. Округ әкімінің шешімдері мен өкімдер және т.б. құжаттар жобасына құқықтық сараптау жүргізу. Сот жүйесінде округ әкімінің мүддесін қорғау. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
5. Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты (№04-42-04), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары: педагогикалық, гуманитарлық, құқықтық, қызмет көрсету саласы.

Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Функионалдық міндеттері: Мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика, спорт, туризм, денешынықтыру және көші-қон саласындағы мемлекеттік бағдарламардың орындалуын қамтмамасыз ету. ҚР Президентінің жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмысты үйлестіру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет