Информационное сообщение



Дата05.01.2018
өлшемі45.94 Kb.
#13015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 14 сәуір күні (Астана уақытымен) сағат 12.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында облыстық коммуналдық мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционын өткізеді.

Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық аукционға төмендегі облыстық коммуналдық мүлік қойылады:




Жекешелендіру объектісі

Мекенжайы

Алғашқы баға, теңге

Бастапқы баға, теңге

Кепілдік жарна (алғашқы бағаның 15%), теңге

1

«Ақжайық» шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 12,245% қатысу үлесі

БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық а.о., Ақжайық шипажайы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 1 ғим.

56 009 375

56 009 375

8 401 407

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна бірыңғай оператордың шотына төленеді:

«Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ;

БИН 050540004455,

ИИК KZ529261501102032004,

БИК KZKOKZKX,

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ,

КНП 171,

Кбе 16.


Аукционға қатысу үшін төменде көрсетілген деректерді енгізе отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (БИН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ (ЭЦП) қойылған нысаны бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион нәтижелерi туралы электронды хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы және жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейiн жиырма төрт сағат iшiнде тiзiлiмнiң веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нәтижелерi туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерiн және жеңiмпазбен сатушының жекешелендiру объектiсiн сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.



Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде келесі көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатттар.

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттар.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі.



Сауда-саттықты ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны: БҚО, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі, 45, 312 кабинет, 8 (7112) 50 50 65, 24 00 76.

Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың есеп шотына кепілді жарнаның аукцион басталған уақытына дейін екі сағатқа дейін түспеген жағдайында, сонымен қатар, тіркеу бойынша талаптарды қатысушылар орындамаған жағдайда, өтініштерді қабылдау тізілімнің веб-порталы бас тарту үшін негіз болып табылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (7112) 50 50 65, 24 00 76 телефондары арқылы алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет