Информационное сообщение



жүктеу 37.28 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі37.28 Kb.

«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша тендер өткізеді
Тендер 2018 жылы 29 мамырында сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

Арқалық қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

«Тазарту-Арқалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталында 25% мемлекеттік қатысудың үлесі тендерге шығарылады, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Полевой тұйық көшесі, 21-үй, тел. 87143049024. Бастапқы баға – 11 900 500 теңге, кепілдік жарна – 3 570 150 теңге.

Тендердің шарты: қызмет бейінінің 5 (бес) жыл бойы сақтау.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарландыруда көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауданың өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталуына екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тендерге қатысу үшін:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail), көрсете отырып тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын тіркейді.

Тендерді өткізу тәртібі:

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі (толығырақ www.gosreestr.kz).

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455, КБе 16, төлем коды 171, «Казкоммерцбанк» АҚ-дағы № KZ529261501102032004 шотына, БСК KZКОKZКХ және «Банк Астаны» АҚ-дағы № KZ914500339860000351 шотына, БСК ASFBKZKA.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және аукционның басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Сауда Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.



Қосымша ақпаратты 8(71430) 70192 телефон бойынша және www.arkalyk-kostanay.kz сайтында алуыңызға болады.

www.gosreestr.kz веб-порталын техникалық жәрдемінің телефоны: 8(7142) 501-887.
Каталог: ekonomika-i-byudzhet -> privatizatsiya
ekonomika-i-byudzhet -> «Арқалық қаласының 2016 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №278 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ekonomika-i-byudzhet -> Отчет о реализации Программы развития территорий города Аркалыка Костанайской области на 2011-2015 годы
ekonomika-i-byudzhet -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ekonomika-i-byudzhet -> Қала әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы №7 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ekonomika-i-byudzhet -> «Арқалық қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 шешімін іске асыру туралы
ekonomika-i-byudzhet -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ekonomika-i-byudzhet -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет