Қазақстан Transparency International қорының сыбайлас жемқорлықты индексі бойынша 180 елдің ішінен 92-ші орынды иеленді және 100-ден 39 балл жинады, өткен жылы біз 101-ші орында болған едік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Transparency International сарапшылары Қазақстанның көрсеткішін жақсартуы азаматтық қоғамның еңбегі деп жазды.

"Ең алдымен, сыбайлас жемқорлық индексін бағалау бүкіл елге, қоғамға қатысты, ал мемлекеттік аппарат оның бір бөлігі ғана екенін түсіну керек. Өткен жылы біз мемлекеттік органдардың біршама ілгерілеуін көрдік және бұл өзгерістер Қазақстанда азаматтық қоғам ояна бастағанын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алуға бүкіл қоғам болып кірісуіміз керек. Әсіресе мұнай секторында біз балаларымыздың болашағы үшін одан әрі оң динамиканы көре алатынымызға сенімдімін", — дейді Transparency International қорының Қазақстандағы төрағасы Айдар Егеубаев.

Сондай-ақ сарапшылар табыстармен қатар Қазақстан көп проблемаға тап болып отырғанын атап өтті: ашықтық пен есептіліктің болмауы, саяси элиталардың ықпалы әлі де елдің экономикаcының дамуына кедергі келтіріп жатыр.

Қазақстан Үндістан, Лесото және Туниспен қатар тұр. Индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін көрсетеді, ол сарапшылардың деректері мен қоғамдық пікір сауалнамалары бойынша жасалады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.