«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1.45 Mb.
бет1/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


  1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

  2. Мыналардың:

  1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10741 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 08 маусымда жарияланған) бұйрығының;

  2. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 732 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12570 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) бұйрығының;

  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 389 бұйрығының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
    өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағының (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2016 жылғы 26 қарашада жарияланған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 қазанда № 14308 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлікте мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондың бақылау банкіге қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                      Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы __________
№ ____ бұйрығымен

бекітілген


«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) ауруханаішілік ауру – науқаста медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмекті алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған кезде немесе медициналық көмекті алғаннан кейін инкубациялық кезен ішінде пайда болған микробтан шыққан кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің кәсіби қызметі салдарынан болған микробтан шыққан ауру;

2) ауыр жіті респираторлық инфекциялар (бұдан әрі - АЖРИ) – алдыңғы 10 күн ішінде пайда болған, анамнезінде жоғары температурамен немесе ≥ 38ºC қызбамен, жөтелмен сипатталатын және тез арада ауруханаға жатқызуды қажет ететін ауру;

3) бактерия тасымалдаушылық – адамның немесе жануардың организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға инфекциялық (паразиттік) аурудың қоздырғышын бөлумен сипатталатын, аурудың клиникалық белгілері жоқ инфекциялық процестің нысаны;

4) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге қабілетті бактерия вирустары;

5) бас тарту – инфекциялық аурумен ауыратын науқастың, соның ішінде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы;

6) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары – топқа қабылдауды және бір топтан екінші топқа ауысуды тоқтату, кабинеттік оқыту жүйесін алып тастауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, науқасты уақтылы оқшаулауды, бетперде режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін инфекциялық немесе паразиттік аурудың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;

7) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;

8) вирустық көлік ортасы (бұдан әрі – ВКО) – клиникалық материал үлгілерін зертханаға дейін тасымалдау процесінде оларда вирустарды сақтауға арналған дайын сұйық орта;

9) дизентерия – көбіне тоқ ішектің сілемейлі қабығы зақымдалатын шигелла (Shigella) түтінің микробы тудыратын инфекциялық ауру. Клиникалық түрде ауру уланумен және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;

11) дисбактериоз – созылмалы аурулардың, антибиотиктерді ұзақ қабылдаудың нәтижесінде туындайтын ішек жұмысының ауытқуы және фермент шығару қабілетінің бұзылуы бірге жүретін ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;

12) демеуші кезең – сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез процесінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқас организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;

13) Дьюар ыдысы – биологиялық үлгілерді сұйық азот ортасында ұзақ сақтауға және тасымалдауға арналған резервуар;

14) емделуден жалтару – өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ жиынтығында үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт және туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасында белгіленген уақыт бойы туберкулезге қарсы препараттарды қабылдамау;

15) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – ерекше маркерлер бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;

16) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын, патогенді және шартты патогенді бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық аурулар;

17) жіті респираторлық вирустық инфекциялары (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиалдық және басқа да вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы;

18) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды) әдеттегі эпидемиологиялық қадағалау – халықтың жіті респираторлық тұмау тәрізді аурудың және/немесе пневмонияның клиникалық белгілерімен жүгінуі бойынша республиканың барлық аумағында тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларынан (пневмониялар) болған өлім-жітімнің деңгейі мен динамикасының мониторингі;

19) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

20) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика мен емдеу әдістері;

21) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

22) индикаторлық көрсеткіштер – тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА), АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ШЭҚ) жүйесін ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері;

23) ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – АДК ТА) – штаммдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін туберкулез микробактериясы (бұдан әрі – ТМБ) тудырған туберкулез;

24) көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – КДК ТА) –штаммдары рифампицинге көнбейтін ТМБ тудырған туберкулез;

25) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және ТМБ-ның популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі;

26) қақырық микроскопиясының нәтижесі оң өкпе туберкулезі (бактерия бөлуші) – ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде, тіпті бір рет анықтағанда да қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі - ҚТБ) анықталуы;

27) паратифтер - аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану белгілері бар циклдық ағымымен, қоздырғыштың көбіне тағам және су жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен сипатталатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға қабілетті сальмонелла түрінің (Salmonella paratyphi) бактериялары тудыратын бактериялық жіті инфекциялық аурулар;

28) микроскопиялық зерттеу – белгіленген жағындыларда ҚТБ-ны анықтау әдісі;

29) Манту сынамасы – ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік Манту туберкулин сынамасы (бұдан әрі – 2 ТБ-мен Манту);

30) парентералды тетік – инфекцияның қан құю кезінде, тері жабыны мен сілемейлі қабықтардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;

31) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам;

32) ремиссия – ауру белгілерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;

33) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;

34) репрезентативті іріктеу – бас жиынтықтың негізгі белгілері сақталған және деректер көрсетілген белгі осы бас жиынтықта көрінетін пропорцияда немесе сондай жиілікте ұсынылатын іріктеу;

35) сальмонеллез – симптомсыз бактерия тасымалдаушылықтан бастап ауыр септикалық нұсқаларына дейін клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын, сальмонелла (Salmonella) түрінің қоздырғыштары нәжіс-ауыз арқылы тетікпен берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы. Көбіне жіті гастроэнтерит түрінде өтеді;

37) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатқа бағытталған емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу;

38) сырқаттанушылықтың бақылау деңгейі – алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасынан құралатын әрбір уақыт интервалына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін саналады. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты көрсетеді;

39) сүзгі – емханаларда ұйымдастырылады, оның міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі топқа: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың басқа да белгілері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға сұрыптау болып табылады;

40) стационарлардағы шектеу іс-шаралары – медқызметкерлер мен пациенттердің жүріп-тұруының ерекше режимін, науқастарды уақтылы оқшаулауды, бетперде режимін енгізуді, дезинфекциялық-стерильдеу режимін күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;

41) таңертеңгілік сүзгі – мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерінде, мектептерде, гимназияларда, лицейлерде аңқаны тексеріп-қарап, температураны өлшей отырып, ата-аналардан ЖРВИ мен тұмаудың белгілері мен симптомдарының болуын сұрау арқылы балаларды қабылдау;

42) термоконтейнер – жылудан оқшаулау қасиеттері және тығыз жабылатын қақпағы бар үлгілерді тасуға арналған жәшік (немесе сөмке), ондағы тиімді температуралық режим (плюс 2оС-тан плюс 8оС-қа дейін) қуысына салынған мұздатылған тоңазыту элементтерінің көмегімен қамтамасыз етіледі;

43) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлетін туберкулез науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме және тағы да басқалары), оқу, жұмыс, демалыс орны;

44) туберкулез – Mycobacterium tuberculosis туғызатын және науқас адамнан сөйлеген, жөтелген және түшкірген кезде өкпе тінін басымдықпен оқшаула отырып, ауа-тамшы жолдары арқылы берілетін, патологиялық процеске өкпеден басқа организмнің барлық органдары мен тіндері ұшырауы мүмкін инфекциялық аурулар;

45) туберкулиндік диагностика – 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу;

46) тұмау тәрізді аурулар (ТТА) – алдыңғы 7 күн бойы пайда болған, ≥38°C қызбамен және жөтелмен сипатталатын жіті респираторлық вирусты аурулар жағдайлары;

47) тұмауды ШЭҚ жөніндегі аймақтық вирусологиялық зертхана (аймақтық вирусологиялық зертхана) – ТТА, АЖРИ және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын, вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді растауды (қайта тестілеуді) жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана;

48) фаготип – бактериофактардың типтік жиынына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы;

49) флюоорографиялық, рентгенологиялық зерттеп-қарау – флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу;

50) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

51) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау – еліміздегі тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлемнің басқа елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, ТТА туралы ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалы үлгілерін жүйелі түрде жинау;

53) шолғыншы өңірлер – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар;

54) шолғыншы орталықтар – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар;

55) іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану белгілері бар циклдық ағымымен, қоздырғыштың су, тағам және тұрмыстық жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен, кездейсоқ таралумен сипатталатын, сондай-ақ ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға қабілетті сальмонелла түрінің (Salmonella Typhi) бактериялары тудыратын бактериялық инфекциялық ауру;

56) энтералды тетік – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі;

57) эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша зерттеп-қарау – белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген инфекциялық немесе паразиттік ауру туралы алынған ақпараттың негізіндегі және инфекциялық немесе паразиттік аурудың жағдайына эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезіндегі (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін) зерттеп-қарау;

58) anti-HCV – С вирустық гепатитіне антиденелер;

59) HBsAg – инфекцияның жіті немесе созылмалы түрін көрсететін беткейлік антиген;

60) шұғыл эпидемиологиялық талдау – қалыптасқан тенденцияны емес, пайда болатын бұрқ етулерді (эпидемияларды) анықтауға арналған эпидемиялық процес жағдайының және даму тенденциясын динамикалық бағалауы;

61) рекомбинантты туберкулезді аллерген (бұдан әрі – РТА) – стандартты араластыруда тері ішіне қолдануға арналған рекомбинантты ESAТ6 - CFP10 протеиндер жиынтығы, туберкулез инфекциясын диагностикалауға арналған.



2-тарау. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін және жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалық-нысаналы жоспарлау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жыл сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау;

2) сырқаттанушылықтың көтеріліп бастауын уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және шұғыл санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ай сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты шұғыл эпидемиологиялық талдау.

Ағымдағы сырқаттанушылық апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен салыстырылады, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен салыстыру жүргізіледі.

4. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және ауруға күдіктілерді анықтауды ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан барлық медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық тексеріп-қарау, ауруханаға жатқызу және медициналық ұйымдарға басқалай бару кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық белгілері, зертханалық зерттеулер деректері, эпидемиологиялық анамнезі негізінде белгіленеді.

5. Жіті ішек инфекцияларымен науқастарды уақытында анықтау үшін халықтың санаттарына:

1) медициналық ұйымдарға жүгінген кезде жіті ішек инфекцияларына күдікті науқастарға;

2) стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттеріне;

3) мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен сәбилер үйлеріне ресімдеу кезінде балаларға;

4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдарға;

5) ішек инфекциясымен ауырып айыққан реконвалесценттерге ішек тобына бір рет зертханалық зерттеп-қарау жүргізіледі.

6. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу мақсатында инфекциялық ауру қоздырғышының болжалды берілу жолдары мен факторларын есепке ала отырып, дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

7. Мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, сәбилер үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жіті ішек инфекцияларымен сырқаттану тіркелген кезде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ведомство ұйымдарының филиалдары қорытынды дезинфекция жүргізеді.

3-тарау. Жіті ішек инфекциялары және сальмонеллез ошақтарына эпидемиологиялық зерттеп-қарауды ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8. Ошақтарды эпидемиологиялық зерттеп-қарау:

1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау объектілерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанған кезде;

2) мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беру ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға баратын балалар сырқаттанған кезде;

3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметкерлері сырқаттанған кезде;

4) бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта үш және одан да көп адамның сырқаттану жағдайы тіркелген кезде жүргізіледі.

9. Жіті ішек ауруларымен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейі артқан кезде пәтер ошақтарын зерттеп-қарау қажеттілігін тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері эпидемиолоялық жағдайды және шұғыл эпидемиологиялық талдау нәтижелерін ескере отырып айқындайды.

10. Ошақтарды эпидемиологиялық зерттеп-қарау кезінде байланыста болған адамдарды айқындау және декреттелген топтағы және 2 жасқа дейінгі балаларды зертханалық зерттеп-қарау, зертханалық зерттеп-қарау үшін тамақ өнімдері, су сынамаларын, шайындыларды алу жүргізіледі.

11. Байланыста болған адамдар арасында патогенді және шартты патогенді микрофлора тасымалдаушылары анықталған кезде кейіннен бақылау зерттеп-қарау арқылы санация жүргізіледі. Патогенді және шартты патогенді микрофлора тасымалдаушылары теріс нәтиже алынғанға дейін жұмыстан шеттетіледі.

12. Байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды байланыста болған адамның тұрғылықты, жұмыс, оқу, демалыс орны бойынша медицина қызметкері жүргізеді. Медициналық бақылау нәтижелері амбулаториялық карталарда, баланың даму тарихында, стационарларда - сырқатнамаларда жазылады. Медициналық баұқылау ұзақтығы 7 күнді құрайды және сауалнама, тексеріп-қарау, термометрияны қамтиды.

13. Зертханалық зерттеу тізбесін және көлемдерін айқындау, ошақтардан өнімдерді алуды санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның маманы жүзеге асырады.



14. Инфекциялық ауру ошағынан алынған материалды зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ұйымдары жүргізеді.

15. Байланыста болған адамдарды зертханалық тексеру емдеу тағайындалғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
16. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүргізіледі.

17. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсетімдер:

1) екі айға толмаған балалардағы аурудың барлық түрлері;

2) баланың жасына қарамастан қатты сусызданумен қоса жүретін ауру түрлері;

3) ілеспелі патологиядан асқынған ауру түрлері;

4) әртүрлі дәрежедегі сусызданумен қоса жүретін созылмалы диарея;

5) дизентерияның созылмалы түрлері (асқынған жағдайда).

18. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер:

1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігінің болмауы (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақханалар, казармалар, коммуналдық пәтерлер және тағы да басқалары);

2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, балалар үйлеріндегі, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердегі, жазғы сауықтыру ұйымдарындағы, демалыс үйлеріндегі сырқаттану жағдайлары.

19. Дизентерия және басқа да жіті ішек инфекциялардан кейінгі реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін жүргізіледі.

Дизентерия және басқа да жіті ішек инфекциялардан кейінгі реконвалесценттерді бір рет бактериологиялық зерттеп-қарау амбулаториялық жағдайда ауруханадан шыққаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде, бірақ антибиотик терапиясы аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күннен соң жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет