Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Olympic.kz

"Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының аясында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында кәрі құрлықтың 12 мемлекетінен келген балуандар 16 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, мықтылар анықталды.

Жалпыкомандалық есепте Әзірбайжан мен Грузия құрамасы 8 алтыннан алса, Польша балуандары тек 4 күміс, 1 қоланы місе тұтті. 

Айта кетейік, былтыр қазақ күресі алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.