Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас қыздарға интимдік сипатта хат жазып, басы дауға қалған еді. Осы мәселеге қатысты әншінің ұлы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/

TikTok желісінде өнер иесінің ұлы бейтаныс бойжеткенге интим хаттар жазған еді. 

“Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қате жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз", – деп ақталды Олжас. 

  • Қазақстанда студент қыздар жаппай жыныстық қысымға шағымдануда: Депутат өзіне келген хаттар туралы айтты

  • "Қанішерді қоғам болып жазалауымыз керек": Блогер Айжан Байзақова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар отбасылық достарға айналған Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет те досын қолдап, жазба жариялады. 

“Олжасқа туған күн саған, маған тумай ма?! Телеграмда канал ашып, 400 қыз соны талқылап отыр. Арасында жала жабу да бар. Жамандықта бәрі ел болып, біріге салатынын айтамын. Жеке өзім Олжастың жақсылығын көп көрдім. Біреуді жамандағанын естімеппін. Боқтағанын да көрмегенмін. Мен де талай адамнан “Әділет, сен қыздарға жазыпсың” дегенді естідім. Сөйтсем, мүлдем танымайтын қыздар екен. Сондықтан егжей-тегжейін білмей жатып, талқылай бермейік!”, – дейді Майғазиевтің ұлы. 

Одан кейін Олжас Еспанов жұмыс істейтін Сүлеймен Демирел университетінің ұжымы да бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

“Әлеуметтік желіде СДУ қызметкеріне қатысты келеңсіз оқиға болды. Бұл жағдай университеттің ішкі тәртібіне сай келмейтінін бәріміз білеміз. Сондықтан қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Айта кетейік, Олжас Еспанов педагогикалық бағытта жұмыс істемеді. Әкімшілік бөлімге қарайтын, баспахананың қызметкері болды. СДУ университеті сапалы білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. СДУ қызметкерінің тарапынан осындай келеңсіз жағдай болғанына өкінеміз”, – делінген ресми жазбада.

Еске салайық, Нұрлан Еспановтің ұлына қатысты интим жазба желіге таралғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.