«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1.45 Mb.
бет3/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

11-тарау. Зертханада қақырықты жинауға және тасымалдауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

119. Қақырықтың екі сынамасын жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді.

120. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (сынаманың бірі таңертенгі порциясы болу қажет) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі – мл), диаметрі кемінде 35 мм кең мойынды, жиналған материалдың көлемін және сапасын бақылауға болатын мөлдір герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет қолданылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химиялық терапияны бақылау мақсатында) екі үлгісін толтырады.

121. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі. Бактериологиялық зерттеу жүргізуге жиналған қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, онда тоңазытқышта 3 күннен асырмай сақталады.

122. Қақырық салынған контейнерлер қаптамалады. Бикстер тасымалдаған кезде күннің тікелей сәулесінен қорғалған салқын жерде сақталады.

123. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық ұйымның көлігімен жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жолдама бланкілері материалы бар контейнерлерден бөлек тұрады. Термоконтейнерлерге пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілетін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі тектердің санына сәйкес келеді. Әрбір контейнердегі сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес келеді.

124. Ілеспе тізімде жөнелту күні мен медициналық ұйымның атауы көрсетіледі.

125. Зертханаға қақырықтың үлгілерін қабылдау кезінде:

1) жеткізілген биксте ағу белгілерінің бар болуын тексереді;

2) бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;

3) контейнерлерде жарықтың немесе зақымданудың бар болуына мұқият ашады және тексереді;

4) бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.

126. Қақырықтың көлемі жеткіліксіз (3-5 мл), контейнерлер зақымданған және үлгілерді тасымалдау бұзылған жағдайда зерттеуге қабылданбайды.

127. Қақырықты жинау кабинетінде тікелей қақырық жинауға пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен толық биіктігінің бойымен бөлінеді. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабынмен және антисептик ерітіндісімен дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақталады, ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлем болатын жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

128. Бактериоскопиялық зертханаларда үш секция болады:

1) биологиялық ішке сору шкафында жағындыларды дайындауға және жағындыларды бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жағындыларды дайындауға және бояуға арналған;

2) микроскопияға арналған;

3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған.

129. Туберкулезге қарсы ұйымдардың персоналы жұқтыру қаупі жоғары жерлерде қорғау дәрежесі жоғары респираторларды (кемінде 94,0 пайыз (бұдан әрі - %) қолданады. Респираторлар көп рет пайдаланылады. Бетке тығыз жабыспайтын, сүзгісі бұзылған, қан немесе биологиялық сұйықтықтармен ластанған респиторды пайдалануға жол берілмейді.

12-тарау. Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы
иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
130. Балаларға профилактикалық егулерді және Манту сынамасын ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізеді.

131. Профилактикалық егуді және Манту сынамасын жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықталған тәртіппен ресімделеді.

132. Балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның басшылары профилактикалық егулерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді, қамту толықтығын есепке алудың дәйектілігін, сондай-ақ олар туралы есептерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Әдістемелік басшылықты ТҚҰ-ның мамандары жүзеге асырады.

133. Туберкулезге қарсы профилактикалық егулердің жиынтық жоспары және медициналық ұйымдардың иммундық-биологиялық препараттарға қажеттілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

134. Профилактикалық егулер жоспарын ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан тұрғылықты жері бойынша перзентханалар (бөлімшелер) және медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының егу жұмысын жүргізуге жауапты медицина қызметкерлері жасайды.

135. Балаларды есепке алуды, егу картотекасын ұйымдастыру мен жүргізуді, профилактикалық егулер жоспарын құруды балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

136. Балаларды есепке алу жылына екі рет (көктем, күз) жүргізіледі. Берілген мекенжай бойынша тұратын және тіркелген, іс жүзінде осы мекенжайы бойынша тұратын, бірақ тіркелмеген 15 жасқа (14 жас 11 ай, 29 күндік) дейінгі балаларды санаққа қосады. Өткізілген санақтың негізінде педиатрлық учаскелер (үй бойынша санақ) және туған жылдары бойынша балалардың санақ журналын ресімдейді. Санақтар арасында жаңа туған нәрестелер, жаңадан келген балалар және кеткен балаларды есептен алып тастау туралы мәліметтерді енгізу жолымен балаларды есепке алуды түзетеді. Бір жылға дейін уақытша кету есептен алып тастауға негіз болып табылмайды.

137. Ведомстволық тиесілігі мен меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына, балалар үйіне, интернаттарға баратын балаларды есепке алуды жылына бір рет жүргізеді. Ұйымдарға баратын балалар туралы мәліметтерді ұйымның орналасқан орны бойынша МСАК ұйымына береді.

138. Туберкулезге қарсы иммундауды жүргізу үшін иммундаудың басқа түрлері, сондай-ақ туберкулиндік диагностика жүргізілмейтін аптаның арнайы күнін белгілейді.

139. Туберкулезге қарсы қайта вакцинациялауды дәрігердің (фельдшердің) медициналық тексеріп-қарауынан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі бар қатаң түрде декреттелген жастағы (6-7 жас) балаларға жүргізеді.

140. Медициналық ұйымдарда егу жүргізу үшін Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен қажетті жабдықтармен жарақталған арнайы егу кабинеттерін бөледі.

141. Білім беру ұйымдарына, мектеп-интернаттарға, колледждерге, лицейлерге баратын, балалар үйіндегі, сәбилер үйіндегі балаларға егулерді осы ұйымдарда арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізеді.

142. Қолында жарақаты бар, терісі және сілемейлі қабатында іріңді жарақаттардың жайылуына қарамастан, осындай жарақаттары бар иммундауды және туберкулиндік диагностиканы жүзеге асыратын медицина қызметкерлері және жіті респираторлық аурулармен, ангинамен ауыратын науқастар туберкулезге қарсы егу жүргізуден шеттетіледі.

143. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері жүкті әйелдермен туберкулезге қарсы профилактикалық егу жүргізудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

144. БЦЖ-вакцинасын және туберкулинді сақтау, тасымалдау және пайдалануды вакцинаға нұсқаулықтар және медициналық иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау және сақтау жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

145. Туберкулезге қарсы вакцинациялауды, Манту сынамасын қоюды бір рет қолданылатын өздігінен бұзылатын (өздігінен блокталатын) шприцтермен жүргізеді.

146. Перзентханада жаңа туған нәрестені вакцинациялауды Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен баланың анасының жазбаша келісімімен туғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде, вакцинация алмаудың салдары және иммундаудан кейінгі мүмкін болатын реакциялар мен қолайсыз белгілер туралы түсіндіргеннен кейін жүргізеді.

147. Профилактикалық егу жүргізудің алдында жаңа туған нәресте тексеріп-қаралады, вакцинациялауға қарсы көрсетімдер болмаған жағдайда жаңа туған нәрестенің медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді. Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялауды егу жүргізуге рұқсаты бар егу кабинетінің мейіргері жүргізеді. Перзентханадан шығару кезінде анасына перзентханада алған егулер туралы жазбалар енгізілген, Қаулының Профилактикалық егу жүргізу ережесінің 17-тармағына сәйкес баланың Егу паспорты беріледі.

148. Вакцинациялауды жүргізуге:

1) алғашқы туысқандық дәрежедегі адамдарда анықталған БЦЖ генерализацияланған инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы);

2) АИТВ-инфекциясы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы;

3) шала туғандық – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас;

4) орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) босану кезіндегі жарақаттар;

5) қынапішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис;

6) жаңа туған сәбилердің гемолитиялық аурулары (ауырлығы орта және ауыр түрлері);

7) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр аурулар кезінде жол берілмейді.

149. Перзентханада туберкулезге қарсы вакцинациялау алмаған балалар МСАК-та вакцинацияланады, бұл ретте екі айға толғанға дейін вакцинациялау алдын ала туберкулиндік диагностикасыз, ал екі айдан кейін Манту сынамасы теріс болған кезде жүргізіледі.

150. БЦЖ вакцинасы егілмеген жаңа туған нәрестелерді перзентханадан шығару ата-аналарын және бірге тұратын барлық адамдарды туберкулезге зерттеп-қарағаннан кейін МСАК ұйымы берген анықтамаға сәйкес жүзеге асырылады.

151. Анасында босанудың аз алдында өкпе туберкулезі анықталған кезде жаңа туған нәресте (мүмкін болса плацента да) туа біткен туберкулездің болуына зерттеп-қаралады.

152. Перзентханадан бактерия бөлетін науқаспен байланыс жағдайына түсетін, вакцинацияланған балалар жаңа туған нәрестелерді күту бөлімшелеріне немесе сәбилер үйіне кем дегенде екі ай мерзімге оқшауланады (туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда).

153. Егер анасы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын болса, онда баланы үш айға химиялық профилактика алу үшін анасынан оқшаулайды, содан кейін Манту сынамасы теріс нәтижелі болса, БЦЖ вакцинасын егеді және иммунитеттің түзілу кезеңіне тағы да екі айға анасынан оқшаулайды, және жаңа туған нәресте перзентханадан шыққан кезде барлық байланыста болатын адамдар флюорографиялық әдіспен профилактикалық зерттеп-қаралады және тек содан кейін ғана ол ДЕСК анықтамасынан соң перзентханадан шығарылуы тиіс.

154. Мыналар:

1) 6-7 жастағы (1-сынып) Манту сынамасының теріс нәтижесі бар, инфекция жұқтырмаған сау балалар;

2) Мантудың теріс қайталама сынамасынан кейін үш айдан соң Мантудың күмәнді реакциясы бар адамдар БЦЖ-мен қайта вакцинациялауға жатады;

Манту сынамасы мен БЦЖ қайта вакцинациялаудың арасындағы интервал кемінде күнтізбелік үш күн және екі аптадан аспайды. Медициналық қарсылықтар болған жағдайда қайта вакцинациялау қарсы көрсетімдер алып тасталғаннан кейін жүргізіледі.

155. Қайта вакцинациялауды оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) 6-7 жастағы (1-сынып) оқушылар арасында бүкіл республика бойынша бір уақытта мектептерде ұйымдастырылған, балалардың фтизиатр-дәрігерімен бірге МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері жүргізеді. Осы айда мектепте басқа егулерді жүргізуге жол берілмейді. Пайдаланылмаған БЦЖ вакциналарының қалдығы Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен жоғары тұрған денсаулық сақтау ұйымына тапсырылады. Перзентханаларда (босандыру бөлімшелерінде) ғана тоңазытқышта плюс 2оС - плюс 8оС аралығындағы температурада БЦЖ вакцинасын тұрақты сақтауға жол беріледі.

156. БЦЖ қайта вакцинациялауға қарсы көрсетімдер:

1) ТМБ-ны жұқтыру немесе бұрын туберкулездің болуы;

2) оң және күмәнді Манту сынамасы;

3) БЦЖ вакцинациясы кезіндегі жанама реакциялар;

4) алғашқы туысқандық дәрежедегі адамдарда анықталған БЦЖ-ның генерализацияланған инфекциясы;

5) АИТВ-инфекциясы;

6) иммун тапшылығы жағдайы, қатерлі ісіктер;

7) орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) босану кезіндегі жарақаттар;

8) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр аурулар;

9) жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы, оның ішінде аллергиялық аурулардың асқынуы. Қайта вакцинациялауды сауыққаннан кейін немесе ремиссия кезеңі басталғаннан кейін екі айдан соң жүргізеді;

Туберкулезге қарсы вакцинациядан уақытша босатылған адамдарды есепке алады және толық сауыққаннан кейін немесе қарсы көрсетім жойылғаннан кейін егеді.

157. БЦЖ вакцинасы бар ампулаларды ашу алдында мұқият тексеріп алады.  Мынадай:

1) ампулада заттаңба болмаған немесе ол дұрыс толтырылмаған;

2) вакцинаның жарамдылық мерзімі аяқталған;

3) ампулада сызат және жырық болған;

4) препараттың физикалық қасиеті өзгерген (түсі, пішіні және басқасының өзгеруі);

5) вакцинаға нұсқаулықта көрсетілген мерзімде ерітілген препаратта бөгде қоспалар немесе бөлінбеген қауыздар болған жағдайларда препарат пайдаланылмауы тиіс.

158. Туберкулезге қарсы вакцина ерітілгеннен кейін тез арада немесе егер вакцинаның қалдығы кейіннен жойыла отырып, вакцинаға арналған нұсқаулықта жол берілсе, алты сағат ішінде пайдаланылады.

159. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде нұсқаулықта көзделген көлемде сол иықтың сыртқы бетінің үштен бірінің үстіңгі және ортаңғы шегінде теріішілік енгізіледі. БЦЖ-ны егу организмнің барлық жағынан жауапты реакцияның дамуымен бірге жүреді.

БЦЖ вакцинасын енгізуге реакция былайша көрінеді:



  1. БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін тез арада 15-20 минуттан кейін таралып кететін папула пайда болады;

  2. жалпы организмнің барлық жағынан жауапты реакцияның дамуы. 15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, бұл қалыпты реакция ретінде бағаланады, оның кері дамуы өз бетімен бірнеше айдан кейін болады;

  3. аймақтық лимфа түйіндерінің 20 мм және одан артыққа ұлғаюы БЦЖ вакцинасына жаңама реакция деп саналады, мұндай жағдайда ерекше терапия жүргізіледі;

  4. жергілікті вакцинадан кейінгі егу реакциясының дамуы вакцинацияланған адамдарда тек төрт-алты аптадан соң ғана басталады, ал қайта вакцинацияланған адамдарда – бір аптадан соң басталуы мүмкін. Осы кезде вакцина енгізу орнында диаметрі 5-9 мм көлемінде гипермия және инфильтрат (папула) пайда болады. Кейін инфильтрат везикулаға, пустулаға ауысады, содан кейін өздігінен түсіп қалатын және тыртықтың қалыптасуы басталатын қабыршақ пайда болады. Сипатталған реакциялар қалыпты болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңдеуді талап етпейді;

БЦЖ вакцинациялаудың және қайта вакцинациялаудың соңғы нәтижесі тыртықтың көлемі бойынша егуден кейін бір жылдан соң бағаланады. Егу техникасы мен вакцинаны сақтау дұрыс болған жағдайда енгізу орнында 95-97% жағдайда тыртық қалыптасады. Диаметрі 5-8 мм тыртық ең оңтайлы болып саналады. Бірқатар жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізген орында апигментті дақ (2-3%) пайда болады.

Балалардың жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы) оны ескереді және алты айдан кейін Мантудың алдын ала сынамасынсыз (тек бір рет) (вакцинацияға дейін) қайта егеді, Мантудың теріс нәтижесі кезінде бір жылдан кейін егеді.

15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, бұл қалыпты реакция ретінде бағаланады, ал түйін 20 мм асқанда ерекше емдеуге жатады. Лимфадениттердің теріс дамуы 6-9 айдың ішінде байқалады.

160. Бала перзентханада болған кезінде дәрігер (мейіргер) анасына теріішілік вакцинадан кейін төрт-алты аптадан соң нәрестеде жергілікті егу реакциясы дамитынын, ол пайда болған жағдайда баланы учаскелік педиатр- дәрігерге қарату қажет екенін хабарлайды.

Вакцинацияланған (қайта вакцинацияланған) балаларды бақылауды МСАК педиатр-дәрігері жүргізеді. Бұл ретте бір, үш, алты, он екі айдан соң Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес 063е, 026е, 112е) есепке алу нысандарында оның сипаты мен көлемін тіркеу арқылы жергілікті егу реакциясын тексереді, организмнің вакцинацияға жалпы реакциясын айқындау және аймақтық лимфаденитті уақтылы анықтау мақсатында перифериялық лимфа түйіндерінің реакциясына бақылау жүргізеді.

161. Сирек жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізуге мынадай түрдегі жергілікті жанама реакциялар бақыланады:

1) аймақтық лимфаденит;

2) тері астындағы салқын абсцесс;

3) үстіңгі беткі жара;

4) тыртық түйін;

5) сүйек жүйесінің зақымдануы (оститтер).

162. Вакцинациялауға жанама реакцияны кешенді клиникалық-рентгендік-зертханалық зерттеп-қарау негізінде фтизиатрлар белгілейді. БЦЖ вакцинасын енгізуге реакцияны анықтағаннан кейін медициналық ұйымның басшысына анықталған жанама реакциялар туралы хабарлайды және 24 сағат ішнде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлама жібереді.

163. Реакцияның сипаты туралы мәліметтер Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес 063/е, 026/е, 112/е есепке алу нысандарында тіркеледі. Реакциясы бар барлық балаларға бақылау картасы толтырылады.

164. Жанама реакциясы бар балаларды бір жыл бойы ДЕ-ның III тобында бақылайды.

165. Баланы есепке алу және есептен шығару кезінде: қанның және несептің жалпы талдауы, кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы, (есептен шығарған кезде) қосымша Манту сынамасы жүргізіледі.

166. Туберкулезге және туберкулиндік диагностиканы (вакцинациялау және БЦЖ қайталап егу) қарсы профилактикалық егуді препараттармен бірге ұсынылған нұсқаулықтарға сәйкес жүргізеді.

167. АИТВ-инфекциясының және басқа да қарсы көрсетімнің клиникалық белгілері болмаған жағдайда АИТВ жұқтырған аналардан туған жаңа туған нәрестелерге күнтізбелік мерзімде бір рет теріішілік БЦЖ вакцинасының стандартты дозасы егіледі.

168. Күнтізбелік мерзімде егілмеген АИТВ жұқтырған аналардан туған жаңа туған нәрестелерге алдын ала Манту сынамасысыз төрт апта ішінде егіледі; төрт апта өткеннен кейін генерализацияланған БЦЖ-инфекциясының даму қаупінің болуынан БЦЖ-ны енгізуге жол берілмейді. Бала он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жасқа жеткенге дейін (АИТВ жұқтыруын растау түпкілікті анықталғанға дейін) вакцинациядан кейін дамымаған белгілері бар (тыртығы) балаларға қайталама БЦЖ вакцинациясы жүргізілмейді. Он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жаста АИТВ-инфекциясы жоққа шығарылған жағдайда БЦЖ екпесі Манту сынамасының теріс нәтижесі болғанда жүргізіледі.

169. АИТВ жұқтырған балалар мен жасөспірімдерді БЦЖ-мен қайта вакцинациялау үдемелі иммун тапшылығының аясында генерализацияланған БЦЖ инфекциясының даму қаупі байланысты жүргізілмейді.

170. Егер бала АИТВ жұқтырған анадан туылған болса, бірақ өзі АИТВ-жұқтырмаған болып табылса, онда БЦЖ-мен қайта вакцинациялау алдын ала қойылған Манту сынамасының теріс нәтижесінен кейін күнтізбелік мерзім – алты жаста (1-сынып) жүргізіледі.

171. Орындалған егу, туберкулин сынамасы туралы мәліметтер (салу күні, препарат атауы, серия нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, енгізуге реакцияның сипаты) егу немесе туберкулин сынамасын жүргізу орны бойынша, сондай-ақ иммунизацияланған адамды (тіркеу орны бойынша медициналық ұйым) медициналық бақылау орны бойынша Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес 063/е, 026/е, және 112/е есепке алу нысандарына енгізіледі.

172. Туберкулезге қарсы егуді және Манту сынамасын тіркеу үшін медициналық құжаттаманың есепке алу нысанына мыналар жатады:

1) профилактикалық егулер картасы, баланың даму тарихы;

2) баланың медициналық картасы;

3) егу паспорты.

173. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету ауданында тұратын он бес (14 жас 11 ай 29 күн) жасқа дейінгі барлық балаларға, сондай-ақ МСАК ұйымдары қызмет көрсететін ауданда орналасқан білім беру ұйымдарына баратын барлық балаларға профилактикалық егулердің есепке алу нысандары жүргізіледі.

174. Туберкулезге қарсы иммундаудан кейінгі жергілікті, жалпы реакцияларды және қолайсыз көрсетімдерді есепке алуды медициналық ұйымдар мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізеді. Иммундауды жүзеге асыратын медициналық ұйымда иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсетімдердің тіркелу фактісі бойынша туберкулезге қарсы қызмет пен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі.

13-тарау. Туберкулез жағдайларын тіркеуге және есепке алуға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
175. Әрбір алғаш анықталған туберкулез жағдайы тіркелуге және есепке алынуға жатады.

176. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, еңбек мигранттары және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар оларда туберкулездің белсенді түрі алғаш анықталған кезде есепке алынуға жатады.

177. Туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу және тіркеу науқастың қазіргі тұратын жері бойынша жүргізіледі.

178. Барлық шоғырлану түріндегі белсенді туберкулез диагнозы өмірінде алғаш рет қойылған әрбір науқасқа Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес № 089/е нысан - хабарлама толтырылады, ол күнтізбелік үш күн ішінде туберкулезге қарсы ұйымдарға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі. Өліміне себеп болған «белсенді туберкулез» диагнозы өлгеннен кейін қойылған жағдайда диагнозды фтизиатр-дәрігердің растауы және № 089/е нысаны берілуі қажет.

179. Бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқас анықталған кезде № 089/е нысанындағы хабарламадан басқа, Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес № 058/е нысан - хабарлама толтырылады, ол жиырма төрт сағат ішінде науқастың тұрғылықты жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі. № 058/е нысанындағы хабарлама бактерия бөлетін туберкулез жағдайын алғаш диагностикалағанда, туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бактерия бөлу пайда болғанда және тірі кезінде есепте тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған жағдайында толтырылады.

180. Туберкулез (сырқаттанушылық, аурушаңдық, өлім-жітім) бойынша эпидемиологиялық көрсетімдерді есептеуді тұрақты, көшіп-қонатын (ішкі және сыртқы) және түрме тұрғындарын есепке ала отырып, халықтың көрсетілген санаттары бойынша бөлек талдау арқылы жүргізеді.

181. Туберкулезбен ауыратын науқастардың барлық өлім-жітім жағдайлары есепке алуға және тіркеуге жатады.

182. Науқаста алғаш рет ауру анықталған кезде туберкулез диагнозының дұрыстығын бақылауды және дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде аталған жердегі туберкулез ауруының жаңа жағдайын есепке алу және тіркеу қажеттілігі туралы соңғы шешімді қабылдауды туберкулезге қарсы ұйымдар жүзеге асырады.



14-тарау. Туберкулез ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
183. Туберкулез ошақтарын жіктеу бактерия бөлу қарқындылығын есепке ала отырып жүргізіледі.

184. Бактерия бөлу қарқындылығы:

1) қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі – ҚТБ) нақты санынан 1+ -ке дейін бірқалыпты бактерия бөлу;

2) көлемді бактерия бөлу (2+ -тен 3+-ке дейін) болып бөлінеді.

185. Туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына:

1) көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;

2) балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, маскүнемдер, нашақорлар бар бірқалыпты бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;

3) санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанарлықсыз, тұрмыс деңгейі төмен ошақтар жатады.

Екінші эпидемиологиялық топқа ошақта санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанарлық болған және ошақта балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, маскүнемдер, нашақорлар болмаған болмаған жағдайда, бірқалыпты бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады.

Үшінші эпидемиологиялық топқа:



  1. туберкулезбен ауыратын науқастардың бактерия бөлуді, жол жүруді, тұрақты тұратын жерін ауыстыруды тоқтатқан сәттен бастап немесе бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болған сәтінен бастап туберкулез ошақтары;

  2. туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары анықталған туберкулез ошақтары жатады.

Туберкулез ошақтарының үшінші тобының байланыста болған адамдары бір жыл бойы бақылауда болады.

186. Туберкулез инфекциясының ошағындағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:

1) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес Инфекциялық бақылау қағидаларын сақтай отырып, туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және стационарлық жағдайда оқшаулау. Амбулаториялық жағдайларда емдеуге эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау жағдайлары болғанда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілгенде жол беріледі;

2) науқас анықталған күннен бастап екі апта мерзімде байланыста болған адамдарды алғашқы зерттеп-қарау (клиникалық - рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, көрсетімдер бойынша жағындының микроскопиясы);

3) байланыста болған адамдарға (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге) көрсетімдер бойынша химиялық профилактика жүргізу;

4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;

5) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау қағидаларына, инфекция жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш шараларына, ағымдық дезинфекция жүргізу қағидаларына санитариялық оқыту.

187. Ошақ науқасты емдеу «Емдеу аяқталды», «Емдеп айықтырылды», «Қайтыс болды» деп аяқталған кезде және науқас ошақтан шығарылған кезде эпидемиологиялық есептен алып тасталады.

188. Байланыста болған адамдар эпидемиологиялық есептен ошақ алып тасталғаннан кейін жыл бойы бақылауда болады. Эпидемиологиялық есептен алыну алдында байланыста болған адамдар зерттеп-қараудан өтеді.

189. Туберкулез ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Ошақтарға ТҚҰ-ның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары бірлесіп:

1) бірінші эпидемиологиялық топқа тоқсанына бір реттен сиретпей;

2) екінші эпидемиологиялық топқа жарты жылда бір реттен сиретпей;

3) үшінші эпидемиологиялық топқа жылына бір реттен сиретпей барады.

190. Туберкулез ошағын бірінші эпидемиологиялық топтан екіншісіне ауыстыруды ошақта оның қауіптілігін азайтатын немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары учаскелік фтизиатрмен бірлесіп жүзеге асырады.

191. Бактерия бөлетін науқастардың санын ТҚҰ-да есепте тұрған бактерия бөлетін науқастардың нақты санымен ай сайын салыстыруды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары ай сайын жүргізеді. Туберкулезге қарсы ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне туберкулезбен алғаш рет ауырғаны анықталған науқастар туралы деректерді ай сайын жібереді және туберкулез бойынша есептілікті салыстырады.

192. Туберкулез ошақтарына әрбір барудың нәтижелері эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасына жазылады.

193. Ошақтағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар алғашқы, ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді.

194. Алғашқы іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулауды және оны даярланған қызметкердің тікелей бақылауымен емдеуді, қорытынды дезинфекция жүргізуді және бақылауды, байланыста болған адамдарды анықтауды және оларды ТҚҰ-ға есепке қоя отырып, зерттеп-қарауды қамтиды.

195. Алғашқы күнтізбелік үш күн ішінде науқасты бактерия бөлуші ретінде есепке алғаннан кейін Кодекстің 144-бабы 6-тармағында бекітілген «Тубекулездің бациллалық түрінің ошағын эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасын» толтыра отырып, ошаққа алғашқы эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізіледі.

196. Ошақты алғаш зерттеп-қараған кезде науқастың және оның отбасы мүшелерінің төлқұжат деректерін, науқастың жұмыс орны мен сипатын, оларды есепке қою үшін байланыста болған адамдардың тізімін нақтылайды. Егер бактерия бөлуші адам соңғы 4 айда басқа жерде тұрған болса, байланыста болған адамдардың тізімі сол мекенжайдағы адамдарды есепке ала отырып нақтыланады. Ошаққа қайта бару халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманының ұйғарымы бойынша жүргізіледі.

197. Халықтың декреттелген топтарының арасында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастардың тіркелуінің әрбір жағдайында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы осы ұйымның фтизиатрымен және медицина қызметкерімен және оның басшысымен бірлесіп акті жасай отырып, науқастың жұмыс (оқу) орны бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді. Қажет болғанда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басқа да мамандары тартылады.

198. МСАК және ТҚҰ желісінің медицина қызметкерлері науқасты және отбасы мүшелерін жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш шараларына оқытады.

199. Ошақты зерттеп-қарағаннан кейін оны сауықтыру жоспарын құрады, ол:

1) науқасты уақтылы оқшаулауды және бақылап емдеуді;

2) көрсетімдер бойынша балалар мен жасөспірімдерге химиялық профилактика жүргізуді;

3) тұрмыстың санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсартуды;

4) байланыста болған адамдарды зерттеп-қарауды;

5) науқастар мен байланыста болған ересектерді эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимді сақтауға, алдымен бөлмелерді желдету, ағымдық дезинфекциялау жүргізуге оқытуды;

6) бактерия бөлуші адамды және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық қолдауды;

7) қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайдағы ошақтар және ошақты сауықтыру үшін қажет етілетін әлеуметтік және материалдық көмек көрсетудің қажеттілігі туралы жергілікті атқарушы билік органдарына хабарлауды қамтиды.

200. Науқасқа «Туберкулезге қарсы ұйым контингентінің диспансерлік картасы» деген медициналық карта толтырады.

201. Ауылдық жерлерде ошақта жұмысты МСАК медицина қызметкерлері жүргізеді.

202. МСАК желісінде ұйымдастыру-консультативтік жұмысты облыстық және аудандық туберкулезге қарсы ұйымдардың мамандары тоқсан сайын жүргізеді.

203. Ошақта ағымдағы іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқас үйде болғанда жүргізіледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), емдеу, ветеринариялық (келісім бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы жүргізуді қамтиды.

204. Ошақта:

1) ағымдағы дезинфекция;

2) балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді және АИТВ жұқтырған адамдарды оқшаулау;

3) байланыста болған адамдарды зерттеп-қарау;

4) науқасты және оның отбасы мүшелерін гигиеналық тәрбиелеу;

5) тұрмыстың санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсарту;

6) науқасты амбулаториялық емдеуді және байланыста болған адамдарға химиялық профилактика жүргізу сапасын бақылау жүргізіледі.

205. Ошақты сауықтыру жұмысын ТҚҰ-ның мейіргері учаскелік фтизиатр-дәрігердің жетекшілігімен жүргізеді.

206. Байланыста болған адамдар туберкулезге қарсы ұйымдарда мерзімдік зерттеп-қараудан өтеді. Мейіргер отбасылық және басқа байланыста болған адамдарды және алдымен балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді, сондай-ақ туберкулезбен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыста болған адамдарды зерттеп-қарау бойынша жұмысты жүргізеді.

207. Туберкулез инфекциясы ошағындағы қорытынды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шара ошақты эпидемиологиялық есептен алуды көздейді.

208. Ошақтарға барған кезде медицина қызметкерлері жұқтыру мүмкіндігіне қарсы сақтандыру шараларын сақтайды (барабар сүзгісі бар тығыз жанасатын респиратор, медициналық халат киеді және жеке гигиенаны сақтайды).

209. Науқас туралы хабар алғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей фтизиатр және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басқа мамандарын тарта отырып, жұмыс (оқу) орнына эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді. Байланыста болған адамдардың ортасын және ошақ шекарасын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы айқындайды.

210. Жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдарға туберкулездің белсенді түрімен ауырған адаммен байланыста болған жұмысшылар, қызметшілер және оқушылар жатады. Барлық байланыста болған адамдарды жұмыс (оқу) орнының орналасқан жері бойынша МСАК ұйымдарында тексереді.

211. Зерттеп-қарау кезінде жұмыс істеушілер, балалар мен жасөспірімдердің тізімдік құрамы, алдыңғы және ағымдағы жылдардағы флюорографиялық зерттеп-қарау күні және нәтижелері нақтыланады, ошақ шекарасы айқындалады және санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

212. Алдыңғы зерттеп-қаралған кезден бастап алты ай өткен байланыста болған адамдарды флюорографиялық зерттеп-қарау және балаларға туберкулин сынамасы эпидкөрсетімдер бойынша жүргізіледі. Фтизиатр көрсетімдер бойынша химиялық-профилактикалық емдеуді тағайындайды, емшара парағы және бақылап емдеуге арналған препараттарды ТҚҰ кәсіпорынның немесе ұйымның медициналық пунктіне береді.

213. Химиялық профилактиканы әр дозасын қабылдауды тікелей бақылауды МСАК желісінің (емхана, медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория, жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі), ұйымдастырылған ұжымдардың (білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, орта оқу орны) және санаторлық типтегі мекемелердің (санаторлық балабақша, санаторлық топ, балалардың туберкулез санаторийі) медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

214. Бактерия бөлетін туберкулез инфекциясы ошақтарындағы бір жасқа дейінгі балаларға БЦЖ вакцинациясынан кейін егуден кейінгі екі ай интервал сақтала отырып, химиялық профилактика жүргізіледі. Химиялық профилактика сонымен қатар 18 жасқа толмаған балаларға жүргізіледі.

215. Химиялық профилактика пациенттің (ата-анасының немесе баланың қамқоршысының) ақпараттандырылған жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Химиялық профилактика туралы деректер амбулаториялық науқастың медициналық картасына (026е, 112е нысанды), ТБ-01 туберкулез жағдайының медициналық картасына енгізіледі, «орындалған емдеуді бақылау парағына» күн сайын тіркеледі.

216. Химиялық профилактика амбулаториялық жағдайда МСАК желісінің медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

217. Химиялық профилактиканың жүргізілу ұзақтығын қарсы көрсетімдерді ескере отырып ТҚҰ айқындайды.

218. АИТВ-инфекциясы бар адамдарға химиялық профилактиканы кешенді клиникалық-рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша белсенді туберкулез анықталмаған жағдайда ғана фтизиатр-дәрігер тағайындайды.
      АИТВ-инфекциясы бар адамдарда химиялық профилактика МСАК және ЖИТС орталықтарының медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

219. КДК/АДК ТА ауыратын науқастармен байланыста болған туберкулез микобактерияларын жұқтырған балалар мен жасөспiрiмдерге химиялық профилактика жүргізілмейді.

220. Химиялық профилактиканы ТҚҰ тағайындайды және мониторингтейді.

221. Білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық зерттеп-қарауды осы ұйымның медицина қызметкері мен оның басшысының қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы мен фтизиатр туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар тіркелген әрбір жағдайда жүргізеді.

222. Зерттеп-қарау кезінде жұмыс істеушілер, балалар мен жасөспірімдердің тізімдік құрамы, туберкулиндік диагностиканың және өткен және ағымдағы жылдардағы флюорографиялық зерттеп-қарау күні мен нәтижелері нақтыланады, ошақ шекарасы айқындалады және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспары әзірленеді.

223. Барлық байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы зерттеп-қарау үшін тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымына және ТҚҰ-ға береді.

224. Соматикалық, инфекциялық және психикалық-неврологиялық стационарларда, мамандандырылған әлеуметтің үйлер және мекемелерде емдеудегі науқастарда туберкулездің белсенді түрінің диагнозы қойылғанда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың алғашқы кешенін осы ұйымның персоналы жүзеге асырады.

225. Амбулаториялық емдеу ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінде, МСАК ұйымдарында немесе стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында жүргізіледі. Амбулаториялық емдеу бактерия бөлмейтін науқастарға жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емдеу жүргізу тәртібі туберкулезбен ауыратын науқастың ТБ-01 амбулаториялық және медициналық картасында толық көрсетіледі.

226. ТҚҰ немесе МСАК-қа амбулаториялық емдеуге жіберген кезде Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес ТБ01 немесе IV санатты ТБ01 картасы беріледі.

227. Туберкулезге қарсы ұйымдар туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу кезінде жағынды микроскопиясын және қақырықты өсірінділеп зерттеуді жүргізеді: I санаттағы науқастарды емдеу кезінде 2,3,4-айдан соң; II санат бойынша 3,4,5-айдан соң, қарқынды фазадағы IV санат бойынша – ай сайын, демеуші фазасында – тоқсан сайын.

228. Диспансерлік есепке алу (бұдан әрі - ДЕ) және бақылау мына топтар бойынша жүзеге асырылады:

1) нөлдік топ (0) – белсенділігі күмәнді туберкулезбен ауыратын адамдар;

2) бірінші топ (I) – белсенді туберкулезбен ауыратын адамдар;

3) екінші топ (II) – белсенді емес туберкулезбен ауыратын адамдар;

4) үшінші топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдар.

229. (0) топта төмендегілер бақыланады:

1) МСАК ұйымдарында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулез ауруының белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күдік туғызатын адамдар;

2) ТҚҰ диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап анықтауды және ауруды ажыратып, анықтауды талап ететiн балалар. 

0 топта бақыланатын адамдарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру және басқа да зерттеу әдістері, туберкулинмен диагноз қоюды қоса жүргiзiледi (2 ТБ Манту сынамасы оң нәтижелі болған балаларда РТА-мен сынама жүргізіледі). Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділігі басқа клиникалық-зертханалық әдістерімен дәлелденеді.

«0» топтағы адамдарға туберкулезге қарсы препараттарды пайдалануға жол берілмейді. Бақылау мерзімі – 4 ай. Белсенді туберкулез анықталған кезде науқас «I» топқа ауыстырылады. Туберкулин сынамасы сипатының инфекциялық этиологиясы белгіленген жағдайда бала «III Б» тобына ауыстырылады.

230. «I» топта бактерия бөлетін және бактерия бөлмейтін кез келген шоғырланудағы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды бақылайды.

1) I A - ТБ алғаш рет шалдыққандар (I санат);

2) I Б - ТБ қайталанған жағдайлары (II санат);

3) I В – дәрігерге көнбейтін ТБ ( IV санат) жағдайлар;

4) I Г-науқастар:

«емнің сәтсіздігімен» аяқталған екінші және/немесе үшінші қатардағы ТҚП емдеу курсын аяқтағандар;

ТҚП толық көнбейтіндігінің нәтижесінде «емнің сәтсіздігі» емінің аяқталуы бар бактерия бөлінетін науқастар.

ОДКК бактерия бөлінудің тоқтауы туралы қорытындысынан кейін науқас бактерия бөлуші ретінде эпидемиологиялық есептен алынады.

IА, IБ және IВ топтарында бақыланатын науқастарға санаттарына сәйкес стандартты кестелер бойынша ем жүргiзiледi. Туберкулезге шалдыққан науқастарды диспансерлік бақылау (топтардың сипаттамасы, бақылау мерзімі, қажетті шаралар мен нәтижелері) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚП ем жүргізілмейді. Көрсеткіштеріге сәйкес симптоматикалық (патогенетикалық) ем, коллапсотерапия мен хирургиялық ем әдiстерiн қоса қолданылады.

231. «II» топта емдеу курсы сәтті аяқталғаннан кейін белсенді емес туберкулез процесі бар адамдарды бақылайды.

Туберкулез процесінің рецидиві туындаған кезде науқас алдыңғы емдеу эпизодына қарамастан I Б немесе I В ДЕ тобына ауыстырылады.

232. «III» топта туберкулезбен сырқаттану қаупі жоғары адамдарды бақылайды және мынадай кіші топтарға бөлінеді:

III А:


1) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастармен байланыстағы адамдар;

2) туберкулезден өлім-жітім болған бұрын белгісіз ошақтардағы адамдар;

III Б: балалар, «туберкулез микобактериясын жұқтырған алғаш рет анықталған»;

III В: БЦЖ вакцинасын енгізуге жанама реакциялары бар балалар.

233. Туберкулезге шалдыққан науқастардың нақты тұратын мекенжайы, оқу орны, әскери қызметін өтеу орны, түзету мекемесiнде болуы ескеріле отырып, ТҚҰ есепке және диспансерлік бақылауға алынады (тұрақты тіркелген мекенжайына қатыссыз).

234. Науқастың мекенжайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекенжайы бойынша бақылайтын фтизиатр дәрігер науқасты күнтізбелік 10 күнтізбелік күн iшiнде ДЕ тіркейді.

235. Науқас 1 жыл бойы диспансерлік бақылаудан қол үзген болса және де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары берген науқасты іздестіру сәтсіз болды деген құжаттар негізінде ТҚҰ диспансерлік бақылаудан шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет