Бүгін мәжілістегі брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, жаңа тұрғын үй бағдардламалары қалай жасалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның сөзінше, жаңа ипотека бағдарламаларының шарттарын “Отбасы банк” өзі жариялаған. 

“Мемлекет осы бағдарламаны қолдау үшін 300 млрд теңге бөлді, әлеуметтік осал топтар жалға алатын пәтерді тағы береміз. Қазір жалға алынатын пәтер жобасына 270 млрд теңге бөлінді”, – деп атап өтті министр . 

Журналистер “сонда шарттарын банк ғана жасай ма, сіздер араласпайсыздар ма” деп сұрады. 

“Банк министрлікпен келіседі. Қазір министрлік шарттарын қарап жатыр. Оны банк пен министрлік өкілдері бірлесіп жариялайды”, – де түсіндірді Қанат Шарлапаев. 

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі 1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама туралы айтқан еді. 

Нұрлан Байбазаров 1 мамырдан бастап іске қосылатын ипотекалық бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Министрдің айтуынша, 1 наурыздан бастап елімізде "Отбасы" банкінің "Отау" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істейді. Оған сұраныс көп болып, 18 мың өтінім беріліп, оның 11 мыңының сәйкестігі тексеріліп, нақты мақұлданған. Бұл ретте бағдарламаға бөлінген 150 миллиард теңге 7-8 мың пәтерге жетеді, яғни сұраныс қуаттылықтан асып кетті, сондықтан жаңа ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру қажет, деді ол.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.