Шүберек қуыршаққа тұрмысқа шыққан Бразилия тұрғыны шүберек балалар өмірге келгеннен кейінгі қиындықтар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: focus.ua

Мейривоне Роча Мораес отбасы құру үшін лайықты адамды кездестіре алмай, жалғыздықтан қиналған. Анасы қызына көмектеспек ниетпен шүберектен көк көзді, сарғылт шашты және мұрты бар Марсело есімді қуыршақты тігіп береді.

Бразилиялық аруға ойыншықтың ұнап қалғаны сонша, ол қуыршаққа тұрмысқа шығып, бірнеше айдан кейін Марселиньо есімді шүберек ұл "туады". Одан кейін жұптың егіз баласы "дүниеге келген". 

Шүберек қуыршақтың әйелі отбасыдағы адам саны артқанда үй тірлігі де көбейгенін айтты, бірақ күйеуі оған қолдау көрсетіп, "шомылуға, тамақ ішуге және ұйықтауға" көмектеседі екен. Сондай-ақ ол отбасыға көп ақша қажет болғандықтан Марсело күйзелісте жүргенін атап өтті. 

"Шығын артып жатыр, ал ол тамақ, киім, жалға алу, электр қуаты, су мен дәрі-дәрмекке ақша төлеуі керек. Осы есептің бәрін ойлап күйзеліп жүр", — дейді әйел. 

Бразилиялық арудың сөзінше, шүберек Марсело үнемі үлкен отбасын армандаған және қазір өте бақытты. Мораестің өзі кең үйге көшкісі келетінін жасырмады. 

Бұған дейін Мораес бірнеше рет жолдасы көзіне шөп салғанын анықтаған. 2022 жылғы маусымда ол Марсело адал болуға уәде бергенімен бір рет шөп салып қоймай, бұл әрекетін бірнеше рет қайталағанын айтты. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.