Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады.

“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін атқару уақытша Роман Васильевич Склярға жүктелсін”, делінген құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.