Имашева Гуляим Хамзиновна Жоғарғы санатты география пәні мұғалімі. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) кмм тақырыбы: «Жаратылыстану-ғылыми білім беру: заманауи әдістемелер мен



Дата11.04.2019
өлшемі72 Kb.
#91798

Имашева Гуляим Хамзиновна

Жоғарғы санатты география пәні мұғалімі.

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті

Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ
Тақырыбы: «Жаратылыстану-ғылыми білім беру: заманауи әдістемелер мен инновациялар, қолдану тәжірибесі»
Жеке тұлғаға бағыттылған оқыту жетістіктің 1% данышпандық пен

99 % еңбекке байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарын зерттеуі «Жаратылыстану» пәнінен басталады. Бұл олардың әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап, сақтай білуіне көмектеседі. «Жаратылыстану» пәнін оқыту оқушылардың зерттеу, ойлау және коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа білім парадигмасы бойынша бірінші орында оқушы тұлғасы тұрады. Бұл орайда оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастырудың бір жолы оқушының өзіндік жеке оқу траекториясын таңдау мүмкіндігінің болуы.

Жалпы білім беретін пәндерде оқу сауаттылығы бойынша 3 аспект жүзеге асырылады:


  1. Ақпаратты табу.

Мәтіннің негізгі бөлімдерінің мәнін тұжырымдау;

Мәтінді түсінуін көрсету.



  1. Мәтінді интерпретациялау.

Ақпаратты жинақтау;

Мәтінді өмірімен байланыстыру;

Сыни талдау жасау.


  1. Рефлексия және бағалау.

Мәтінді түсіну және зерделеу;

Ақпаратты бағалау;

Оның негізінде болжау және қорытынды жасау.

Оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша талап етілетін 3 аспект шарттарының орындалуы, яғни жеңілден біртіндеп күрделі тапсырманы орындауға өтуде балалардың жас ерекшеліктеріне, икем-дағдыларына лайықтап тапсырма беруге болады. Ол мұғалімнен шеберлікті қажет етеді, ізденімпаз, зерттеуші мұғалім белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін, түрлі технологияларды пайдалану арқылы бұған қол жеткізе алады.



География пәнінің мақсаты:

Дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.



  • Дүниенің географиялық бейнесі. Аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы;

  • Географиялық ойлау – географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеу;

  • Географиялық мәдениет - тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.

Жеке тұлға тек өз әрекеті негізінде ғана дамитындығы белгілі. Оқушының білім алуға бағытталған, саналы, мақсатты әрекеті оқу әректі деп аталады. Оның негізінде баланың теориялық білім алуының тәсілдерін іздеу жатыр. Баланы оқыта отырып дамытуды, яғни бала бойындағы еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезімі, дербестік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытуды көздеймін.

Менің басты мақсатым - нәтижеге бағытталған білім беруді жүзеге асыру, жоғары сапалы білім беру, болашаққа сәйкес жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қажеттілігін өтеу.

Мектептегі география пәні оқушыларға физикалық географияның алғашқы курсында географиялық түсініктер мен ұғымдарды бере отырып адамның табиғатпен қатынасы, халықтар, ғаламдық проблемалар, дүние жүзілік  экономика туралы білімдермен ұштастырылады. Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарын зерттеуі «Жаратылыстану» пәнінен басталады. Бұл олардың әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап, сақтай білуіне көмектеседі.

Жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде «География» пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді өзара бірлікте қарастыратын маңызды пән болып табылады және оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейімен, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады, оқушылардың дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасатын және дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауын қалыптастырады. Жаратылыстану мен географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор.

«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

«География» пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән болып табылады және табиғаттың, халықтың және қоғамның өзара әрекеттесу проблемаларының кең ауқымын қамтиды. Бұл пән оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейі, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады және дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасып, дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауды қалыптастырады.

Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын көптеген геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа ие проблемалардың шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ қоғамның аумақтық бөлінісін ұйымдастырудың және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын дәлелдеуге, қоғамның қауіпсіз даму стратегияларының негізін жасауға, белгілі бір уақыт пен кеңістікте қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану және сақтау проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

«География» пәнін негізгі орта білім деңгейінде (7-9-сыныптар) оқытудың мақсаты дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдай білетін, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу үшін оқушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет болады:


    • географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;

    • оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;

    • қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылымижаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;

    • оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;

    • оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;

    • оқушылардың кеңістіктік ойлауы мен картографиялық дағдыларын қалыптастыру;

    • географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Жалпы орта білім деңгейінде «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

– оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:



      • оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;

      • геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдар туралы түсінікті дамыту;

      • оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

  • пән мазмұнын жобалаудың спиральділік қағидаты, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

  • таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;

  • білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;

  • бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

  • бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

  • оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландырылу болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).


География мен жаратылыстануды оқытудың тиімді түрлері мен әдістері

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттілігін қалыптастыру жолдары, мәселелері тек қана білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырып қана қоймайды, сондай-ақ оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы мен әдістерін қолдануды көздейді. Яғни бүгінгі күні мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.



Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

«География» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 1-т. 5-т. 1-б.

Мұғалімдер сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда оқушаларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

«Жаратылыстану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 3-т. 19-т. 5-б.

Белсенді оқу

Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Ж.Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын «баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.

Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.



Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі

«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды.



Саралап оқыту әдісі:

1) мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;

2) оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі.

Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады, сондықтан авторлардың көпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап оқыту» (оқушының белгілі бір ерекше белгі, қасиеттерін ескеру) ұғымымен тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі, кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.).

Саралап оқытуды жүзеге асыру үшін:

саралап оқытудың қандай критерийлер, қабілет, білім, біліктер бойынша жүзеге асырылатынын анықтау және нақтылау;



  • белгіленген критерийлер бойынша оқушыларды саралап оқытуға мүмкіндік беретін алдын ала дайындалған тапсырмаларды, жаттығулар мен тестілерді қолдану немесе жаңадан әзірлеу;

  • оқушыларға алдын ала диагностика жүргізу нәтижелерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды, есептер мен жаттығуларды пайдалану;

  • егер жекелеген оқушыларға сараланған тапсырмаларды орындау қиынға соққан жағдайда немесе тапсырма тым жеңіл және қарапайым болған жағдайда, оқушыны деңгейі жоғарырақ немесе, керісінше, төменірек топқа ауыстыру;

  • оқушы өзіне берілген төменірек деңгейдегі мақсаттар мен міндеттерді, тапсырмалар мен жаттығуларды табысты орындаған жағдайда, оны басқа топқа ауыстыру және қол жеткен табыстары мен жетістіктерін атап көрсету;

  • белгіленген критерийлер бойынша, дағдылар мен қабілеттерді дамытуға арналған «сараланған тапсырмалар қорын» жинақтап, жүйелеу және тұрақты түрде жетілдіріп отыру, бұл үшін каторчкадағы тапсырмаларды, слайдтар мен компьютерлік бағдарламаларды және т.б. пайдалану.

Оқу материалының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, картадан көрсетіп атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болып келеді. Оқу пәнінің базалық мазмұнында міндетті практикалық жұмыстар белгіленіп берілген. Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының сабақ құрылымы 3 сатыдан тұрады:



  1. Қызығушылықты ояту;

  2. Мағынаны тану;

  3. Ой толғаныс.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің мүмкіндіктері:

  • СТО әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды, түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды қарастырады.

  • СТО 2 мағынада қарастырылады: оқушылардың, мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

  • СТО «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрену» қағидаттарынан тұрады.

«Кластер» стратегиясы арқылы «Қызығушылықты ояту» сатысын ұйымдастыруға болады.

Мағынаны тану сатысында «Кубизм» стратегиясы мазмұндық мәлімет берілген соң, тақырыпты жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Кубтың 6 қабырғасындағы «Ойыңызбен байланыстырыңыз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген тапсырмаларды талдау жасауға беруге болады.

Ой толғаныс сатысында «Автор орындығы» стратегиясы әркімнің ойын ортаға салуға мүмкіндік береді. Сол сияқты, «Білемін, білгім келеді, үйрендім» стратегиясы сабақтың өн бойында оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы білім алып, тиянақтап, өзін-өзі бағалауға жағдай жасайды.

Оқу барысында мәтіндегі ақпаратты сын тұрғысынан ойлауды дамытудың INSERT стратегиясы арқылы талдау:



Білетін ақпарат

Жаңа ақпарат

Түсініксіз ақпарат

Қызықты ақпарат

«V»

«+»

«-»

«?»








Оқулықпен жұмыс - оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Практикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бұрыннан келе жатқан сабақ жоспарының модельі сақталғанымен, сабақ барысында әр ұстаз өзінің шығармашылық даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше түрлендіріп отырады. Практикалық жұмыстар оқушылардың әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын іздестіруіне мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады.



Практикалық жұмыстарды орындау барысында оқушылар мерзімдік баспасөз материалдарын, әлемдегі өзгерістер жүйесін де меңгереді. Жалпы карта географияның екінші тілі десек, оны меңгерген оқушы географиялық білім көздерін де толық меңгереді. Практикалық жұмыстарды орындау барысында карталармен, диаграмма, статистикалық мәліметтермен жұмыс жүргізіледі.
География сабағында картамен жұмыс iстеу дағдыларын дамыту

Оқушының география сабағында оқу мақсатына жету үшін өзін-өзі реттеу арқылы ойлау және іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор.

Оқу барысында географиялық картамен жұмыс iстеу үшін оқушылардың бірқатар білім, дағдылары қалыптасуы керек:


  • бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатураны және нақты картографиялық түсiнiктерді білу;

  • картада бейнеленген нысандар мен құбылыстарды түсiне бiлу;

  • географиялық нысандарды картадан көрсете бiлу.

Картаны оқи бiлу оқушылардың төмендегідей дағдыларын қамтиды:

  • шартты белгiлер мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқылы нысандар мен құбылыстарды оқи білу;

  • карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу.

Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.

Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 5-шы сыныптан бастап үйрете беру керек, бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады.

  • Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады т.с.с.

  • Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру, нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.

  • График, профиль, диаграммалар сызу: 6-шы сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын анықтау - оқушыларды төзімділікке тәрбиелейді.

  • Табиғатқа бақылау.

  • Эссе.

Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтижесі білім ұстамының тұрақты болуына әсерін тигізеді.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.

Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.

Өйткені еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

 

Әдебиеттер



  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы /«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 бет.

  2. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014.– 43 б.

  3. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағы. Әдістемелік құрал – Қарағанды, 2015

  4. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат.

  5. «География» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 1-т. 5-т. 1-б.

  6. «Жаратылыстану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 3-т. 19-т. 5-б

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет