Ілияс Қабылов атындағы №32 мектеп-лицей АӘД пәнінің мұғалімі Б. Нысанбаев



жүктеу 114.42 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі114.42 Kb.


Ілияс Қабылов атындағы №32 мектеп-лицей

АӘД пәнінің мұғалімі Б.Нысанбаев

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Мәдениет ауылы

«ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ЖӘНЕ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ»

Қай мемлекет болсын өз жерін кез келген қол сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады. Бұған тарих сабақтары дәлел. Сол себепті Тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы және ұрысқа қабілетті армия құру проблемалары Елбасының – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының бірінші кезекте қамқорлығында болды.

Қарулы Күштеріміздің құрылу қалыптасу және даму процесінің, Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені баршаға белгілі. Елбасының тікелей басшылығымен сол кезде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, аумақтық тұтастығы мен дамуының күзетінде болуға арналған армия құруға барлық жағдайлар жасалды.

«Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігімен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құру хақылы» деп айқындаған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң егемен Қазақстан үшін бұл міндетті шешудегі ең алғашқы қадам болып табылады.

Қазақстан бұл кезеңде Достастық елдердің біртұтас қорғаныс кеңістігін сақтап қалу бағытын ұстанып, Біріккен Қарулы Күштерді құру идеясын қолдады және бұл Қазақстан Республикасының ғана емес, сонымен қатар бұрынғы бауырлас республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санады.

Қазқстан басшылығының мұндай ұстанымы әскерлерде ғана емес, көпшілік қауымның арасында да қызу қолдау тапты.

Өз армиясын құру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Достастық мемлекеттерінің барлығы өз қарулы күштерін құрғаннан кейін ғана қабылдады.

Қазақстан Республикасының, оның саяси жүйесінің қалыптасуы, экономика қайта жаңғырту, әлеуметтік басымдықтарды таңдау осы кезеңде сенімді әскери қауіпсіздік жүйесін құру мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Әскерлерді Қазақстанның заңды құзіретінде көшіру жағдайында қару – жарақты, әскери техниканы, материялдық құралдардың сақталуын қамтамасыз ету міндеті өткір мәселе күйінде тұрды. Бұл ретте әскерлердің жауынгерлік деңгейін төмендетуге жол бермеу қажет болды.

Орталықтан қамтамасыз ету жүйесі ыдырағаннан бастап, шындығында, әскерлерді қаржылық, материялдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді қайтадан ұйымдастыруға тура келді. Өзіміздің әскери кадрлар даярлау жүйесін құру жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет болды.

Қол жеткен оң өзгерістер еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің, егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыртқы саясаттағы және әлемдегі жоғары беделінің нәтижесі еді.

Жалпы алғанда, әскери құрылыс тәжірбиесінің болмауын, өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарына қарамастан қысқа мерзім ішінде егемен мемлекеттің маңызды нышандарының бірі – төл Қарулы Күштерімізді құра алуы.

Осы кезең ішінде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамас етудің нормативтік – құқықтық негізі қаланды.

Әскери саясаттың негізгі мазмұны, бастапқы кезеңдегі әскери құрылыстың бағыттары 1993 жылы қабылданған Әскери доктринада айқындалады.

Басқа да заңнамалық және нормативтік – құқықтық актілермен қатар алған құжат егемен мемлекеттің қаз тұрып, қалыптасу кезеңінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, әскери құрылыста оң рөл атқарды.

Қарулы Күштерді құрумен қатар мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саяси – демократиялық сипаттағы шаралар да жүзеге асырылды.

Елдің басшылығы өз күш – жігерін шекараның периметрі бойынша қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін құруға, ядролық қауіп-қатерді азайтуға жұмылдырды.

Қазақстан КСРО-дан мұра болып қалған ядролық арсеналға деген құқығын өз еркімен бас тартып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Осы кезеңде Президент бастамасымен республика басшылығы басқа да ерекше, бірақ уақыт талабына сай шешімдер қабылдауға тиіс болды.

Аймақта ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың аясында Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қосылды. Бірақ, өмірдің бір орнында тұрмайтыны белгілі. 2001 жылғы 11қыркүйекте Америка Құарам Штаттарында болған қайғылы оқиғалардан және одан кейін жасалған антитеррорлық акциялардан соң әлемдегі және Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлі өзгерді. Аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыратын және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа факторлар пайда болды.

Аймақтағы белгілі бір дәрежедегі шиеленісуді алдын ала болжаған ел басшылығы армияны жетілдіру жөніндегі уақыт талабына сәйкес шараларды қабылдады.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бектілді. Бұл құжаттың бұдан әрі дамыту мақсатында 2000 жылғы 10 ақпанда Елбасының Жарлығымен Қазақстанның Әскери доктринасы бекітілді.

Бұл құжаттар қазіргі замандағы әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси ахуалдың жай-күйін кешенді бағалауға сүйенеді, қазіргі заман шындығын, елдің экономикалық және ресурстық мүмкіндіктерін ескереді. Оларда Президенттің Қазақстан халқына жолдауындағы ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлірі туралы тұжырымдамалық ережелер көрініс тапты.

Бүгінгі таңда бұл міндет табысты жүзеге асырылды деп атауға болады. Қазір елімізде отандық білім беру жүйесі толық қалыптасы, Радиоэлектроника және байланыс әскери –инженерлік институт, әскери тектерінің бірнеше оқу орындары (Құрлық әскерлердің институты, Әуе қорғанысы күштерінің институты және Әскери – теңіз институты) жемісті жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері институты өзінің бірнеше талапкерлерін қабылдады.

Бұдан басқа, кәсіпқой сержанттар даярлайтын Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусы біздің мақтанышымыз болып табылады. Өйткени мұндай оқу орын ТМД елдері ішінде тек бізде ғана бар.

Ұлттық университеттегі білім беру сапасын арттыру мақсатында Ресейден 5 әскери ғылымдардың докторы шақырылды.

Ынтымақтастықтың қол жеткен деңгейінің негізінде 800-ден астам әскери қызметшілер жақын және алыс шетелдердің жоғары әскери оқу орындарында білім алуда. «ХХІ ғасыр офицері» тұжырымдамасының негізінде «Штаб офицерлерін даярлау бағдарламасы» әзірленді.

Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік стандарттарға сай, білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда нағыз әскери элитаны қалыптастыру болып табылады.

Жас түлектердің жоғары әскери оқу орындарын салтанатты бітіру рәсімдеріне Мемлекет басшысының қатысуы игі дәстүрге айналды. Осы кездесулердің бірінде жоғарғы Бас қолбасшы офицерлер корпусына жоғары баға берді. Ол : «Офицер армияның абыройы, ол жәй ғана мемлекет қызметшісі емес, ол көптеген адамдардың тағдыры сеніп тапсырылатын мемлекет адамы... Офицер - армияның тұраты мәні, орталық тұлғасы, әскердің миы, ұрыстың ұйымдастырушысы және жеңістің жеңімпазы» деге болатын.

Қорыта айтқанда, әскери адамдар Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан ұдайы қамқорлықты сезінуде.

Әскери инфрақұрылымда қалыпастыру еуропа стандарттарын ескере отырып жүргізілуде. Онда біз бұрынғыдай әскери қызметшілерге арналған казармалар салудан арылып келеміз. Қарулы Күштерді тылдық қамтамасыз ету мәселелері, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру толық комерциялық фирмаларға берілген. Бұл біріншіден, командирлер мен оның орынбасарларына тікелей мақсаты – жауынгерлік даярлықпен айналысуға мүмкіндік берсе, екіншіден орта және шағын бизнестің дамуына белгілі бір деңгейде жағдай жасайды.

Елбасы нұсқауларына сәйкес алғашқы кезеңде Қарулы Күштердегі солдаттар мен сержанттар лауазымдарының 65 пайызы келісім – шарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталады. Таяу арада олардың саны 85 пайызға дейін арттыру көзделуде. Алайда, бұл армияның барлығы келісім – шарт бойынша әскери қызметшілерден тұрады деген сөз емес. Шамамен 10 – 15 бұрынғыдай мерзімді қызмет өткеретін болады.

Біздің соңғы жылдарда жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аудара бастадық. Сондықтан да әскерлерде оқу – жаттығу процесі жолға қойылып, жауынгерлік оқу жүйелі және жоспарлы сипатқа ие болды.

Жоғарғы Бас қолбасшының тікелей қатысуымен өткен «Отан қалқаны», «Бейбітшілік теңізі», «Батыс», «Сарарқа» сияқты ірі көлемдегі стратегиялық оқу – жаттығулардың барысында біз кәсіби армияның тиімділігіне көз жеткіздік. Кәсіпқой әскери қызметшілер мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне қарағанда өз міндеттерін анағұрлым жақсы атқаратынын тәжірибе көрсетті.

Жоғарыда аталған Кадет корпусының негізінде қазір кәсіпқой сежанттар институты құрылуда. Бүгінде барлық әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер армиясында сержанттық корпус жауынгерлік даярлық тұрғысынан ең озық құрылым болып табылады.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштеріміздің күнделікті тыныс-тіршілігіне үнемі жіті назарда ұстап отырады. Осы жылдардың өзінде «Оңтүстік» және «Батыс» аймақтық қолбасшылықтары штабтарының салтанатты ашылуына, Астана маңындағы десанттық бөлімнің тұсау кесеріне қатысуы, Астанада Ұлы Жеңістің әскери парадты қабылдауы, сондай – ақ таяудағы Кадет корпусындағы кәсіпқой сержанттармен емен-жарқын әңгімелесуі соның нақты дәлелі болып табылады.

Осындай мемлекет басшысының жұмыс сапалары барысындағы отандастарымызбен басқа да жылы жүздесулері еске түсіреді. Сондай сапардың бірінде – Қызылорда облысындағы «Әйтек» гидроқұрылысының салтанатты ашылуы кезінде Елбасына Ербол есімді мектеп оқушысының қысылып-қымтырылмай келіп, амандасып өзінің әскери болсам деп армандайтынын айтқаны жайлы бұқаралық аұпарат құралдары жазған болатын. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы талапты балаға Астанада республикалық «Жас ұлан» әскери мектебіне түсуге ұсыныс жасады. «Бірақ, ол үшін жақсы оқу керек, әскери болу оңай емес. Қорықпайсың ба?» дейді. Ербол ойланбастан «Жоқ!» деп жауап берді. «Ендеше міндетті түрде генерал боласың!» деп Президент арманшыл жастың үмітін үкілетіп, қанаттандыра түседі.

Сол Ербол Бөлебаев өзінің таудай талабының арқасында барлық емтихандарды сәтті тапсырып «Жас ұлан» әскери мектебіне қабылданды. Кейін оны Қорғаныс министрлігіне қонаққа шақырып, екеуміз емін – еркін әңгімелестік. Әкесі Бөлебай әскери қызметші екен. Аталары – Мінайдар, Бақберген кезінде Ұлы Отан соғысында от кешкен кісілер.

«Отан- отбасынан басталады» деген осы. Патриоттық рух адам бойына ананың сүтімен, атаның өсиет-өнегесімен отбасынан, мектеп қабырғасынан даритын қасиет. Еліміздің, Қарулы Күштеріміздің болашақ тағдыры осындай Ербол сияқты мұраты биік өскелең ұрпақтың қолында екені даусыз.

Президент Қорғаныс министрлігі алқасында сөйлеген сөзі бүкіл генералдар мен офицерлердің жадында жатталып қалды. Онда Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің болашақтағы даму бағыттарын нақты белгілеп, ХХІ ғасырдағы қазақстандық армияның бет-бейнесін айқындап берді.

Осындай жан-жақты қамқорлықтың арқасында еліміздің қорғаныс күші негізінен қалыптасып, оның дайындығы, құрамы, орналасу географиясы өскелең талап үдесіне шығуда деп толық сеніммен айта аламын. Ол елімізді сыртқы күштердің қол сұғуынан, түрлі лаңкестік әрекеттерден қорғай алатын дәрежеге жетті, одақтас елдердің қарулы күштерімен бірлесе отырып, қандайда болсын қиын міндетті шеше алады.

Елбасы Жарлығымен енгізілген Штабтар бастықтарының комитеті, Қарулы Күштердің түрлі және «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» аймақтық қолбасшылықтары мен Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын Аэроұтқыр әскерлері өзінің бүгінгі таңдағы тиімділігін тәжірибеден көрсетті.

Қорғаныс министрлігі мен Штабтар бастықтары комитетінің атқаратын міндеттері нақты айқындалып, ажыратылды. Біздің ендігі мақсатымыз – құрылымды оңтайландырып, бүгінгі күн қажеттілігі болмай қалған көптеген шашыранды әскери бөлімшелерді қысқартып, кейбірін толықтырып, қайта жарақтау. Бұл жұмыстар қызу жүргізілді.

Ең бастсы біздің Қарулы Күштерімізді дамытудың жаңа кезеңі аяқталып, кәсіби негізг бірте-бірте көшу үшін жағдайлар жасалды деуге болады.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан елде және аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа қоқан-лоққыларға халықаралық құқық негізінде қарсы қимыл көрсетуге, алдын алу сипатындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жағдай жасауды қолдайды.

Бұл ретте халықаралық әскери ынтымақтастықтың, тең дәрежелі әріптестік пен өзара тәжірибе алмасудың маңызы өте зор .Президентің Қазақстан халқына Жолдауында «Бізің басымдықтарымыз өзгеріссіз қалады. Бұл - XXI ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.

Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтмақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз берілді» деп атап көрсетілген.

Біздің одақтарымызбен тығыз өзара іс-қимыл Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы желісі бойынша дамуда. Ұйым шеңберінде әскери басқару орган – Біріккен штаб құрылды, оның құрамында біздің генералдар мен офицерлер қызмет атқарып жатыр. ҰҚШҰ-ның маңызды құрамдас бөлігі оған қатысушы мемлекеттердің әскери-техникалық ынтымақтастығы болып табылады. Қару-жарақ пен әскри техниканы жеткізіп берудің жеңілдік режимі мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарына жеңілдікпен оқыту принципі 2003 жылы нақты түрде бекітілді. Жыл сайын ҰҚШҰ шеңберінде бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіліп келеді.

Қазіргі таңда ҰҚШҰ-ның жұмысы осы бағыттарда жемісті дамып келе жатқанын атап өтуге болады.

Екі жақты ынтымақтастыққа келсе, ең әуелі Ресей Федерациясымен ынтымақтастық біздің әскери және әскери-техникалық саладағы басым бағыттары айғақтайды. Қазақстанның Ресеймен тамыры терең тарихи достық, тату көршілік қарым – қатынасы баршаға белгілі. 2002 жылғы 2 наурызда Алматыдағы Қазақстан мен Ресей Президентінің арасындағы кездесуде:

  • Азақстанға Ресейдің өз Қарулы Күштеріне қолданылатын баға бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу туралы;

  • Қазақстан әскери кадрлары Ресейде даярлауға жеңілдік беру туралы өте маңызды уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы қарым-қатынастың жоғарғы деңгейін екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберіндегі, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйым мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының форматында да нақты нәтижелер дәлелдейді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүшесі болып табылатын Қытай Халық Республикасымен де екі жақты әскери ынтымақтастық тұрақты дамуда. Атап өтсек, соңғы кезде Кытай тарабы ҚР Қарулы Күштеріне 37 миллион юань сомасында материалдық-техникалық көмек көрсетті. Бүгінгі күнде ҚХР жетекші әскери оқу орындарында біздің бірқатар әскери қызметшілер білім алуда.

Қазіргі кезде халықаралық терроризмге қарсы күрес, әскери-техникалық саладаы, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі ынтымақтастық екі елдің өзара ықпалдастығындағы басым бағыттары болып табылады.

Сонымен қатар Түркия, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды және т.б елдермен әскери ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғаса бермек.

Беделді шетелдік сарапшылардың пікірінше Қазақстан қазір Қарулы Күштерді жетілдіру және кәсіби әскери құру жөнінен Орталық Азия аймағында көш бастап келеді.

Осының бәрі Қазақстан әскерінің халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін, оның Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаткер ретіндегі көрегендігін, әскери құрылысты дамытуда дұрыс бағыт – бағдар ұстанатындығын көрсетеді.

Олар еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайтуға, әскерді кәсібилендіру , қару-жарақ пен техниканы модернизациялау , әскери білім мен ғылымды дамыту,терроризмге қарсы күресте тиісті органдардың өзара іс-қимылдарын жетілдіру т.б. осы айтылғандардың бәрі біз үшін Қарулы Күштерді одан әрі дамытудағы негізгі бағыттар болып табылады.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы тұрақтану және өсу нәтижелерін ескере отырып, таяу онжылдық ішіндегі қазақстандық армияның бет-бейнесі туралы нық сеніммен сөз қозғауға болады. Бұл ұрысқа қабілетті, қазіргі заманғы техникамен және

қару-жарақпен жарақталған, қуаты мен ұтқырлығы жоғары, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше алатын жоғары технологиялы, кәсіби Қарулы Күштер болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Республикалық әскери-патриоттық педагогикалық-әдістемелік журнал

  2. Алғашқы әскери дайындық кітабы



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет