Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ташкенттегі Grand Slam турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. 60 келіде белдесетін балуан кубалық Харон Джонатанды “иппонмен” ұтты. Осылай Сметов олимпиадаға ұпай түгендейтін маңызды доданы жарқын жеңіспен бастады. Енді отандасымыз екінші айналымда француз балуаны Ромен Пикармен кездеседі.

Айта кетейік, Ташкенттегі Grand Slam турниріне әлемнің 68 елінен, 495 балуан қатысып жатыр. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.