Қазақстан бойынша 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазгидрометтің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, оңтүстігінде күн суытады. 

“Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қатты жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде ылғалды қар аралас жаңбыр жауып, боран мен жел күшейеді.  Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар жауады. Сондай-ақ, көктайғақ болып, тұман басады. Республиканың батыс бөлігінде батыс антициклоны басым болғандықтан, ашық, аязды ауа-райы сақталады”, – делінген хабарламада.

Елдің басым бөлігінде температуралық фонда елеулі өзгерістер болмайды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13 градусқа дейін, таулы аудандарда 18-23 гардусқа дейін төмендесе, күндіз 2-7, таулы аудандарда 10-15 градус аяз болады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.